12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ортақ мүлікті бөлу бойынша қаралатын азаматтық істерден туындайтын сұрақтар, оның ерекшеліктері

      Ағымдағы заң талаптарына сай, ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіне құқық некеде тұрған кезеңінде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi себептермен жеке табысы болмаған жұбайға да тиесiлi болып саналады.  Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-зайыптылардың екеуінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылуы қажет.

      Некеге тұрғанға дейiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi болған мүлiк; ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезеңiнде мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге де өтеусіз мәмiлелер бойынша сыйға алған мүлкi; некеде тұрған кезеңінде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, жеке пайдаланатын заттары ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi болып табылады.

      Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң талап етуі бойынша некеде тұрған кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де , сондай-ақ кредит берушi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы талабын мәлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi олардың келiсiмi бойынша ерлi-зайыптылар арасында бөлiнуi мүмкiн.

         Дау туған жағдайда, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау медиация тәртібімен немесе сот тәртiбiмен жүргiзiледi.

         Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 27-бабының 3-бөлігінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары басқа талаптармен қатар, кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу туралы дауларды да қарайды.  

         Ал жастары кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы талаптар жауапкердің тұрғылықты жері бойынша немесе жылжымайтын мүлкі орналасқан жердеге соттарды қаралады.  

Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлiктің берiлуге жататынын айқындайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы өндірілуге жатады.  

          Ерлі-зайыптылар некеде тұрған уақытта кәмелетке толмаған балаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшiн сатып алынған заттар бөлінуге жатпайды және балалары өзімен бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз берiледi. Мұндай заттарға балалардың киiм-кешектері, мектеп және спорт жаттығуларына қажетті құралдары, балаларға арнайы сатып алынған музыкалық аспаптар, балалардың кiтапханасы, балалардың киімдерін қоятын шкафтар, кітаптары мен басқа да оқу құралдарын қоятын сөрелер, балалардың сабақ оқитын столдары мен орындықтары, балаларға сабаққа дайындалу үшін алынған комьпютер құрылғылары, басқа да заттарды жатқызуға болады. 

      Ерлi-зайыптылар өздерiнiң кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi есебiнен салған салымдары сол балаларға тиесiлi болып есептеледi және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлген кезде есепке алынбайды.

          Егер ерлі-зайыптылардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу және осы мүлiктегi үлестерiн айқындау кезiнде ерлi-зайыптылардың әрқайсысының үлесi тең деп танылады.

      Бірақ сот істі қарау барысында кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн негiзге ала отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеуге құқығы бар. 

Тәжірибеде жастары кәмелетке толмаған балалары өзімен бірге тұратын ерлі-зайыптылардың біреуі сотқа ортақ мүлікті бөлу туралы талаппен жүгінген жағдайда, тек балаларының өзімен бірге тұратынын негіздей отыра, соттан ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлестерiнiң теңдiгiнен жылжып, балалардың үлесін ескеріп, талап қоюшының үлесін жауапкерден көбірек анықтауды сұрап жатады. Бұндай талаптарды қарау барысында сот баласымен бірге тұратын ерлі-зайыптылардың біреуі сол балаларды асырап-бағуға екінші тараптан алимент алатынын ескеріп, бұл мән-жайлар үлестердің теңдігі қағидасынан жылжуға негіз жоқ деп танып жатады және ерекше жағдайлрда ғана теңдік қағидасынан жылжыйды.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу барысында, бөлінуге жататын мүліктің құны туралы тараптардың арпасында дау болған жағдайда, сот бөлiнетiн мүлiктiң құнын сарапшылардың, оның iшiнде мүлiктi бағалау жөнiндегi мемлекеттiк органның қорытындысы негiзiнде анықтайды.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 610-бабының 1-бөлігінің 1)-тармағында мүліктік сипаттағы талап қоюлардан жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының бір пайызыкөлемінде мемлекеттік баж төленетіні көрсетілген.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы талап арызбен сотқа жүгіну үшін, ең алдымен бөлінуге жататын мүліктің тізімін және құнын анықтап, соттың орналасқан жері бойынша салық органына мүліктің құнынан бір пайыз көлемінде мемлекеттік баж соммасын төлеп, оны растайтын түбіртекті басқа құжаттармен бірге талап арызға тіркеу қажет. Себебі мемлекеттік баж төленбеген талап арыз соттың өндірісіне қабылданбайды.

Сондықтан ерлі-зайыптылар некеде тұрған уақытта алған ортақ мүлікті бөлу туралы талаппен сотқа жүгінер алдында жоғарыда көрсетілген заң талаптарын ескергені жөн.

         Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлмира Асқарқызы Әлімқұлова.

ПОПЫТКА ЗАЩИТЫ ИНВАЛИДА ПРЕВРАТИЛАСЬ В ПЫТКИ

       В сентября прошлого года  26 летняя жительница Алматы пресекавшая незаконные...

Дертпен күресу

Бұл арада менің денсаулықтың ақаулығына айналған дертпен күресті тұмшалап...

Министр юстиции: поправки затрагивают более 80% Конституции и формируют основу для новой редакции Основного закона

На пятом заседании Конституционной комиссии Министр юстиции Республики Казахстан...

Әділет министрі: түзетулер Конституцияның 80%-дан астамын қамтиды жәнеАта заңның жаңа редакциясының негізін қалыптастырады

Конституциялық комиссияның бесінші отырысында Қазақстан РеспубликасыныңӘділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституциялық үлгіні кешенді жаңарту қажеттігінатап өтіп, елдің Ата Заңына түзетулер енгізу бойынша түйінді ұсыныстар жасады. Ол азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін, соның ішінде кінәсіздікпрезумпциясы, бір құқық бұзушылық үшін қайта жауапқа тартудың мүмкін еместігін жәнеөзінің кінәсіздігін дәлелдеуден босату қағидаттарын күшейтуге бағытталған 16-1-баптыңжаңа редакциясының маңыздылығын атап өтті. «Конституция ең жоғары заңдық күшке ие. Ең алдымен, азаматтың негізгі құқықтарымен бостандықтарын бекітіп, олардың кепілдіктерін белгілеуі тиіс», – деді Сәрсембаев. Сонымен қатар, министр түзетулер қолданыстағы Конституция мәтінінің 80%-данастамын қамтитындықтан, Ата заңның жаңа редакциясын қабылдауды талап ететінін...

Кардинально изменится конституционный строй, расширятся права и участие граждан

Необходимость принятия новой Конституции Республики Казахстан обсуждалась на пятом...