Мұрат Әбенов: Бір азаматтың сөз еркіндігі басқа адамның құқығын бұзбау керек

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ата Заңдағы сөз еркіндігі мәселесі комиссияда қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сөз еркіндігі, ой еркіндігі Конституцияда бар. Ол қалады. Цензура шектеледі. Дегенмен қазір әртүрлі жағдайды байқап отырмыз. Әсіресе интернет арқылы азаматтар басқа азаматтар туралы кейбір кезде жалған, кейде намысына тиетін ақпарат тарату жағдайлары бар. Соның алдын алу үшін еуропалық тәжірибелерді де қарастырдық. Ол жерлерде де сөз бостандығы ой бостандығымен бірдей. Бірақ адамның өз еркі, өзінің сөз бостандығы басқа адамдарға зиян тигізбеу керек, — деді депутат.

Әбенов Конституцияда осы мәселенің ара жігі нақтыланатынын жеткізді. Ол сондай-ақ шығармашылық еркіндік, инновациялық, ғылыми зерттеулер еркіндігі де Конституцияда қалатынын атады.

Бұрын біз тек қана жер, шикізат мәселесін айтатын едік. Жаңа Конституция бойынша біздің мемлекеттің алдағы уақытта дамуы осы шығармашылық, сөз еркіндігіне байланысты. Конституцияға сәйкес, преамбуладан бастап шығармашылық және ғылыми еркіндік біздің қоғам дамуының негізгі бағыты деп белгіленеді, — деді Мәжіліс депутаты.

Создаются «Команды развития села»

КАЗАХСТАНСКОЕ СЕЛО ДОЛГОЕ ВРЕМЯ ОСТАВАЛОСЬ МЕСТОМ, ГДЕ ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОМОЩЬ...

В поддержку людей с особыми потребностями 

С 1 ЯНВАРЯ 2025 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕНО ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ...

Искусственный интеллект и новые формы мошенничества

РАЗВИТИЕ ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ, КОТОРОЕ СУЩЕСТВЕННО РАСШИРИЛО ВОЗМОЖНОСТИ КОММУНИКАЦИИ, ПОЛУЧЕНИЯ...

О безопасности и правах стражей порядка

ЗА КАЖДЫМ ТРЕБОВАНИЕМ ПОЛИЦЕЙСКОГО ОСТАНОВИТЬ АВТОМОБИЛЬ, ПРЕКРАТИТЬ ДРАКУ ИЛИ...

Қазақ тілі қандай тіл?

Ана тіліміздің жанашыры А.Байтұрсынұлының: «Қазақ тілі – ең жетілген,...