12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Интернет алаяқтық-заманның өзекті мәселесі және қылмыстық-құқықтық салдары

Қазіргі таңда интернет адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Онлайн сауда, банк қызметтері, мемлекеттік порталдар мен әлеуметтік желілер күнделікті тұрмысымызды жеңілдеткенімен, сонымен қатар жаңа қауіп-қатерлерді де алып келді. Солардың бірі – интернет алаяқтық.

         Интернет алаяқтар азаматтардың сенімін пайдаланып, түрлі айла-тәсілдер арқылы қаржылай және жеке деректеріне қол жеткізеді. Олар жалған хабарландырулар, арзан тауар ұсыну, банк қызметкері немесе құқық қорғау органы атынан қоңырау шалу, жалған сайттар мен сілтемелер жіберу сияқты тәсілдерді жиі қолданады. Соның салдарынан көптеген адамдар ақшасынан айырылып, психологиялық күйзеліске ұшырап жатады.

         Бұл мәселенің өзектілігі жыл сайын артып келеді. Себебі, интернет пайдаланушылар саны көбейіп, цифрлық қызметтер кеңінен қолданысқа еніп жатыр. Әсіресе қаржылық сауаттылығы төмен азаматтар мен егде жастағы адамдар алаяқтардың құрбанына жиі айналады.

Яғни, цифрландыру дәуірінде интернет азаматтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа қылмыс түрлерінің пайда болуына да жол ашты. Бұл қылмыс қоғамға елеулі материалдық және моральдық зиян келтіріп, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.

Интернет алаяқтық-ақпараттық коммуникациялық желілерді пайдалану арқылы алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін немесе мүліктік құқықтарын иелену. Ол әлеуметтік желілер, мессенджерлер, интернет-дүкендер, жалған сайттар, фишинг сілтемелер, онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады.

Интернет алаяқтықтың негізгі белгілеріне:

1.Жалған ақпарат тарату;

2.Жалған аккаунттар мен сайттарды пайдалану;

3.Жәбірленушінің сеніміне кіру;

4.Қаржылай пайда табу мақсатына жатады.

Интернет алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік: ҚР ҚК-не сәйкес интернет алаяқтық 190-бап – «Алаяқтық» бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Бұл бапта алаяқтықтың жасалу тәсіліне, келтірілген залалдың мөлшеріне және қылмыстың ауырлығына қарай түрлі жаза түрлері көзделген.

Атап айтсақ,  интернет алаяқтық жасаған тұлғаға мынадай қылмыстық-құқықтық салдарлар қолданылуы мүмкін:

1.Айыппұл салу;

2.Түзету немесе қоғамдық жұмыстарға тарту;

3.Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

4.Бас бостандығынан шектеу;

5.Ауыр жағдайларда 2 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Егер қылмыс:

1.Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2.Бірнеше рет;

3.Ірі немесе аса ірі мөлшерде;

4.Қызмет бабын пайдалану арқылы жасалса, жаза қатаңдатылады.

Интернет алаяқтық үшін сотталған адам:

1.Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды өтеуге;

2.Соттылық салдарын көтеруге;

3.Банктік операциялар мен белгілі бір қызмет түрлеріне қойылған шектеулерге;

4.Мүлікті тәркілеуге тап болуы мүмкін;

Бұл салдарлар азаматтың болашақта жұмысқа орналасуына, мемлекеттік қызмет атқаруына және іскерлік беделіне кері әсер етеді.

Қорытындылай келсек:

Интернет алаяқтық – қоғам үшін қауіпті қылмыс түрі. Ол «виртуалды ортада жасалды» деп жеңіл қаралмайды. Керісінше, электрондық іздер, хат алмасулар, банк аударымдары және цифрлық деректер арқылы қылмысты дәлелдеу  мүмкіндігі жоғары. Сондықтан әрбір азамат интернет кеңістігінде сақ болып, өз деректері мен қаржылық қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Қызылорда облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының төрағасы Сабыров А.А.

Сот кабинеті туралы

Қазіргі қоғамда цифрлық технологиялар өміріміздің барлық саласына еніп, мемлекеттік...

Болашақты жобалау: Almaty TV-дегі «Архитектор» бағдарламасының жаңа шығарылымы

Алматыдағы тарихи ғимараттарды қайта жаңарту мәселесі әрдайым қоғамда екіұдай...

Мемлекеттік тіл мәртебесі

Тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн реттейтін «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы»...

Елімізде, қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету

Құжат қоғамда құқықтық мәдениет деңгейін нығайтуға және азаматтардың заңдарды...

«Барыс» демалыс орталығының тәрбиеленушісі ASKHATOV OPEN турнирінің күміс жүлдегері атанды

«Барыс» демалыс орталығының тәрбиеленушісі Избакиев Тимур жасөспірімдер арасындағы ASKHATOV...