Мемлекеттік тіл – әділетті қоғамның негізі

Мемлекеттік тіл – ұлттың рухани тірегі, елді біріктіретін басты құндылықтардың бірі. Ол тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің құқықтық, саяси және әлеуметтік жүйесінің ажырамас бөлігі. Әсіресе сот саласында мемлекеттік тілдің маңызы айрықша, себебі әділдік пен заң үстемдігі ең алдымен түсінікті тіл арқылы жүзеге асады.

Сот төрелігі халыққа қызмет етуі тиіс. Ал халыққа қызмет етудің басты шарттарының бірі – азаматтың өз ісі бойынша қабылданған шешімді толық әрі дұрыс түсінуі. Сот процесінің мемлекеттік тілде жүргізілуі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген сенімін нығайтады. Тілдік кедергі болмаған жерде әділ шешімге деген құрмет те жоғары болады.

Мемлекеттік тілде іс жүргізу – сот қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Құжаттар, шешімдер мен қаулылар ана тілінде рәсімделгенде, сот жүйесі халыққа жақындай түседі. Бұл өз кезегінде құқықтық мәдениеттің қалыптасуына оң әсер етеді. Сот саласында қызмет ететін әрбір маманның мемлекеттік тілді жетік меңгеруі – кәсіби міндет қана емес, азаматтық жауапкершілік.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – стратегиялық маңызы бар мәселе. Сот жүйесінде бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Дегенмен, мемлекеттік тілдің толыққанды қызмет етуі тек заң талаптарымен шектелмей, ішкі сенім мен тілге деген құрметке негізделуі қажет. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет.
Мемлекеттік тілдің сот саласында орнығуы құқықтық мемлекетті нығайтып, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықтың кепілі бола алады. Заң халыққа түсінікті тілде сөйлегенде ғана әділет өз мәнін табады. Сондықтан мемлекеттік тілді дамыту – бұл тек тіл саясаты емес, ел болашағына бағытталған ортақ міндет.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы Мамраймова Ж.М.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...