Құқықтық мәдениеті дамыту қажет

Жаңа Қазақстанды дамытуда заңгерлердің атқаратын қызметі  зор. Осы орайда азаматтық парызымызды өтеуде әрі жұмысымызға байланысты түйген ойымызды  дер кезінде жариялап, тиісті орындар мен жалпы оқырманға жеткізу үшін  мерзімдік басылымдар қызметіне жүгінеміз. Сөз реті келгенде айтып өтсем,  төл басылымымыз болғандықтан бұқаралық ақпарат құралдарының арасынан республикалық «Заң газетін» асыға күтеміз. Себебі, осы басылымда жарияланған мақалаларымыз арқылы да жұмысымыз бағаланады. Тұрақты оқырманы болғандықтан құқықтық мәдениетімізді дамытуда осы газеттен және саитынан  көп дүниені оқып, білеміз.

Негізі заңды білу, сыйлау, құрметтеуден тұратын құқықтық мәдениеттің бір тармағы  Қазақстан Республикасының  «Медиация туралы» заңы арқылы өлшенеді. Біле-білсек, бұл заман ағымына, уақыт талабына сай қоғамға енгізілген заңнаманың бір жемісі болып та саналады.

 Қарапайым тілмен айтқанда медиация дегеніміз, бітімгершіліктің заманауи атауы. Сондықтан   тараптар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, заңнама талабына сәйкес  жүргізудің  қағидаттары мен рәсімдерін  медиаторлар заңды  мәртебесіне сай  айқындайды. Әлбетте, негізгі ұстанымы — екі жақты ортақ мәмілеге келтіру. Жоғарыда аталған  заңның да басты мақсаты болып табылады. Нәтижесінде адами құндылықтар айтылып, түсіндіріліп екі жақ та ризашылықпен тарасады.  Кезінде билеріміз бір ауыз  ел мен елді бітімге келтіріп татулықты сақтаған ғой. Бүгінгі қоғамда біртіндеп  назар аударыла бастаған  саланың бірі медиаторлар жұмысы. Негізі медиатор екі жаққа да медиацияның рөлі және оның құқықтық әсерлері жөнінде толық мәлімет беруге міндетті. Қос тараптың да құқығы бірдей екенін және олардың бір-біріне сыйластықпен қарауы керектігін ұғындыра білген медиатор елге танылып, құрметіне бөленеді.

Азаматтарға  ескерте кететін бір құндылық —  сот ғимаратының күту залдарында және интернет желісінде медиация туралы түсінік беретін  банерлер толыққанды ақпаратпен қамтылған. Онда  бітімгершілікті заңдастыратын бірден-бір жол медиация екені егжей-тегжейлі түсіндірілген.

Қорыта айтқанда, тараптар  Заңнан ауытқымау міндет екенін ұғады.

 Саят Баймуханов, Алакөл ауданының №2 аудандық соты  сот отырысының хатшысы

Сотқа дейінгі татуластыру рәсімдері

Сотқа дейінгі татуластыру – дауды сотқа жеткізбей, тараптардың өзара...

Қоғамдық тәртіпке қарсы әкімшілік құқық бұзушылықтар

Қоғамдық тәртіп – қоғамдағы адамдардың тыныш әрі қауіпсіз өмір...

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің функцияларының...

Мемлекеттік қызметке іріктеу: жаңа мүмкіндіктер мен ашық жүйе

Мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесі жыл сайын жетілдіріліп келеді. Осы...