Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге сәйкес тұрақты өткізіліп отырады.

Мәселен жыл басынан бері полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов 20-дан астам жеке қабылдау өткізіп, 110 азаматты қабылдады. Ал орынбасарлары 450-ден астам азаматтың мәселесіне ден қойды. Қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлім басшылары 426 қабылдау өткізіп, 900-ден астам азаматтың арыз-шағымына назар аударды.
Сонымен қатар Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов ағымдағы жылды қорытындылап, азаматтармен соңғы жеке қабылдау өткізді. Полиция басшылығының жеке қабылдауына құқықтық даулар мен қылмыстық істерді тергеу, алаяқтық қылмысы, кадр мәселелері бойынша тұрғындар қатысты. Әрбір келуші өз жағдайын баяндауға және оны шешу бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік алды.
Азаматтардың барлық өтініштерін департамент басшылығы жеке бақылауына алды. Қабылдауға қатысқан азаматтар әрбір мәселеге мұқият қарағаны үшін поилцияға алғыстарын білдірді.


Жеке қабылдау — тұрғындардың нақты мәселелерін анықтап, тез арада мәселенің жауабын шешуге мүмкіндік береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...