Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп, әділдік пен заң үстемдігін ту еткен ардақты зейнеткер судья Тажина Аягоз Даулетбаевна өзінің 65 жас мерейтойын атап өтуде.

Аягоз Даулетбаевна 1960 жылы 26 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Заң саласындағы кәсіби жолын ерте бастап, 1978-1984 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдап, жоғары заңгерлік білім алған.

  Еңбек жолын кадр бөлімінің инспекторы қызметінен бастаған ол, кейіннен заң саласының барлық сатыларынан өтіп, адвокатура, сот жүйесінде табанды еңбек етті. 1991 жылдан бастап судьялық қызметке тағайындалып, Ағадыр аудандық сотының халық судьясы, одан кейін Шет аудандық сотының судьясы,Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты құрылған күннен бастап қызметін абыроймен атқарды.

  28 жылдан астам судьялық тәжірибесі, 40 жылға жуық жалпы еңбек өтілі- Аягоз Даулетбаеваның кәсіби біліктілігі мен адалдығының айқын дәлелі. Ол әрдайым заң талаптарын қатаң сақтап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда әділ шешімдер қабылдап, әріптестері мен қоғам арасында зор құрметке ие болды.

  Мемлекет пен сот жүйесі оның еңбегін жоғары бағалады. Аягоз Даулетбаевна «Мінсіз қызметі үшін» 3 дәрежелі медалімен, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы мен Жоғарғы Соттың Құрмет грамоталарымен, «Үш би» құрмет белгісімен және бірқатар алғыс хаттармен марапатталған.

  65 жылдық мерейтой- бұл тек жас межесі ғана емес, мағыналы ғұмырдың, әділ қызметтің, мол тәжірибенің символы.Аягоз Даулетбаевна- жас заңгерлерге үлгі, сот жүйесінің абыройын асқақтатқан тұлға.

  Осы айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасы амандығын, ұзақ ғұмыр және еңбегінің жемісін көруін тілейміз!

                                                           Қарағанды облысының мамандандырылған   

                                                        ауданаралық экономикалық сотының ұжымы

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...

Оразымбет Оспанұлы: Мемлекеттік көмек шын мұқтажға ғана берілуі керек

Қайырымдылықпен айналысатын таныс кісі бар. Әкімдікпен, қалталы азаматтармен бірлесіп,...

Тренерам детских спортшкол Казахстана предусмотрели доплату 30%: что меняется в системе детского спорта

В Казахстане меняется система финансирования детско-юношеского спорта. Одним из...

Жетісу медицинасының кадрлық әлеуетін қалыптастырған колледжге – 90 жыл

Бүгін Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Талдықорған...