12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қоғамдық көңіл-күй мен бұқаралық саясатты бағалау мәселелері бойынша онлайн-брифинг өтті

Еуразиялық интеграция институты (ЕИИ) 2025 жылдың қорытындысын шығару контекстінде қоғамдық көңіл-күй мен бұқаралық саясатты бағалау мәселелері бойынша онлайн-брифинг өткізді.

Зерттеу 2025 жылғы 1-10 қараша аралығында жүргізілді, оның аясында елдегі қоғамдық-саяси күн тәртібіне қызығушылық және медиа тұтыну арналары, ақпарат көздеріне деген сенім деңгейі, қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайды бағалау, Мемлекет басшысы жұмысының рейтингі және бағалануы, сондай-ақ саяси партиялардың танымалдылығы сияқты бірнеше бағыттар талданды.

17 облыста және үш республикалық маңызы бар қалада (қалалық және ауылдық жерлерде) 18 жастан асқан 1 467 респонденттен сұхбат алынды. Зерттеу әдісі-респонденттердің тұрғылықты жері бойынша қатаң ресімделген сауалнама (face-to-face) негізінде жеке сұхбат түріндегі жаппай сауалнама.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Мемлекет басшысының қызметіне жоғары баға берілген. Осылайша, респонденттердің 78,5%-і Президенттің соңғы үш айдағы жұмысын тиімді деп атады. 71,5%-і Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақын арада елдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндігінің бар екенін атап өтті. Келесі жексенбіде президенттік сайлауды өткізу кезінде оның кандидатурасына сауалнамаға қатысқандардың 77,3%-і дауыс берер еді, бұл электоралды қолдаудың тұрақты жоғары деңгейін көрсетеді.

Сонымен қатар, қоғамдық-саяси күн тәртібіне тұрақты қызығушылық тіркелді. Сауалнамаға қатысқандардың 52%-і елдегі саяси және экономикалық жағдай туралы ақпаратты үнемі бақылап отырады.

Негізгі оқиғалар туралы ақпарат алу үшін азаматтар көбінесе теледидарды (52,7%) және Instagram әлеуметтік желісін (51,2%) пайдаланады. Одан кейін TikTok (39,7%), WhatsApp (33,5%), интернет-ресурстар мен ақпараттық агенттіктер (29,7%) және YouTube (26,7%).

Медиа тұтыну құрылымында тұлғааралық байланыс айтарлықтай орын алады. Елімізде не болып жатқаны туралы респонденттердің 19,4%-і отбасы мүшелері мен туыстарынан, 18,7%-і достарынан, әріптестерінен және көршілерінен біледі.

Ақпарат алудың негізгі көздеріне деген сенім деңгейі бөлек бағаланды. Мәселен, мемлекеттік республикалық телеарналар сенімнің ең жоғары деңгейіне ие (41,8%). Содан кейін Instagram (28,9%), республикалық қамтуы бар жеке телеарналар (27,5%) және мемлекеттік органдардың ресми сайттары (24,8%) айтылады. Цифрлық платформалардың ішінде респонденттер YouTube (20,9%) және TikTok-ты (18%)  жиі атап өтеді. Сауалнамаға қатысқандардың 14,9%-і интернет-ресурстарға сенеді. Респонденттер бірнеше жауап нұсқаларын таңдау мүмкіндігіне ие болғандықтан, жауаптардың жиынтық көрсеткіші 100%-ке тең емес екенін атап кеткен жөн.

Бұл сандар гибридті медиа тұтыну моделін қалыптастырудың тұрақты тенденциясын көрсетеді: теледидар әзірге өзінің сұранысын сенімді түрде сақтайды, бірақ жаңа медиа жеделдігі, қысқалығы, форматтарының әртүрлілігі және аудиторияның жоғары қатысуы арқылы өз позицияларын нығайтып жатыр. Сонымен қатар, медиа тұтыну практикасы мен ақпарат көздерінің сенімділігін бағалау арасында түбегейлі маңызды айырмашылық бар. Егер әлеуметтік медиа ыңғайлылық пен тиімділіктің арқасында күнделікті қолданыста басым болса, онда теледидар, ең алдымен, мемлекеттік телеарналар арқылы, ресми ақпаратты қамту және ретранслятор мәртебесі есебінен қоғамдық сенімнің ең жоғары деңгейіне ие.

Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайды тыныш, тұрақты және қолайлы деп сипаттайды (87,3%). Респонденттердің 9,7%-і жағдай шиеленіскен деп ойлайды. «Жағдай күрделі» жауабын сауалнамаға қатысқандардың 1%-тен азы таңдады.

Өңірлердегі экономикалық жағдай  негізінен оң бағалауға ие – азаматтардың 75,4%-і өз өңірлеріндегі экономиканың ағымдағы жай-күйін оң қабылдайды. 20,4% жағдайды шиеленіскен деп көрсетеді. Жағдайды «күрделі» ретінде оны сауалнамаға қатысқандардың 1,4%-і сипаттайды, тағы 2,8%-і жауап беруге қиналды. Күрделі бағалаудың аз бөлігі азық-түлік бағасының өсуімен және инфляция деңгейіне қатысты алаңдаушылықпен түсіндіріледі және сонымен байланысты. Яғни, қоғамдық көңіл-күй өмірдің материалдық жағдайларына сезімтал.

Саяси партияларды тану бөлігінде Amanat партиясы көш бастап тұр-респонденттердің 62,4%-і бұл саяси бірлестікті білетіндерін атап өтті. Бұдан кейін «Ақ жол» (29,7%) және «Ауыл (29,3%) партиялары орналасқан. ҰКП-ның танылу деңгейі 17%, Respublica партиясында 15,1%, «Байтақ» партиясында 11,7%, ЖСДП партиясында 10,3% құрайды. Партиялық брендтер туралы мұндай хабардарлық жүйелік сипаттағы жұмыстарға да, ситуациялық белсенділікке де байланысты болуы мүмкін.

Уголовная ответственность несовершеннолетних

Уголовная ответственность — это самый строгий вид ответственности. Она...

Микробиологиялық зертхананы орналастыруға қойылатын талаптар

Микробиологиялық зертхана - құрамында патогенді биологиялық агенттер (әрі қарай...

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерінің бұзылуы

Конституцияға сәйкес, әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сотта...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты

Аумақтан тыс соттылық қағидаты әкімшілік сот ісін жүргізуде әділ...

ҚазҰУ студенттері өзекті мәселені дөңгелек үстелде талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық...