Микробиологиялық зертхана — құрамында патогенді биологиялық агенттер (әрі қарай – ПБА) және (немесе) олардың фрагменттері бар заттар мен материалдарды іріктеуді және зерттеуді қоса алғанда, ПБА — мен жұмыс істеуге арналған арнайы жабдықталған үй-жайлары бар ықтимал қауіпті биологиялық объект.
Объектілер құрылысына жер учаскесін таңдау кезінде мынадай:
— бұрын мал қорымына пайдаланылған және уытты қалдықтарды көму орындары;
— күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз елді мекеннің жер учаскелері пайдаланылмайды.
Микробиологиялық зертхана ғимараты дербес жер учаскелерінде немесе құрамына кіретін ұйымның жер учаскесінде орналасады. Микробиологиялық зертханалар дербес ғимаратта, зерттеуге арналған заттар мен материалдарды қабылдауға арналған жеке кіретін есігі бар бейінді ұйымдардың жапсарлас-жанастыра салынған өндірістік үй-жайларында, зерттеуге арналған заттар мен материалдарды қабылдауға арналған жеке кіретін есігі болған кезде ұйымдардың өндірістік бейінді ғимараттарының жеке қабаттарында орналастырылады.
Микробиологиялық зерттеулерді орындайтын микробиологиялық зертханаларда: қызметкерлерге арналған және зерттеуге заттар мен материалдарды қабылдауға арналған санитариялық өткізгіші бар кемінде екі кіретін есігі болады. Қосымша зерттеуге арналған заттар мен материалды беру терезесі арқылы алуға жол беріледі. Зертханалық зерттеулердің әртүрлі түрлерін орындайтын микробиологиялық зертханалар үшін материалды қабылдауға, тіркеуге және оны бастапқы өңдеуге арналған бір бөлменің болуына жол беріледі. Сыртқы қоршауда жабылмайтын есіктер, қақпалар, есікшелер, сондай-ақ ойылған, зақымданған жерлер қолданылмайды. Аумақ қоршауының периметрі бойынша жарық орнатылады.
Микробиологиялық зертханалардың терезе ойықтары, бірінші қабатының витриналары мынадай параметрлердің біріне балама берік болады:
— қарапайым әйнектелген, қалыңдығы кемінде 1 миллиметр болат табақтан жасалған рольставнялармен қосымша қорғалған терезелер;
— қарапайым әйнектелген, металл торлармен (құлпы бар жылжымалы немесе айқара ашылатын) немесе тиісті берік жалюздермен қосымша қорғалған терезелер;
— 9,5 метр және одан жоғары биіктіктен лақтырылған, салмағы 4 килограмм болат шардың 3 соққысына төтеп бере алатын, жалғыз соққыға төзімді қорғаныш әйнегі бар арнайы конструкцияның терезелері.
Микробиологиялық зертханалар үй — жайларының конструктивті сәулет -жоспарлау орындалуы болады және жиынтығында кіруден қорғауды қамтамасыз ететін техникалық қауіпсіздік жүйелерімен жарақталады. Улы заттармен жұмыс жеке үй — жайларда (бөлмелерде) немесе жеке сору шкафында жүргізіледі.
Боксталған үй — жайдың терезелері, есіктері мықтап жабылады. Желкөздер жәндіктерден тормен қорғалады. Боксталған үй — жайлар мен боксқа кіреберістердің (шлюздердің) есіктерінде көрінетін терезелер болады. Микробиологиялық зертханалардың үй — жайларын жоспарлау таза және жұқпалы ағындардың қиылысуын болдырмайды. Кіретін есігінде микробиологиялық зертхананың атауы және «Биологиялық қауіп» белгісі белгіленеді. Үй — жайлардың есіктеріне олардың мақсаты көрсетілген тақтайшалар ілінеді. Микробиологиялық зертханада материал алуға арналған пункт болған кезде персонал мен тексерілетін адамдар үшін бөлек дәретханалар көзделеді.
Зертханалық үй — жайлардағы еденнің, қабырғалардың, төбенің беті тегіс, саңылаусыз, оңай өңделетін, жуу және дезинфекциялық құралдардың әсеріне төзімді болады, тайғақ еден қолданылмайды. ПБА-мен жұмыс істеуге арналған «жұқпалы» үй — жайлар едені жабындарының шеттері көтерілген болады. Траптар болған кезде еденнің еңісі болады. От қауіпті және жарылыс қауіпті заттармен жұмыс жүргізілетін үй-жайларда екі шығатын жер көзделеді. Патогендігі I — II топтағы ПБА-мен жұмыс істеу бойынша эксперименттік, диагностикалық және өндірістік жұмыстар жүргізумен, оның ішінде оларды сақтаумен айналысатын объектілерде өткізу режимі белгіленеді.
2-сыныпты БҚБ-да патогендігі I — IV топтағы ПБА-мен тек ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін микробиологиялық зертханалар үшін аспалы төбелерді пайдалануға жол беріледі.
Микробиологиялық зертханаларға, оның ішінде үй-жайлардың құрамы мен жиынтығына қойылатын талаптар «биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № ҚР ДСМ — 125 бұйрығымен регламенттелген.
Спикер – Қасымхан Алпысбайұлы


