Алматының жүрегінде орналасқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздегі жоғары білім жүйесінің көшбасшысы әрі академиялық ортадағы ұлттық бренд. Университетіміздің аты аталғанда, ең алдымен сапалы білім, жоғары ғылыми мәдениет, зияткерлік ортаны қалыптастырудағы жауапкершілік және қоғамдық сенім еске түседі. ҚазҰУ – тек университет емес, ол еліміздің интеллектуалдық дамуына серпін беретін үлкен мектеп, жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелейтін орталық.Бүгінде университет 90 жылға жуық тарихында жинақтаған тәжірибесін жаңа форматта дамытып, халықаралық білім кеңістігіндегі орнын нығайтуда. QS World University Rankings рейтингінде еліміздің жоғары оқу орындары арасында алдыңғы орынға шығуы ҚазҰУ-дың сапалы менеджменті мен тұрақты реформаларының нәтижесі.Университеттің академиялық портфелі жыл сайын кеңеюде. Заманауи білім беру бағдарламалары, қос дипломды оқу, халықаралық тағылымдамалар, әлемдік университеттермен ынтымақтастық-студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтетін негізгі артықшылықтар.
Заң факультеті-университеттің ең беделді құрылымдарының бірі. 70 жылдық тарихы бар факультет еліміздің құқықтық жүйесіне мыңдаған кәсіби маман даярлап, судьялар, прокурорлар, адвокаттар мен мемлекеттік қызметкерлердің бірнеше буынын тәрбиеледі.Бүгінде факультет оқытушылары цифрлық құқық, жасанды интеллект, экологиялық құқық, халықаралық арбитраж сияқты жаңа бағыттарды дамытуда. Пәндер мазмұны қазіргі заманауи талаптарға толық бейімделіп, студенттердің аналитикалық ойлауын, құқықтық мәдениетін және сыни көзқарасын қалыптастыруға бағытталуда.Сонымен қатар факультетіміз «Заң клиникасы» арқылы әлеуметтік жауапкершілік принципін жүзеге асырып, халыққа тегін құқықтық көмек көрсетеді. Бұл-студенттердің кәсіби тәжірибесін нығайтып қана қоймай, университеттің қоғам алдындағы сенімін арттыратын үлкен жоба.
Соңғы жылдары университет цифрлық трансформацияны қарқынды жүзеге асырып келеді. Электронды кампус, онлайн кітапхана, смарт-аудиториялар, студенттердің жеке кабинеті, қашықтан емтихан жүйесі – білім беру үдерісін заманауи стандарттарға сәйкестендіріп қана қоймай, ашықтық пен тиімділікті арттырды.Оқытушылар үшін цифрлық педагогика, EdTech құралдары, интерактивті платформалар кеңінен енгізіліп, сабақ мазмұнына инновациялық әдістер қолданылуда.
Студенттер мен оқытушылардың SDG жобалары халықаралық деңгейде танылып, бірқатар стартаптар қолдауға ие болды. Бұл – ҚазҰУ-дың әлеуметтік жауапкершілік мәдениетінің жоғары көрсеткіші.
Университеттің ең үлкен жетістігі-оның студенттері. ҚазҰУ жастары- зерттеумен айналысатын, қоғамдық жобаларға қатысатын, волонтерлік қозғалыстарды дамытатын, шығармашылықпен айналысатын белсенді буын.
Студенттермен жұмыс тек біліммен шектелмейді. Университет тұлғалық даму ортасын қалыптастырып, көшбасшылық қабілетін, жауапкершілігін, әлеуметтік белсенділігін дамытатын көптеген мүмкіндіктер ұсынады.
Жыл сайын ҚазҰУ жастары республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми конкурстарда, дебат турнирлерінде үздік танылып келеді – бұл оқу орнының сапалы академиялық мектебінің дәлелі.
Қазақ ұлттық университеті-тек білім беру орталығы емес, ол қоғамдық пікірді қалыптастыратын, ұлттық мүддені қорғайтын, мемлекет дамуына үлес қосатын іргелі ғылыми-интеллектуалды мекеме.Университет қызметкерлері мемлекеттік бағдарламалар, құқықтық ағарту, цифрлық саясат, ұлттық идеялар мен мәдени құндылықтарды дамыту бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді. Білім ордасының әрбір жетістігі – ұжымдық еңбектің, жоғары стандарттардың және талапшыл академиялық мәдениеттің нәтижесі. Біз ұлттық университет ретінде еліміздің дамуына қызмет етуді, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруды жалғастыра береміз.
Баймаханова Д.М
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті,з.ғ.д


