12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстандық шаруашылықтар биылғы жылы 25 000 бірлік техника сатып алды

Қазақстан аграрлық сектордың тиімділігін арттыру жолында машина-трактор паркін жаңғырту жұмыстарын қарқынды қолға алуда.

Ауыл шаруашылығы министрлігі осы саланың әлеуетін арттыру мақсатында техниканы жаңарту және өндіріс процесіне заманауи технологияларды енгізуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын кезең-кезеңімен кеңейтіп келеді.

Бұл бағытта негізгі құралдың бірі инвестициялық субсидиялау. Онда басымдыққа байланысты 15%-дан 30%-ға дейін сатып алынған техника құнының бір бөлігін өтеу көзделеді. Қосымша мемлекет кредит пен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені басым техникалар бойынша 6%-ға дейін, басқа түрлері бойынша 15%-ға дейін субсидиялайды.

Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%, лизинг мерзімі 7 жылға межеленген жеңілдетілген лизинг бағдарламасы жалғасуда. Бұл бағытта 2025 жылға 250 млрд теңге бөлінген.
Аталған шаралардың нәтижесінде машина-трак ор паркін жаңарту қарқынды өсіп, көрсеткіш 6,5%-ға жетті.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ деректері бойынша былтыр ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 228,5 млрд теңгеге 10,5 мың дана техника сатып алған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 37%-ға артық. Әсіресе өздігінен жүретін техникаларға сұраныс артып, 4729 дана (+66% 2023 жылмен салыстырғанда) трактор, 924 дана (+80%) комбайн алынған.

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 255,0 млрд теңгеге 10 100 дана техника лизингке берілді, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 10%-ға жоғары.

Жалпы, 2025 жылы қазақстандық шаруашылықтар 25 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, бұл сұраныстың тұрақты өсімін және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін көрсетеді.
Мемлекеттік ынталандыру бағдарламалары отандық ауыл шаруашылығы машина жасау саласына мультипликативтік әсер беріп отыр.

Республикада өздігінен жүретін техника өндіретін 10 зауыт бар. Трактор, комбайн, бүріккіш және басқа да техника түрлерінің өндірісі жолға қойылған.

Қазақстан сонымен қатар әлемдегі жетекші брендтер — John Deere және CLAAS техникасын құрастыру алаңына айналды. Нәтижесінде отандық өндірушілер тракторлар мен комбайндар бойынша ішкі нарықтың 90% қажеттілігін қамтамасыз етіп, саланың технологиялық тәуелсіздігін күшейтуге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосып отыр.

В Астане прошло праздничное спортивное событие среди детей с РАС

в Астане прошло яркое и по-настоящему праздничное спортивное событие...

Атырау мен Маңғыстаудың 1,5 млн халқына жер астынан ауызсу тартатын құбыр салынады

Атырау және Маңғыстау облыстарында жер астынан тәулігіне 170 мың...

Мемлекеттік тіл ұлт мәртебесі

Тіл – ел тәуелсіздігінің айғағы. Қай ел мен ұлтта...

Тіл мәртебесі

Тіл - тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі...

Реальная защита бизнеса 

МИНУВШИЙ ГОД СТАЛ ОДНИМ ИЗ НАИБОЛЕЕ РЕЗУЛЬТАТИВНЫХ ДЛЯ ПАЛАТЫ...