12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ішкі істер органдарында қызмет ету – жоғары жауапкершілік пен батылдықты талап ететін мәртебелі міндет

Бұл салада тек ер азаматтар ғана емес, өз кәсібіне адал, мықты рухты әйел қызметкерлер де табысты еңбек етіп келеді. Солардың бірі – бүгін зейнеткерлік демалысқа шыққан Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің жеке құраммен жұмыс бойынша бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Динара Токмуханбетовна Карабаева!

Ол ұзақ жылдар бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, халыққа қызмет көрсету бағытында 24жылдан аса аянбай еңбек етті. Қиындыққа толы күндер де, қуанышқа бөлеген сәттер де болды. Бірақ ол әрқашан өз міндетіне адал болып, кәсіби біліктілігін арттырып, әріптестеріне үлгі бола білді.

Әйел ретінде отбасылық жауапкершілікті де, қызметтік міндетті де үйлестіре білгені – оның ерік-жігерінің айғағы. Қоғамның тыныштығын сақтау жолында көрсеткен еңбегі бүгінгі және келер ұрпақ үшін үлкен өнеге.

Сіздің мемлекет мүддесіне берілгендігіңіз, адал қызметіңіз бен белсенді өмірлік ұстанымыңыз – Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады.

Сізді әрқашан жоғары кәсібилігіңіз, ұйымдастырушылық қабілетіңіз, жауапкершілігіңіз бен жетекшілік дарыныңыз ерекшелендіріп тұрды. Қызмет барысында талай қиындықты сабырмен еңсеріп, әріптестеріңізге демеу, жас мамандарға бағыт-бағдар бола білдіңіз.

Өмір жолыңызда тек жақсылықтар жолдас болып, қуанышты күндеріңіз көп болсын. Зор денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр, отбасыңызға тыныштық пен татулық, шаңырағыңызға береке-бірлік тілейміз.

№75 мекемесінде ана мен бала кездесуі өткізілді

№75 мекемесінде күзетпен ұсталып отырған азаматша Т-ды Атырау облысы...

«Өмірге — «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айт!»

Жас дос!Жат қылықтан аулақ бол! Жалғанды жалпағынан басып жүремін...

Неке және отбасы

Отбасы – қоғамның ең басты ұясы, ал неке –...

Заң сақшылары: әділеттілік қорғаушылары қайда туады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті — білімнің шақыруға айналатын...

Елімізде қай салада жұмыспен қамтылғандардың саны артқан?

Қазақстандағы еңбек нарығы 2025 жылдың соңына қарай бірқалыпты тұрақтылық...