12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктері көбейді

Өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарын қолдаудың пәрменді құралдарының бірі – реттелетін сатып алуларға қатысуға басым құқық беруден басталады. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу шеңберінде ұлттық режімнен 4 834 позицияға дейін алып қою белгіленді. Жыл басынан бері 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар 399,9 млрд теңге сомасына 140,7 мыңнан астам шарт жасасқан. Ал өткен жылдың осы кезеңінде жалпы сомасы 202,5 млрд теңгеге 109,9 мың шарт жасалыпты.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» қоры отандық тауар өндірушілерді қолдау сапасын жетілдіруге басымдық беріп отыр. Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 141,6 млрд теңге сомасына 266 офтейк-келісімшарт және 340,1 млрд теңгеге 320 ұзақ мерзімді шарт жасалған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» еншілес ұйымдары 537,4 млрд теңге сомасына 287 шарт жасасса, бұл 2023 жылмен салыстырғанда іс жүзінде 3 есеге көп.

Жер қойнауын пайдалану саласы елдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту тетігінің бірі саналады. Жер қойнауын пайдаланушылар 9 айда 227,4 млрд теңге сомасына 775 ұзақмерзімді шарт және 767,6 млрд теңге сомасына 12 офтейк-келісімшарт жасаған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 138,9 млрд теңге сомасына 290 шарт жасалса, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге көп болып отыр. Маңызды ақпарат, алдағы уақытта ірі тапсырыс берушілер, оның ішінде мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылық үлесін ұлғайту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеп, іске асыруға тиіс. Бұл бағдарламалар жер қойнауын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған «тұрақты» өндірістер құруға бағытталған.

Биыл тағы бір заңнамалық жаңалық өндірушілер мен олардың тауарлары туралы деректерді қамтитын мемлекеттік Цифрлық жүйе саналатын отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін құру жөніндегі түзетулер болды. Бұл жүйе «жалған өндірушілерді» анықтауға, ашықтықты арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. 2025 жылғы 19 мамырда Мемлекет басшысы тізілімнің жұмыс істеуін регламенттейтін Заңға қол қойды.

Қазір нақты шаралардан басқа қаржыландыру құралдарын дамыту бойынша жұмыстар іске асып келеді. Нақты секторды кредиттеудегі бизнестің рөлін күшейту үшін «Бәйтерек» холдингі 1 трлн теңгеге дейін капиталдандырылды. Бұл оның кәсіпкерлікті, тұрғын үй құрылысын қолдау және негізгі жобаларды іске асыру жөніндегі мүмкіндіктерін 8 трлн теңгеге дейін ұлғайтты. Есесіне, қазір соның 4 трлн теңгеден астамы немесе 50%-ы игерілген. 8 мыңнан астам бизнес субъектілеріне қолдау көрсетілген. Оның 96 %-ы шағын және орта кәсіпорындар. Болашақта қаржыландыру көлемі 2027 жылға қарай 10 трлн теңгеге жетуі мүмкін деген ақпарат бар.

Ірі инвесторларды қолдау үшін ұзақ мерзімді және тұрақты қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз ететін кепілдік қоры құрылды. Қолдау қаржыландыру түрінде жоба құнының 80 % дейін және кепілдіктер есебінен 30 %-ға дейін жетуі мүмкін. Жаңа өндірістерді қаржыландырудағы негізгі үлесті жеке инвестициялар, оның ішінде шетелдік инвестициялар құрайды. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар үлгісінде 1 теңге мемлекеттік инвестицияға 8 теңгеден астам жеке қаражат тартылады. Бұл олардың тиімділігі мен тартымдылығын растайды.

Экономикалық патриотизм саясаты қазірдің өзінде нәтиже беруде. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі өсіп, жоғары технологиялық өндірістер іске қосылып жатыр. Осының арқасында жаңа жұмыс орындары құрылуда. 9 айдың қорытындысы бойынша сектордағы өсім 6,5 %, өндіріс көлемі – 18,7 трлн тенге. Бұл бүкіл өнеркәсіптің 47 %-ын құрайды. Шикізатты қайта өңдеу және қосылған құны бар өнім шығару салалары дамуда. Оның ішінде машина жасау, тамақ өнеркәсібі, мұнай өңдеу, химия және басқа бағыттар бар. Биыл 63 жаңа жоба іске қосылды, 7,6 мың жұмыс орны құрылды. Ал, санмен есептесек, жыл соңына дейін барлығы 1,5 трлн теңгеге 190 жобаны іске қосу жоспарланған.

Акмолинская область расширяет спортивную инфраструктуру — работают уже 1124 объекта

В современном мире спорт становится новой формой социальной справедливости....

Ақмола облысы спорттық инфрақұрылымды кеңейтуде – бүгінде 1124 нысан жұмыс істейді

Қазіргі заманда спорт әлеуметтік әділдіктің жаңа формасына айналуда. Бұл...

Не только банки: ИИ, ОЭСР и диверсификация — три основы финансовой устойчивости Казахстана

В современном, быстро меняющемся мире, где экономические вызовы возникают...

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу – құқықтық мәдениеттің айнасы

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту құқықтық...

Ел экономикасына дем беретін негізгі 5 бағыт қандай?

Қазақстан уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы саналатынын осыған дейін...