Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Әдеп кодексін сақтау мәселелелрі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ерекше бақылауында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жемқорлықтың алдын алу бойынша жекелеген өкілеттіктер агенттіктің құзіретіне берілді.
Бүгінгі күні басты назар тек сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға ғана емес, сонымен қатар қызметшілер арасында адалдық, кәсіби әдеп және жеке жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
Cыбайлас жемқорлық азаматтардың билікке деген сеніміне нұқсан келтіріп, мемлекеттің дамуы мен басқару тиімділігін төмендетеді.
Сондықтан біздің басты мақсатымыз – профилактика және ұжымда кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздік қалыптастыру.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен ашықтығын арттыру – жемқорлықтың алдын алудың маңызды тетігі болып келеді.
Біздің Департаменттің басты міндеттерінің бірі – әрбір мемлекеттік қызметтің белгіленген мерзімде және нақты қағидаларға сай көрсетілуін қамтамасыз ету.
Мысалы, осы жылдын 9 айнда жергілікті атқарушы органдармен 11 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Алайда, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 1 319 бұзушылық анықталған.
Бұзушылықтардың көбі қызмет көрсету мерзімдерімен тәртібін сақтамау.
Салдарынан 90 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, басшылық лауазымдағы қызмекерлерге 53 әкімшілік хаттама толтырылған.
Бұл ретте өтініш берушімен жеке байланысты барынша азайтып, автоматтандырылған жүйелерді кеңінен қолдану керек.
Осыған байланысты цифрлық құралдарды дамыту және адами факторды барынша азайту мақсатында автоматтандырылған есеп жүйелерін енгізу ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – бұл бір реттік науқан емес, ол мемлекеттік қызметтің тұрақты әрі үздіксіз жетілдіру процесі.
Әрбір қызметкер, лауазымына қарамастан, түсінуі тиіс: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат — бұл жеке жауапкершіліктің және адал қызметтің көрінісі.
Аталған жұмыстың тиімділігі ең алдыме қызметтік тәртіптің жалпы деңгейіне және қызметтік Этика нормаларының сақталуына байланысты.
Осыған орай, қызметтік тәртіппен Этикалық кодекстің талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударған жөн.
Өздерініз көріп жүргендей соңғы уақытта әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен дөрекі сөйлесіп, әріптестеріне қатысты әдепсіз мінез-құлық көрсеткен, қорлайтын сөздер айтқан бейнежазбалар жиі кездесіп жүр.
Мұндай оқиғалар әрине бүкіл мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіреді.
Бүгінгі күні азаматтардың сенімі – мемлекеттік биліктің басты құндылығы. Ал сол сенімді кейде бір орынсыз айтылған сөз немесе әдепсіз әрекет жоққа шығарады.
Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өзінің билік жүйесінің бейнесі екенін түсінуі тиіс.
Біздің ортақ міндетіміз – құқық бұзушылықтарға жол бермеу және жоғары кәсіби, мәдениет деңгейін сақтау.
Құрмет, сабырлылық және әдеп – кәсібиліктің және халыққа адал қызмет етудің басты негізі.
Біз тек бірлескен жағдайда, жүйелі профилатикалық жұмысының және әр мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігінің арқасында ғана азаматтардың сенімін нығайтып, мемлекеттік органдардың тиімділігі мен беделін көтере аламыз.
Бұл ретте, Агенттіктпен аумақтық департаменттеріне профилатикалық іс-шараларды күшейті тапсырылған болатын.
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысымен ағымдағы жылғы 20 қазанында Алматы қаласының 24 жергілікті атқарушы органдарының басшылары және 8 аудан әкімдерімен кездесу өткізілді.
Бұдан бөлек, 17 қазанда Бостандық, 23 қазанда Медеу және 30 қазанда Жетісу аудан әкімдіктеріне бару арқылы түсіндіру шаралары жүргзілді.
Кезедесуге барлығы 170 астам мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Е. Нұржігітов


