«Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғам құруға бағытталған тиімді цифрлық құрал

«Заң және тәртіп» цифрлық сервисі – халық пен полиция арасындағы өзара байланысты нығайтатын заманауи жоба.
Бұл сервис азаматтарға құқық қорғау органдарына онлайн түрде өтініш, шағым немесе ұсыныс жолдауға мүмкіндік береді.
Пайдаланушы өз өтінішінің қабылданғанын және орындалу барысын тікелей жүйе арқылы бақылай алады.. Осы орайда Түркістан облысы Полиция департаментіне жыл басынан бері 679 хабарлама келіп түскен. Оның ішінде: қоғамдық тәртіпті бұзу — 292, тұрмыстық зорлық-зомбылық — 36, жол-көлік оқиғасы – 25 және 7 қылмыстық іс тіркелген. Сонымен қатар 290 астам хабарлама басқа да құқықбұзушылық фактілерін қамтыған.
Аталған жоба ІІМ жүргізіп жатқан ауқымды цифрландыру процесінің бір бөлігіне айналды. Мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтар сенімін нығайту. Сервис тәулік бойы жұмыс істейді, өтініштер бүкіл ел аумағында қабылданады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызмет

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...