Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.
Конкурстың өткізілетін орны: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы 10, «Kazyna Towers» әкімшілік ғимараты.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық даңғылы, 18.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету.
Конкурс мүшелеріне қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ мынадай талаптардың біріне сәйкес келуі:
1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
2) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерде мүшелік.
2. Байқау кеңесінің мүшесі ретінде:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастағы адам сайланбайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
З) өмірбаян (еркін түрде);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Құжаттарды қабылдаудың басталатын күні мерзімді баспасөз басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналыстырылған күні болып айқындалады.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы 10, «Kazyna Towers» әкімшілік ғимараты мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне ұсынылуы тиіс.
Конкурсты өткізу күні – конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.
Кандидаттың конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде әңгімелесу жүргізіледі.