12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жер дауларының өзекті мәселелері

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2025 жылдың басынан бастап 806 іс түссе соның ішінде 146 іс жер жауларына қатысты түскен істер болып табылады. Оның ішінде 71 іс қайтарылып 43 іс қаралып шешім қабылданған. 25 іс бойынша талап қою арызы қанағаттандырылған. 24  іс бойынша  дау татуласумен аяқталған. 

Жер дауларына қатысты соттылық мәселесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің (әрі қарай –ӘРПК) 102 және 106-баптарының қағидалары бойынша айқындалады. Негізінен жеке тұлға талап қоюшының арызы бойынша мамандандырылған аудандық әкімшілік соттың соттылығына жатқызылған істерді талап қоюшының тұрғылықты жеріндегі сот қарауы мүмкін. Егер талап қоюшы заңды тұлға болса, онда тиісті облыстың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты істі қарайды. 

Жер даулары бойынша көп кездесетін талап —  жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне тиісті құқық беру туралы шешімдеріне дау айту туралы.

Сотқа талап арыз беруге арнлаған мерзімге келетін болсақ:

ӘРПК-нің 136-бабының бірінші бөлігіне сәйкес дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.

Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі.

Құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ, ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы (ӘРПК-нің 136-бабының 5-бөлігі).

Соттар процестік заңның жоғарыда көрсетілген ережелерін басшылыққа алады және талап қоюшыға түпкілікті болып табылатын өтіп кеткен  мерзімін қалпына келтіруден көбіне бас тартады.

ӘРПК-нің 136-бабы 5-бөлігінің нормасы императивті сипатқа ие және көзделген бір жылдық мерзім түпкілікті болып табылады және қалпына келтіруге жатпайды.

ӘРПК-нің 136-бабының 8-бөлігіне сәйкес сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

Жер даулары

Жер кодексінің 32-бабына сәйкес жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тiкелей мемлекеттiң беретiнiн бiлдiредi.  Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде жер учаскесіне құқық табыстау жөніндегі құзыретке сәйкес жүргізіледі.

Сотта жиі кезедесетін даулы істер олар: жерлердің бір біріне беттесіп орналасуы, жергілікті атқарушы органның жер табыстаудан бас тарту бойынша туындайтын дау, жер учаскесінің нысаналы мақсатын ауыстыруға қатысты даулар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс бойынша табыстауға қатысты даулар, жер учаскесінің дұрыс орналаспауы салдарынан туындайтын даулар.  

Жер учаскелеріне жеке меншік құқығын берудің заңдылығы мәселелері бойынша

Жер учаскелеріне құқықтар берудің не беруден бас тартудың заңдылығына дау айту республика соттары қараған осы санаттағы әкімшілік істердің ең көп санын құрайды.

2025 жылы келіп түскен талап қоюлардың 2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда азайғаны  байқалады.

Жер учаскелерін беру тәртібі Жер кодексінің 43-бабымен реттеледі.

Осы норма Жер кодексінің 48-бабына сәйкес елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін және сауда-саттыққа (аукциондарға) қойылатын жерлерді беру жағдайын қоспағанда, жер учаскесіне құқық берудің жалпы тәртібін реттейді.

Жеке меншікке жер учаскелерін сатып алуға құқығы бар азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру өтеулі негізде жүзеге асырылады. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне жер учаскелерін беру Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда тегін жүзеге асырылуы мүмкін.

Көрсетілген негіздердің тізбесі толық сипатта және осы норманы қолдану кезінде соттар анық және қатысы бар дәлелдемелерді негізге ала отырып, олардың бар-жоғын тексеруі тиіс.

Мәселен, жергілікті атқарушы органның мемлекет меншігіндегі жерлерді Жер кодексінің 48-бабының талаптарына сәйкес келмегендіктен азаматтар мен заңды тұлғаларға жер табыстаудан бас тарту туралы қаулыларын  бұзудан бас тарту туралы шешімдер қабылдаған.

1. Талап қоюшы Темирбаев өз жерінің қасындағы бос жатқан 0,0400га жерді табыстауды сұраған. Сарыағаш ауданы әкімдігі Жер кодексінің 48-бабын басшылыққа алып арызды қанағаттандырудан бас тартқан.

Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.

Яғни жерді жеке тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді  пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін берілу мүмкіндігі қарастырылған.

Талап қоюшы тарапынан тұрғын үйін пайдалануға қосымша жер қажеттігі бойынша дәлелді деректер ұсынылмаған, немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау қажеттілігі бойынша дәлелдеме болмаған. 

Жер кодекстің 22-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сай жер учаскесіне құқық меншік құқығын табыстау арқылы туындайды.

Кодекстің 32 бабының 1, 2 тармақтарына сай жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тікелей мемлекеттің беретінін білдіреді, азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау атқарушы органның жер учаскесіне құқық табыстау жөніндегі құзіретіне сәйкес оның шешімі негізінде жүргізіледі.

Талап қоюшыға  сұрап отырған жер учаскесі, жоғарыда аталған Жер кодексінің 24-бабының 24-тармақшасында көрсетілгендей, атқарушы органдардың құқықтық актілері, т.б. заңды негіздермен тиесілі емес.

Мысалы, Қарашық ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 қарашадағы шешімімен Қарашық елді мекенінің аумағынан «Жайлы мектеп құрылысы үшін», жалпы алаңы 6,0 га жер учаскесі Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне тұрақты жер пайдалану құқығымен берілгені анықталған.

Жер учаскесіне кадастрлық №19-331-030-170 сәйкестендіру актісі рәсімделген.

Кейін, Қарашық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 маусымдағы шешімімен «Жайлы мектеп құрылысы үшін» берілген жер учаскесі жобадан алынғаны көрсетіліп, әкімнің 2022 жылғы 4 қарашадағы  шешімінің күші жойылған.

2024 жылғы 6 ақпанда Серіктестік «мектеп құрылысы үшін», алаңы 6,0 га жер учаскесін беру туралы өтініш берген.    

Жауапкер – Ауыл әкімі  2024 жылғы 8 ақпандағы хатымен Қарашық ауылының бас жоспарына сәйкес сұратылған жер учаскесінде монша, мешіт, дүкен, тұрмыстық қызмет көрсету орталығы, химиялық тазалау орталығы, балалар сауықтыру орталығы қарастырылғанын, мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне құқық сауда-саттық арқылы берілетінін көрсетіп, арызды қанағаттандырусыз қалдырған.

Серіктестік осы талап қою арызымен жауапкердің бас тарту әрекетін заңсыз деп танып, қолайлы әкімшілік акті қабылдауды міндеттеуді сұраған.     

Жер кодексінің 44-бабы 1, 3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін беруді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде учаскелердің орналасқан жеріне және сұралып отырған нысаналы мақсатына қарай жүзеге асырады.

Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін сұрау осы Кодекстің 44-1 және 44-2-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Яғни, жер табыстау кезінде заң нормаларын мүлтіксіз сақтау аса маңызды. 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты

Конкурстық жер комиссиясы тарапынан конкурс негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс жеңімпаздарына табыстау кезінде жол беретін кемшіліктерге келетін болсақ төмендегіше: Комиссия мүшелерінің кворумның болмауы; — конкурсқа қатысушылардың баллдарын дұрыс есептемеу; — жер заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін  қабылданбуға жатпайтын өтінімдердің конкурсқа қатысуға жіберілуі.

Комиссия отырысының кворумы бойынша айтар болсақ: Жер кодексінің 43-бабының 2-бөлігіне сәйкес жер комиссиясы мүшелерінің саны тақ болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте, қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны жер комиссиясы мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс. Дауыс беруге міндетті түрде жер комиссиясының тұрақты құрамы және берілетін жер учаскесі орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің екі өкілі қатысады. Жер комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

Жер комиссиясында оның төрағасы (жер мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары) комиссия отырысына басшылық етеді және оны дұрыс жүргізуді қамтамасыз етеді. Айта кетен жайт, жер комиссиясы отырысы толық аудио – бейнетіркеу жасалынуы қажет. Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жер комиссиясының отырысы аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркеледі. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. Отырысты аудио-бейнетіркеудің болмауы жер комиссиясының шешімін жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылады.

Жер комиссиясының шешімдеріне және әкімнің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы актілеріне дау айту туралы талап қоюларды қарау кезінде соттар Жер кодексінің 43-1-бабының талаптарын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын (бұдан әрі – № 518 Қағида) басшылыққа алады.

Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне ӘРПК-іде көзделген тәртіппен жеті жұмыс күні ішінде сотқа шағымдануға болады.

Егер жер комиссиясының шешімі іске асырылған жағдайда, ӘРПК-нің 136-бабында белгіленген мерзімде қорытынды әкімшілік акт ретінде әкімнің қаулысы сотта даулануға жатады.

Мысалға талапкер Серіктестіктің 2022 жылы 2 наурызда шаруа (фермер) қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беруге конкурс өткізу бойынша конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасымен конкурсқа қатысуға берген өтінімі  конкурстан алынып тасталған. Конкурс Серіктестіксіз өткізіліп, конкурсқа қойылған жер учаскесі  басқа тұлғаға – конкурс жеңімпазына жер учаскесіне жалдау құқығы берілген.

Серіктестіктік талап қою арызы негізінде сотта істі қарау кезінде конкурстың болатын күні Қағида талаптарына сәйкес келмеген күні жарияланғаны, конкурстың комиссия мүшелері арасында Жер қатынастары бөліміне қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер саны көп екені, мемлекеттік емес ұйым өкілдері, жергілікті басқару органдары өкілдері мүлде болмағаны, жер комиссиясы отырысында  бейне аудио жазбалар толық жазылмағаны, комиссия мүшелерімен әрбір конверт жеке дара ашылып зерттелмегені, әрбір қатысушы бойынша комиссия талқыламағаны, құжаттары толық өткізілмеген қатысушылардың жеңімпаз болғаны  анықталған. Сот шешімімен талап қою қанағаттандырды.

Жер учаскелерінің беттесіп орналасулары бойынша дауларды  қарау кезінде негізгі кемшілік кадастр бөлімінің жерге орналастыру әрекеттерінің дұрыс жүргізілмеуінен туындайтыны анықталды. Яғни ең бастапқы жерге орналастыру кезінде басқа меншік иелерінің жер учаскелері электронды жүйеде және нақты жер учаскесі орналасқан жерге шығу арқылы толық тексерілмей, көрші жер учаскелерінің меншік иелерінің қатысуынсыз жерге орналастыру жұмыстары жасалатындықтан және өзге себептерден орын алады.

 «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі №6 Нормативтік қаулысының (ары қарай Нормативтік қаулы) 8 тармағына сәйкес, жер учаскелерінің алғашқы иелері болып табылмайтын көршілес жер учаскелері иелерінің арасындағы дау бойынша жер учаскелерінің шекаралары бір-біріне қабаттастырып орналасқаны анықталса, соттар учаскелердің тарихи қалыптасқан шекарасын негізге алуға тиіс. Екі жер учаскесі меншік иелерінің арасындағы дау басқа адамдардың құқықтарын бұзбауы тиіс. Сот шешімдері өзге жер учаскелері меншік иелерінің арасында жаңа сот дауларының туындауына жол бермеуі керек.

Нормативтік қаулының 8 тармағына сай — бір жер учаскесіне екі және одан да көп меншік иелерінің (жер пайдаланушылардың) меншік құқығының туындауы, сондай-ақ аралас жер учаскелерінің шекарасын бұзу туралы дауды шешкен кезде сот Жер кодексінің 43-бабында белгіленген талаптарды назарға алуы керек. Жерді бөліп беру тәртібін сақтау қажет болған жағдайда, тараптардың әрқайсысының жерге құқықтарының туындау негіздерін, сонымен қатар құқық белгілейтін құжаттарын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу хронологиясын тексеру керек.

Жер кодексінің 43-бабының 10-тармағына сәйкес жер учаскесін пайдалану және оған билік ету үшін нақтылы (жергілікті жердегi) шекарасын белгілеу және құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу қажет.

Белгілі бір жер учаскесіне немесе учаскенің бөлігіне тең құқықтар болған жағдайда, соттар азаматтық заңнамаға сәйкес құқықтың туындау күні бойынша белгіленетін жылжымайтын мүлікке бұрын туындаған құқықтардың басымдығын негізге алуға тиіс.

Қазақстан Республикасының «Жер Кодексінің» (ары қарай – Жер кодексі) 158-бабының 2 тармақтарына сәйкес, мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн құжаттау қағазға түсiрiлiп және электрондық тасығыштарда жүзеге асырылады. Қағазға жазылған мәлiметтер мен электрондық тасығыштарда жазылған мәлiметтер арасында алшақтықтар болған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, қағазға түсiрiлген мәлiметтер басымдыққа ие болады.

Әкімдіктің жер пайдаланушымен жалдау шартын ұзартудан бас тартуына байланысты даулар.

Жер кодексінің 37-бабының талаптары арқылы шешімін табады. Ең бастысы өз мiндеттерiн тиiсiнше орындау, жер учаскесінің шекаралары өзгермеуі, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингінің оң нәтижелері болуы қажет.  Уақытша өтеулі жер пайдаланушы (жалға алушы) осындай шарт жасасу ниетi туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органын жалға алу шартында көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, онда жалға алу шартының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Жалға алу шартының қолданылу мерзімі өткен соң өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында өзгеше белгiленбесе, жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы болады.

Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселелері бойынша:

Жер кодексінің 49-1-бабына сәйкес (2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болған редакцияда) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жергілікті атқарушы органның құзыретіне жатады және сұратылған нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындаудан жол беріледі. Көрсетілген баптың 8-тармағына сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту уәжді болуға тиіс. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын ауыстыру сол аймақтың бас жоспарына қайшы келмеуі, басқа жер пайдаланушылардың құқытарын шектемеуі  қажет екенін соттар аса назарда ұстауы қажет.

Жер кодексінің 109-бабының 1-тармағына сәйкес елдi мекендердiң барлық жерi олардың бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.

Бас жоспарды және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын қалыптастыру мәселелері Сәулет туралы заңмен реттеледі.

Елді мекендердің бас жоспарлары қаланың, кенттің, ауылдың не басқа елді мекеннің дамуын кешенді жоспарлауды айқындайтын және бекітілген аумақты ұйымдастырудың бас схемасына және өңірлердің қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасына сәйкес әзірленетін негізгі қала құрылысының құжаты болып табылады.

Елді мекеннің бас жоспары жаңа бас жоспар бекітілгенге не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолданыстағы бас жоспардағы өзгерістер бекітілгенге дейін қолданылады.

Сондықтан бас жоспарға барлық өзгерістер заңнамаға сәйкес келуі тиіс.

Сәулет заңының 47-1-бабына сәйкес елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктерін қала құрылысына игеру жобалары (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) елді мекеннің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспары негізінде әзірленеді.

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары елді мекендердің бас жоспарларында белгіленген жоспарлау құрылымының элементтеріне, қала құрылысы регламенттеріне, бірыңғай сәулеттік стиль тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді.

Бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік, мәдени және бірегей объектілерді салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету қажеттігіне байланысты жағдайларды қоспағанда, бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер мен толықтырулар жылына екі реттен асырмай енгізілуі мүмкін.

Жер кодексінің 44-бабының 1-тармағына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері бекітілген бас жоспарлардың не елді мекен аумағын орналастыру схемаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

Аталған нормаларды бұза отырып, жергілікті атқарушы орган адал жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзатын егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын өзгерту туралы қаулы шығарады.

Көрсетілген қаулыларға шағымдану туралы талап қоюларды қарау кезінде соттар жер учаскесін игеру дәрежесіне, мүдделі тұлғалардың болуына, мөлшерлестік қағидатының сақталуына назар аударғаны жөн.

Мысалы, әкімінің қаулысымен талап қоюшыға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартылды. Бас тартуға Қалалық сәулет басқармасының теріс қорытындысы негіз болды, одан жер учаскесі ішінара көшенің «қызыл сызықтары» шегінде орналасқандығы және қала әкімдігінің қаулысымен бекітілген қала аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келмейтіндігі көрсетілген.

Пайдаланылмаған жерлерге қатысты мәжбүрлеп алып қою мәселелері де сотта қаралуды.

Жер кодексінің  92-бабына сәйкес егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін және жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану үшін жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға берілген нұсқаманың мерзімі өткеннен кейін беріледі.

Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қолдану үшін мерзім – бір жыл, ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде – жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі анықталған кезден бастап үш ай болып белгіленеді.

Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы нұсқама жер учаскесіне құқық ауыртпалығы ретінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады.

         Резервке қойылатын жерлерге қатысты да даулар бар

         Арыс қаласы әкімиятының 2002 жылғы «Сапарбай-К.Ш.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 846,29 га жайылымдық жері уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен ұзақ мерзімге жалға берілген. Аталған қаулы негізінде жер телімін жалға беру туралы келісім шарт жасалған.

Арыс қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №431 қаулысымен пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру мақсатында «Сапарбай-К.Ш.» ЖШС-нің аумағы 846,29 га жер учаскесі он жылға резервке қалдырылған.

Жерді резервке қою елді мекендердің дамуын қамтамасыз ету, жоспарланып отырған инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілерін, стратегиялық объектілерді, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру, жеке ауласын және бақша шаруашылығын ұстау бойынша халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында жайылымдық және шабындық алқаптарды пайдалану үшін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану, индустриялық аймақтарды құру мақсаттары үшін мемлекеттік меншіктегі жерде резервтік аумақтар құру арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, жерлерді резервке қалдыру тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №178 бұйрығымен бекітілген Жерлерді резервке қалдыру қағидаларымен (бұдан әрі – Қағида) айқындалады. 

Қағиданың 7)тармағына сәйкес, мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға резервте қалдырылатын жер учаскелері бойынша мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерді, сондай-ақ орналасқан ахуалдық сұлбасын ұсынады.

Сонымен қатар, Қағиданың 18), 19)тармақтарына сәйкес, жерлерді резервте қалдыру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі ол қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға оны мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасына енгізу үшін жолдайды. Жерді резервте қалдыру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде учаскелері резервте қалдырылған жерлердің құрамына енгізілген жер пайдаланушылар мен сервитут иелерін хабардар етеді, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы жерді резервте қалдыру туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

Бұл талаптар өз деңгейінде орындалмайтындықтан сотта көптеген даулар туындап сот шешімі арқылы дау шешіліп келеді.

Түркістан облысы мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының

төрағасы

 Шарипов Марат Ырсынбетулы

Деректерді қорғау заман талабы

2025 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Почему мы перестали читать?

ГДЕ-ТО В ДАЛЕКИХ 90-Х ГАЗЕТНЫЕ ЗАМЕТКИ БЫЛИ НЕ ПРОСТО...

Прогресс и правовая культура

Внедрение в Восточно-Казахстанской области информационной системы «Единый государственный кадастр...

Общественная безопасность и личные свободы

Современное общество находится в постоянном поиске баланса между двумя...

Халықаралық шарттар туралы

            Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық...