12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Руслан Қошқарбаев: «Туризм – Қазақстанды әлемге танытатын ұлттық бренд болуы тиіс»

Руслан Қалдыбайұлы Қошқарбаев, халықаралық гид-нұсқаушы, виза сарапшысы, кәсіпкер

– Руслан Қалдыбайұлы, алдымен оқырмандарға өзіңізді таныстыра кетсеңіз. Сізді көпшілік саяхатшы, кәсіпкер ретінде біледі. Атыңыз елге аса таныс болмағанымен, тегіңіз қазақтың батыр ұлы – Рақымжан Қошқарбаевпен аттас екен. Батырдың ұрпағысыз ба?

– Мен Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тумасымын. Бүгінде халықаралық дәрежедегі гид-нұсқаушы, виза сарапшысы әрі кәсіпкер ретінде отандық туризмнің дамуына үлесімді қосып келемін. Иә, тегім қазақтың Халық қаһарманы, Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан атамызға ұқсас. Бірақ туыстық қатынасымыз жоқ. Дегенмен Абай атамыз айтқандай, «Болмасаң да ұқсап бақ». Біз де Рақымжан Қошқарбаев секілді еліміздің көк байрағын әлемге танытуға талпынып жүрсек – сол үлкен мәртебе.

– Туризм саласында жүрген маман ретінде айтыңызшы, шетелге шығатын немесе елге келетін туристерге ең алдымен нені білу қажет?

– Турист үшін ең бастысы: Барған елінің мәдениеті мен дәстүрін; Халқының тұрмыс-тіршілігін; Саяси ахуалын, қауіпсіздік деңгейін; Жоспар мен қауіпсіздікке қатысты чек-листті алдын ала білгені дұрыс.
Бір ғұлама айтқандай, «Жаңа елді көрген адам – жаңа кітап оқығанмен тең».

– Қазақстан туризмі жайлы жиі айтасыз. Біздің елге турист тарту үшін нені үйренуіміз қажет?

– Көп елдерден үйренеріміз бар. Қазақстан туризмінің алға жылжуына кедергілер жетерлік: Инфрақұрылымның әлсіздігі; Шетелдік туристерге кәсіби қызмет көрсете алатын компаниялардың аздығы; Халықаралық деңгейде жарнаманың жеткіліксіздігі; Қонақүй мен баға саясатының тұрақсыздығы; Инвестор тарту мәселесінің кенжелеп қалуы.
Ал шетелден туристерді қызықтыратын көрікті жерлер бізде жетеді: Көлсай мен Қайыңды, Шарын шатқалы, Балқаш пен Алакөл, Бурабай, Түркістан, Маңғыстау, Бектау ата, Отырар секілді тарихи-мәдени мұраларымызды әлемдік деңгейде таныстыруымыз қажет.

– Соңғы жылдары жастар шетелге жұмыс іздеп жиі кетіп жатыр. Өкінішке қарай, алданып қалып жатқандары да бар. Сіздің кеңесіңіз?

– Бұл мәселе расымен өзекті. Жастар әлеуметтік желіден шетелде жалақы жоғары, жұмыс жеңіл деген ақпаратты көп көреді. Бірақ келісімшартты толық оқымай, міндеттерін түсінбей барып, алданып қалып жатады. Сондықтан кез келген жұмысқа барар алдында құжаттарды мұқият қарап, компанияның заңдылығына көз жеткізу қажет.

– Сіз жетекшілік ететін “RK Travel.kz” орталығының өзгелерден ерекшелігі неде?

– Біздің басты артықшылықтарымыз: Бұл саладағы 15 жылдық тәжірибе; Бағаның қолжетімді болуы (сапаға көбірек мән береміз); Қызметкерлердің кәсіби деңгейі жоғары; Бүгінге дейін клиенттердің шағымы болмаған.
Ал туристерге кеңесім – компаниямен келісімшартты міндетті түрде оқу. Барлық талап пен баға ашық жазылған құжатқа қол қойған дұрыс.

– Қазір қай бағыттар қазақстандықтар арасында ең сұраныста?

– Түркия, БАӘ, Тайланд, Вьетнам, Египет пен Еуропа елдері – жағажай туризмінде алдыңғы орында. Ал студенттер көбіне АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Австралияны таңдайды.

– Сіздіңше, туризм индустриясында жастардың рөлі қандай?

– Жастар – туризмнің болашағы. Қызметкерлердің кәсіби деңгейі елдің имиджін көрсетеді. Қазақстанда кәсіби мамандар аз, сондықтан жастарды оқыту, халықаралық көрмелерге, конференцияларға қатыстыру қажет. Министрлік пен жергілікті басқармалар осыған қолдау білдіруі тиіс.

– Пандемия туризмге қалай әсер етті?

– Бұл салаға үлкен соққы болды. Бірақ жаңа мүмкіндіктер де ашылды: Ішкі туризмге қызығушылық артты; Санитарлық талаптар күшейді; Онлайн қызметтер мен цифрлық технология дамыды; Икемді жоспарлау қажеттілігі туды; Экологиялық туризмге бетбұрыс жасалды.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында жасанды интеллекттің маңызын атап өтті. Туризм саласында қандай жаңалықтар күтілуде?

– Алдағы уақытта: Туроператорлардың бірыңғай цифрлық реестрі; Барлық қызметті біріктіретін мобильдік қосымша; “Green corridor” және Neo Nomad Visa реформалары; Туристік аймақтардағы интернет сапасын арттыру жоспарлануда.
Егер осы жобалар іске асса, Қазақстан туризмі әлемдік деңгейге көтеріледі.

– Ішкі және халықаралық туризм арасындағы айырмашылық қандай?

– Халықаралық туризм – әлдеқайда жоғары деңгейде. Ішкі туризм әзірге орташа деңгейде ғана. Алматы облысы, Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан өңірлеріндегі нысандар белгілі болғанымен, жалпы ел бойынша инфрақұрылым жетіспейді.

– Соңғы сұрақ: Қазақстанда туризм саласына үлес қосып жүрген тұлғалар кімдер?

– Бұл сала тек бір адамның емес, тұтас ұжым мен ұйымдардың еңбегі. Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Туристік Ассоциациясы, National Geographic Қазақстан арнасы және саяхатшы блогерлердің еңбегін ерекше атар едім.

  • Тағылымды сұхбатыңыз үшін алғыс білдіремін.
  • Рахмет! Сіздерге де шығармашылық табыс тілеймін.

Түйін сөз:
Руслан Қошқарбаев – еліміздің туризм саласына үлес қосып жүрген жас мамандардың бірі. Оның айтуынша, Қазақстан табиғаты мен тарихы бай мемлекет болғанымен, туризмді дамыту үшін кәсіби мамандар даярлау, инфрақұрылым тұрғызу, халықаралық деңгейде жарнама жасау – басты міндет.

Инклюзия и тифлопедагогика

В НАЦИОНАЛЬНОМ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОМ ЦЕНТРЕ РАЗВИТИЯ СПЕЦИАЛЬНОГО И ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ...

О благонадежности в предпринимательской деятельности

В настоящее время каждый предприниматель сталкивается с вопросом проверки...

Аспекты таможенной экспертизы

В этом году исполнилось 30 лет Конституции Казахстана. Напомним,...

Профилактика как гарант законности и порядка

СОТРУДНИКИ ПРОКУРАТУРЫ Г. ШЫМКЕНТА СОВМЕСТНО С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ УПОЛНОМОЧЕННЫХ ОРГАНОВ...

Вектор развития науки и образования

Преподаватели и студенты Казахского национального университета им. аль-Фараби совместно...