Авторлық құқық: қазіргі жағдайда авторлардың құқықтарын қорғаудың маңызы

Қазіргі қоғамда зияткерлік қызмет нәтижелері мәдениеттің, ғылымның, білім берудің және экономиканың дамуына маңызды үлес қосады. Зияткерлік меншік институттарының ішінде авторлық құқық ерекше орын алады, себебі ол ғылым, әдебиет және өнер туындыларын құқықтық қорғауды қамтамасыз етіп, олардың авторларының заңды мүдделерін қорғайды.

Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына сәйкес авторлық құқық шығармашылық қызметтің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Мұндай объектілерге әдеби шығармалар, музыкалық туындылар, фотосуреттер, аудиовизуалды шығармалар, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалар, бейнелеу өнері туындылары және зияткерлік еңбектің өзге де нәтижелері жатады.

Авторлық құқық туынды жасалған сәттен бастап туындайды және міндетті түрде тіркеуді талап етпейді. Авторға авторлығын тануға және туындыны бұрмалаудан қорғауға байланысты жеке мүліктік емес құқықтармен қатар, туындыны пайдалануға рұқсат беру немесе оған тыйым салу мүмкіндігін көздейтін мүліктік құқықтар да тиесілі болады.

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында авторлық құқықтарды сақтау мәселелері ерекше өзектілікке ие болып отыр. Интернет желісі мен цифрлық платформалардың кеңінен таралуы әртүрлі туындыларға қолжетімділікті арттырғанымен, оларды заңсыз пайдалану жағдайларының да көбеюіне алып келді. Тәжірибеде автордың немесе өзге де құқық иеленушінің келісімінсіз туындыларды көшіру, тарату, жариялау және пайдалану фактілері жиі кездеседі.

Туындының ашық қолжетімді ортада орналастырылуы автордың өз құқықтарынан бас тартқанын білдірмейтінін ескерген жөн. Авторлық құқық объектілерін тиісті рұқсатсыз пайдалану заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Музыкалық шығармаларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды және зияткерлік меншік объектілерін кәсіпкерлік қызметте, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және интернет-ресурстарда пайдалану кезінде авторлық құқықтардың сақталуына ерекше назар аудару қажет. Заңнама талаптарын сақтау адал іскерлік тәжірибені қалыптастыруға және шығармашылық еңбек нәтижелеріне құрметпен қарауға ықпал етеді.

Соңғы жылдары жасанды интеллект технологияларын пайдалану мәселелері де өзекті бола түсуде. Аталған технологиялардың дамуы жаңа контент жасауға мүмкіндік бергенімен, зияткерлік қызмет нәтижелерін құқықтық қорғау және авторлардың құқықтарын сақтау мәселелерін де күн тәртібіне шығарып отыр.

Авторлық құқықтарды құрметтеу шығармашылық қызметтің және қоғамның зияткерлік әлеуетінің дамуының маңызды шарты болып табылады.

Осы саладағы заңнаманы сақтау авторлар мен құқық иеленушілердің заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Баймаганбетов Н.А. Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы

Адалдық пен заңдылық – заманауи қоғам дамуының негізі

Әділетті әрі тиімді мемлекет құру заңдылық, ашықтық және адалдық...

Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады

Германия соты Facebook желісінде федералдық канцлер Фридрих Мерцтің атына...

В Германии пользователей Facebook оштрафовали за оскорбления канцлера Мерца

Суд в Германии признал законным наложение штрафов на двух...

Казахский тазы триумфально представлен на World Dog Show 2026 в Болонье

В Болонье завершилось историческое для Казахстана участие казахского тазы...