12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қоғамдық өмірдегі қолданысын кеңейту мәселелері талқыланды.

Отырысты Абай университетінің басшысы, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының төрағасы Болат Тілеп ашып, қоғамдық бірлестіктің облыстық және республикалық маңызы бар қалалық филиалдар туралы ережесін талқылаудан бастады. Сонымен қатар, қазақ тілінің болашағына қатысты толғақты пікірлерін ортаға салып, ана тілімізге байланысты жобаларды қағаз жүзінде қалдырмай, ендігі жерде нақты нәтижелерге жеткізетін істерді қолға алу қажеттігіне тоқталды.

– Филиалымыздың бүгінгі отырысы қазақ білімінің қара шаңырағы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтуі жайдан жай емес. Себебі, Хәкім Абайдың есімін иеленген оқу орны үшін мемлекеттік тіл әрқашан басты назарда тұрады. Қазақтың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлы алғаш сабақ берген қасиетті ордамызда ана тілі өз тұғырынан түскен емес. Сондықтан Алматы қаласы – ғылым-білім, мәдениет пен руханияттың орталығы десек, алып шаһардағы қазақ тілінің беделі мен қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын үздіксіз жүргізіп отыру ортақ мүддеміз, – деді Болат Анапияұлы.

Филиал төрағасы қазақ тілін балабақшадан бастап дәріптеу маңыздылығын сөз етіп, бүлдіршіндерге қазақша анимациялық фильмдерді көбірек ұсыну, «Қуыршақ» театрын мектепке дейінгі мекемелерге тарту, мектептерде тіл саясатын күшейту жөнінде ұсыныс білдірді. Халықаралық «Қазақ тілі» мұрындық болып отырған көптеген жоба бойынша жұмыс кестесін де ұсынды. Бұл жиылған тіл жанашырлары тарапынан қызу қолдау тапты.

Отырыста сөз алған белгілі қоғам қайраткері Асылы Осман жаңа серпін алған «Қазақ тілі» қоғамының жұмысына сәттілік тілеп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде отбасы институты рөлін арттыру қажеттігін сөз етті. «Мен әзірбайжан қызы болғандықтан, әкемнің «үйде ана тіліңде, түзде қазақ тілінде сөйле» деген ұстанымымен өстім. Неге отбасылар өз балаларына осындай талап қоймайды?! Әкемнің сол тәрбиесінен жаман болған жоқпын. Осы күнге дейін менің өмірім мемлекеттік тілмен біте қайнасып келеді. Қазақ тілінің өз тұғырына қонғанынша барымды саламын» деген сөзі көкірегі ояу талай азаматқа ой салғаны анық.

Бұдан өзге сөз алған Алматы қаласы әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов, «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС директоры Бижомарт Қапалбеков, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасарлары Жанатбек Ішпекбаев, Нұрболат Наржанов, қоғамның Алатау ауданындағы өкілі Болат Құрымбаев, т.б. азаматтар қазақ тілінің мәртебесін айғаймен емес, нақты істермен көтеру жөніндегі ойларын ортаға салды.

Кеңейтілген отырыста аудан әкімдері және орынбасарларының ұсынысымен қоғам жұмысын жандандыру үшін Алматының әр ауданынан жауапты тұлғалар бекітілді. Оларды Алматы қаласы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Әбиірұлы жеке-жеке таныстырып, қаланың 8 ауданында атқарылып жатқан жүйелі шаралар туралы айтып берді.

Жиын соңында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының төрағасы Болат Тілеп қатысушыларды мемлекеттік тілді дамытуға қатысты нақты ұсыныстарды жазбаша жолдауға шақырып, барша азаматтарды қоғамдық бірлестік жұмысына жұмыла үлес қосуға үндеді.

Жұмыс қорытындысы бойынша тіл жанашырлары дәстүрлі түрде кездесіп, кешенді жұмыстарды бірлесе атқаруға уағдаласты.

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...