Ата Заңымыз тарихымыздың тамырынан нәр алған

Тәуелсіз Қазақстанның қолданыстағы Конституциясының қабылданғанына биыл 30 жыл толады. Еліміздің  Конституциясы өзінің өміршеңдігін көрсетіп, оны қолдану мен нормаларын жүзеге асырудың мол тәжірибесі, бай дәстүрі қалыптасты. Оның негізінде еліміздің даму бағыты айқындалды. Конституцияда бекітілген құқықтық, демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет қалыптастыру, халықтың билікке қатысуын кеңейту, есеп беретін мемлекет құруға бағыттау қағидалары қоғамда түпкілікті бекітіліп, өз нәтижелерін беруде.

Тарихы тереңге кеткен қазақ жерінде орын алып жатқан жаңарулар мен жасаруларға төркүл дүние түгел көз тігіп отыр. Олар қазақ халқының мықтылығына, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағына қайран қалады. Бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктеріміз бен еңсерген еңбектеріміздің еш кетпеуі – далалық тарихымыздың тамырынан нәр алып, дүниеге келген Ата Заңымыздың арқасы екендігі даусыз. Ол ақиқат. Конституцияны қабылдау қарсаңында ұзақ мерзімді қызу жұмыстардың атқарылғаны, мұқият сараптаудан өткізілгені аян.

Білікті заңгерлердің қатысуымен дүниеге келген қолданыстағы  Конституциямыз Қазақстанның бесінші Ата Заңы болып табылады. (1926 жыл наурыз, 1937 жыл 5 желтоқсан, 1977 жыл 7 қазан, 1993 жыл, 1995 жыл 30 тамыз). Ол он бөлім, тоқсан тоғыз баптан тұрады. Конституциямызға әр жылдары (1998, 2007, 2011, 2017, 2019, 2022) өзгерістер енгізілді.

Еліміздің Ата Заңында мемлекеттің түбегейлі қағидаттары, қоғамдағы татулық пен саяси  тұрақтылық, экономиканың дамуы патриотизм мен барлық мәселелердің ашық түрде шешілуіне байланыстылығы атап көрсетілген. Демек, әр қазақстандық осы құндылықтарды берік сақтап, тәуелсіз еліміздің гүлденуіне өз үлесін қосуы тиіс. 30 тамыз – Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық өмірінде мән мен маңыздылығы жағынан ерекше орынға ие, халқымыздың ең жоғары дәрежеде атап өтетін басты мерекелерің бірі. Ендеше, бұл мерекені тойлауға баршамыздың атсалысуымыз мемлекетіміздің құқықтық іргетасы  — Ата Заңымызда негізі қаланған құндылықтарды насихаттаудың жемісі болатыны айқын.

Дәурен Мадалиев,

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Әміртаев съезде Қазақстандағы саясаткер-флюгерлер деп кімдерді меңзеді?

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияның кезектен...

Политики-флюгеры в Казахстане о ком говорил Амиртаев на Съезде?

Лидер партии «Байтақ» заявил, что XXI век требует зеленой...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз...

Кассациялық соттардың құрылғанына – 1 жыл

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттар...

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...