Мемлекет басшысы алаяқтарға ешқандай жеңілдік жасалмауы керектігін үнемі ескертеді. Бұл ретте елімізде қылмыстық заңдар барынша қатайтылуда. Сондықтан, азаматтар өздерінің әрбір әрекетінде абай болулары керек. Соңғы жылдары интернет алаяқтары белең алды. Мысалы, алаяқтар телефон арқылы азаматтардың жеке мәліметтерін ұрлайды немесе түрлі айланы қолданып, адамның өзінен банктік карталары туралы құпия ақпараттарды біліп алады. Телефон алаяқтары жәбірленушінің ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстырады.