12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстандық жас әнші Ерназар Жұбан Татарстанда өткен              х           халықаралық байқауда жүлдемен оралды

   Татарстан мемлекеті, Қазан қаласының төрінде 6 мемлекеттің ең талантты жастарын тоғыстырған, халықаралық деңгейдегі ең беделді музыкалық бәйге — «Новая волна — 2025» байқауы өз мәресіне жетіп, Қазақстан үшін тарихи сәтке айналды. 

    Қазақ елінің намысын абыроймен қорғап шыққан жас әнші, ерекше дауыс иесі Ерназар Жұбан 13 қатысушының ішінде суырылып шығып жүлделі үшінші орынды иеленіп, ел намысын асқақтатты. Әлемдік деңгейдегі музыкалық додада өнер көрсеткен Ерназардың орындау шеберлігі қазылар алқасын да, көрерменді де бей-жай қалдырмады.

   Байқаудың шешуші, үшінші кезеңінде Ерназар қазақтың көрнекті композиторы Хамит Жаңғалиевтің «Үзілмес үміт» әнін шырқап, төрешілердің жоғарғы ұпайына ие болды. Үш күндік байқау нәтижесі бойынша көпшіліктің көңілінен шыққан Ерназардың өнерін қазылар алқасы ерекше атап өтіп, көздеріне жас алған әсерлерін жасырмады. Ән соңында Татарстан халқы орындарынан тік тұрып, жас өнерпазға ерекше құрмет көрсетті. Қазақ тілінде шырқалған туындының сөзін тыңдарман түсіне қоймаса да, Ерназардың орындауы жүректі тербеп, көңіл толқытты. 

  “Байқау өз аяғына жетті. Бірінші, екінші кезеңдерде ұпай қорытындысы аз көрсеткенімен, үшінші, шешуші мәреде үздіктер қатары, үштікке ілінгеніме өте қуаныштымын. Қазіргі таңда кеудемді қуаныш пен мақтаныш сезімі кернеп тұр. Себебі Қазақстан бір емес, екі жүлдемен елге оралды. Маған сенім артқан барша Отандастарыма үлкен алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында жүлделі орынға ие болдым. Қазақстан алға!” — деп Ерназар байқау соңында өз әсерімен бөлісті. 

    Осындай айтулы бәсекеде үздік үштіктің қатарына ену — Ерназардың шеберлігін, табандылығын көрсетті және оның есімі халықаралық деңгейде кеңінен танылып үлгергенін атап өтеміз. Еске сала кетсек, былтыр ол Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық вокал байқауында бірінші орынға ие болған еді. Одан бөлек, 2023 жылы Алматы қаласында өткен «Жас қанат» республикалық байқауында бас жүлдеге қол жеткізген болатын. 

    Ерназардың “Новая волна — 2025” байқауындағы жеңісі тек өзінің емес, тұтас қазақ елі үшін айтулы оқиға. Оның өнер саласындағы жолы енді басталғанымен, әлемдік деңгейде есімі әлі талай мәрте аталатынын нық сеніммен айтуға болады.

Биыл еліміздің Ата Заңына — 30 жыл!

Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл. 1995 жылы бүкілхалықтық...

Ата Заң – ұлттың темірқазығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық...

Әділеттің ақ жолын ардақтаған азамат

Отставкадағы құрметті судья, заң саласының ардагері, ел алдында зор...

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды...

Послание Президента 2024: экологическое движение «Таза Қазақстан» объединило более 10,4 млн человек

По инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева в стране проводится...