12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құқықтық мемлекеттің тірегі — Конституция

Ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттiң тәуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын нақты айқындайтын негізгі Заңы болуы шарт және ол заңның барлық тілдегі мойындалған атауы – Конституция.
Конституция – құқықтық мемлекет, заңның жоғарғы мәртебелілігі мен мызғымас беріктігін, ұлттық идеологияның негізі мен түпқазығы бола отырып, халқымыздың дербес ел болуды армандаған мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен, елдігіміздің киелі кітабына айналған, қастерлі құжаты болып табылады.
Халқымыздың оны «Ата заң» деп ардақтауы бекер емес, себебі елдегі барлық заңдардың қайнар көзі, бастауы – Конституция. Қалған өзге де заңдар Конституцияның негізінде, оған қайшы келмейтін жағдайда ғана қабылданады. Сондықтан оның әрбір сөзін мүлтіксіз орындап, бұлжытпай сақтау – азаматтық қасиетті борыш болып саналады.
1993 жылы алғаш қабылданған Бас заңымыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы жекелеген өзгерістерге сәйкес бола алмай, 1995 жылдың 30 тамызында тарихи шешім қабылданып, бүкілхалықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көпұлтты халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге жария етіп, көптеген елдермен терезесі тең, іргетасы мықты елге айналып, Қазақстанның мемлекеттілігін айқындаған, Ата Заң екі қайтара түледі.
Еліміздің осы Заңының негізгі қағидалары барлық халықаралық стандарттарға сай келіп, қоғам мен мемлекетті дамытудың осы кезеңдердегі ең жетілдірілген үдерістерімен үйлесім тапты.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік тәжін кигенге дейін қаншама тар жол, тайғақ кешулерден аман өткен халқымыз бен азаттықты аңсаған бабаларымызды еске алсақ, бүгінгі бейбіт күніміз бен туған тіліміздің өз тұғырына қонғанына шүкіршілік еткеніміз абзал. «Ең жақсысы қай Конституция?» –деп ежелгі грек заң шығарушысы Солоннан сұраған кезде, ол: «Қандай халыққа және қай дәуір үшін екенін ең алдымен айтыңыз,» – деп жауап беріпті. Бұл сөз қазір де өз маңызын жойған жоқ.
Конституциямызға берілген көптеген зерттеушілердің пікірлеріне сүйенсек, ол әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 Конституцияның бірі ретінде мойындалған. Бұл – еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуірге нық қадам басқанын, Ата Заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек.
Бейбітшілігіміздің бастауы, тәуелсіздігіміздің айғағындай болған Ата Заңымыз – сан буын ұрпақ алмасса да ескірмейтін, ұлт пен ұлысқа бөлмейтін, адамның табиғи құқықтарын мойындап, оларды негізгі конституциялық құқықтар мен бостандықтар шеңберінде бекітіп, қорғау механизмдерін нақты қамтамасыз еткен құнды құжат.
Сондықтан да, жоғарыда тілге тиек еткендей: «Құқықтық мемлекеттің тірегі – Конституция» деп, біз бұл сөзді толық сеніммен айтуымызға толықтай негіз бар.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының
бас маман – сот отырысының хатшысы Қ.А.Қувандикова

Безопасный отдых: профилактика происшествий на воде в купальный сезон

  В купальный сезон во всех регионах страны продолжаются...

Разъяснение работы кассационных суда

 С 1 июля т.г. в Астане по поручению Главы...

Кассациялық сот жұмысын түсіндіру

 Биылғы 1 шілдеден бастап Астанада Мемлекет басшысының 2023 жылғы...

Завершились соревнования андроидов

В Пекине завершились первые в истории Всемирные игры андроидов,...

Сербия не введет чрезвычайное положение 

Власти Сербии не планируют вводить чрезвычайное положение из-за продолжающихся...