12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Интернет-алаяқтықтан сақ болайық

Әрбір күнімізде интернетті қолданып, алаяқтықтан сақ болу қажеттігін білсек те, алданып қалып жатқан азаматтарымызды көп естиміз. Әрине біз банк картамыз арқылы төлем жасаймыз, дүкеннен тауар аламыз, жұмыс іздейміз, тіпті ұсақ-түйек тұрмыстық шаруаларымызды да онлайн орындаймыз. Бірақ интернеттің пайдасымен бірге зияны да бар. Соның ішінде ең қауіптісі – интернет-алаяқтық. Өкінішке қарай, интернет-алаяқтықтан сақтану қажет екендігі жөнінде хабардар етілгенімен мұндай қылмыстар жылдан-жылға көбейіп келеді.

Интернет-алаяқтық дегеніміз – адамды алдап, сеніміне кіріп, оның ақшасын немесе жеке деректерін иемдену. Бұл қылмыстың қауіптілігі – алаяқтар көбіне көзге көрінбейді, олардың «құрбаны» болған адам көп жағдайда кеш түсінеді.

Алаяқтар түрлі тәсіл қолданады. Солардың ең жиі кездесетін түрлеріне тоқталып өтер болсақ, Мысалы:

Фишинг;
Бұл – жалған сайттар немесе жалған электронды хаттар арқылы жасалады. Мысалы, сізге банк атынан хат келеді, ішінде «Құпия сөзіңізді енгізіңіз, шотыңызды жаңартыңыз» деген жазу тұрады. Шындығында ол банк емес, алаяқтың сайты болуы мүмкін.

Онлайн саудадағы алдау;
Әлеуметтік желіде немесе сайтта арзан бағада телефон, киім-кешек, техника сатамыз деп жарнамалап, алдын ала төлем алған соң, тауарды жібермей қояды.

Жалған жұмыс ұсыныстары;
«Үйде отырып оңай ақша табасыз», «Шетелге жұмысқа шақырамыз» деп алдап, құжат рәсімдеу үшін немесе «қосымша шығындар» деп ақша сұрайды. Ақша алған соң, байланысқа шықпайды.

Инвестициялық алаяқтық;
Криптовалюта, қаржы пирамидалары немесе жалған инвестициялық платформалар арқылы «ақшаңды еселеп береміз» дейді. Алайда соңында қаражатты қайтармайды.

SMS және мессенджер арқылы алдау;
«Сізге сыйлық шықты», «Шотыңыз бұғатталды», «Жеңілдік ұтып алдыңыз» деген хабарламалар арқылы сілтемеге кіргізіп, жеке деректерді ұрлайды.

Әлеуметтік инженерия;
Алаяқтар телефон соғып, өзін банк қызметкері, полиция немесе курьер ретінде таныстырады. «Шотыңыздан күмәнді операция жүріп жатыр» деп қорқытып, картаның құпиясөзін алдап алады.

Әрине интернет-алаяқтықтан сақтану тікелей өзімізге байланысты. Ол үшін не істеуіміз қажет?

Алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолы – әркімнің қырағы болуы. Мұнда бірнеше негізгі кеңес бар:

  • Жеке мәліметті ешкімге бермеңіз. Банк картасының нөмірін, CVV кодын, құпиясөзді мүлдем айтуға болмайды.
  • Бейтаныс сілтемелерге кірмеңіз. SMS немесе хат арқылы келген күмәнді сілтемелерді ашпаңыз.
  • Онлайн саудада абай болыңыз. Белгісіз адамға алдын ала ақша жібермеңіз. Әрқашан тауарды алған соң ғана төлеңіз немесе тек сенімді интернет-дүкендерді таңдаңыз.
  • Банк қызметкері ешқашан құпиясөз сұрамайтындығын есте сақтаңыз. Егер біреу телефонмен хабарласып, картаның мәліметтерін сұраса, ол міндетті түрде алаяқ.
  • Құжат рәсімдеуде сақ болыңыз. Жұмысқа шақырған ұйымның ресми тіркелгенін тексеріңіз.
  • Балаларды да үйрету керек. Өйткені жасөспірімдер жиі әлеуметтік желілер арқылы алданып қалады.

Интернет-алаяқтық – бүгінде ең өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет тарапынан заң күшейтіліп, құқық қорғау органдары белсенді жұмыс істеп жатыр. Мұндай фактілерді анықтау мақсатында облыстық полиция департаментінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы құрылып, заманауи техникалармен жабдықталған. Құқық қорғаушылар бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізуде.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес, интернет арқылы жасалған алаяқтық үшін ірі көлемде айыппұлдан бастап, 7-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бірақ ең бастысы – әрбір адамның өз қауіпсіздігін ойлауы қажет.

Интернетте сақтық шараларын ұстану – қаражат пен жеке деректерді қорғаудың ең сенімді жолы. Қарапайым ережелердің бірі egov.kz порталы арқылы «банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін пайдаланып Сіздің атыңыздан онлайн несие ресімдеуге шектеу қоя аласыз. Мұндай қарапайым ережелерді сақтау арқылы біз алаяқтардың құрбаны болудан өзімізді және жақындарымызды сақтап қала аламыз.

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы

А.Өмірзақ

Сотты өзің таңдай аласың

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жаңғырту мақсатында Қазақстан Республикасының кейбір...

Татулық тірегі

Туған елім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы, Өссе...

2027 жылдың соңына дейін Күршім ауданының барлық ауылдары интернетпен қамтылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданының тұрғындарымен...

Спорт – стратегический ресурс Казахстана: цифры, факты,реформы

Каждый год в третье воскресенье августа в Казахстане отмечают...

СҚО-да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «EcoLife: жастардың таңдауы» атты экологиялық интерактиві өтті

Петропавлда Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында белсенді...