Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы басқарма құрылды

🔶 Астанада өтіп жатқан жыл сайынғы ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясы аясындағы панельдік сессияларда еліміздегі Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы басқарманың Ақтөбе облысында құрылғаны туралы хабарланды.

📎 Еске салайық, басқармаларды құру – қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын күшейтуге бағытталған реформаның бір бөлігі. Жаңа басқармалар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда негізгі буынға айналады. Олардың міндеті – өтініштерге жедел әрекет ету, отбасыларға көмек көрсету және өңірдегі бала әл-ауқатына жауапты барлық қызметтердің жұмысын үйлестіру.

✔️ Жергілікті атқарушы органдардың базалық құрылымына Балалардың құқықтарын қорғау басқармасын құруды көздейтін өзгерістер енгізілді. Басқармаға облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен аудандардағы балалардың құқықтарын қорғау бөлімдері, сондай-ақ елордадағы тиісті бөлімдер бағынады.

«Біз әр баланың сенімді қорғалуын қамтамасыз ететін жүйе құрып жатырмыз. Бұл мәселелерді жедел шешуге және балаларға жергілікті деңгейде көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

🔆 Аталған бөлімшелердің тиімді жұмыс істеуі үшін Оқу-ағарту министрлігі заңнамалық деңгейде норма бекітті – қорғаншылық және қамқоршылық органының бір маманы 5 мың балаға қызмет көрсетеді. Соның нәтижесінде биылғы жылдың басынан бері жергілікті деңгейдегі қызметкерлер саны 303-тен 896-ға өсті. Олар үшін оқыту курстары ұйымдастырылып, бірыңғай жұмыс стандарттары енгізілуде.

▪️ Жоба ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп жүзеге асырылуда және еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

Балалар мен ересектер жиі зардап шегуде – Президент қаңғыбас иттер мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасын дамыту аясында жануарларға қамқорлық...

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 47 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Алматы облысында «Жасыл болашақ» және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық...

«Ұлттық рухты ұлықтаған турнир: «ENU BARYSY – 2026» жеңімпаздары анықталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойына...

Турнир, прославляющий национальный дух: определены победители «ENU BARYSY – 2026»

В Евразийском национальном университете имени Л. Н. Гумилева состоялся...

В Алматы стартовал проект «Социальная мастерская»

В Алматы стартовал социальный проект «Социальная мастерская», направленный на...