Достық үйі – игілікті істердің ұйытқысы

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігінің, татулық пен өзара сыйластықтың айнымас кепілі. Мемлекетіміздің басты құндылығы – қоғамдық келісім мен тұрақтылық. Бұл жолда Ассамблеяның атқарып отырған рөлі орасан. Отыз жылдықтың биігіне көтерілген іргелі ұйымның арқасында елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Расында, Ассамблея – осы бауырмалдық пен достықтың нақты алаңы.
Елімізде 100-ден астам этнос өкілдері ынтымақта күн кешсе, олардың сексеннен астамы тарихы тереңге тамыр тартқан киелі Әулиеата өлкесінде тұрады. Өңірлік Ассамблея тарихы грек, өзбек, тәжік, ұйғыр, дүнген, кәріс, шешен-ингуш, орыс, түрік және күрді орталықтарының құрылуынан бастау алған болатын. Аймақта татулықта күн кешіп жүрген өзге ұлт өкілдерінің ымыралы ынтамығы арқылы Тараз қаласында алғаш рет 2005 жылы Достық үйі ашылып, 2016 жылы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешені аумағында айрықша сәулет үлгісімен салынған еңселі ғимарат – Достық үйіне көшірілді. Этностардың көптігі облыстың этносаралық қатынасының ерекшелігі болып табылады. Ал аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясы қанатының астына топтасқан 41 этномәдени бірлестік қоғамдағы сан қырлы мәселелерге үн қатып, бейбітшілік пен татулықтың орнауына үлес қосып келеді.

Мубарак ЖИНАҚБАЕВА,
Жамбыл облысы әкімдігі
ақпарат және қоғамдық даму басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы

«ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында өткен «Түркі әлемінің...

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...