№11 мекемесінде Қуыршақ театры өнер көрсетті

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты  №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөпірімдер, Алматы қаласы мемлекеттік Қуыршақ театрының «Қуыршақ думан» деген сахналық қойылымын тамашалады. Тәрбиелік мәні зор қойылым жазасын өтеуші жасөспірімдерге зор қуаныш сыйлады. Театрды қызыға тамашалаған балалар қуыршақтар өнерінен мол мағлұмат алып қана қоймай, өздерінің де балалық шақтарын еске түсіріп, риза болды. Қойылым соңында жасөспірімдер театр артистерімен кездесіп, олардың өнер жолындағы қызық оқиғаларымен танысты.

 Мұндай іс-шаралар бізге, әсіресе, аяғын жаза басып, сотты болған балаларға керек. Қуыршақ бейнелердің өзі оларды ізгілікке үндеп, адамгершілік қасиеттерге баули алады деп білемін. Бізге осындай танымдық, тәрбиелік, рухани кеш сыйлаған өнер өкілдеріне ризамыз. Жасөспірімдер де бір серпіліп қалды, — дейді түзеу мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Н.Керебаев.

                                            №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын,...

Казахстан нарастил производство и экспорт мороженого

35,1 тыс. тонн мороженого произведено в Казахстане  По итогам января–мая...