12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Абай мерейтойы – ұлт руханиятының ұлы тойы

Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл-хакімі, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Мерейтой еліміздің барлық өңірінде кең көлемде аталып өтіп, басты мақсат – хакімнің мол мұрасын дәріптеу, оның терең ойлары мен мәңгілік өсиеттерін жас ұрпақ санасына сіңіру. Абай облысында мерекелік іс-шаралар шілде айынан бастап қарқын алды. Қарауылтөбе аумағында қаз-қатар тігілген 184 киіз үй ұлттық нақыштағы үлкен ауылдың бейнесін қалыптастырды. Орталық алаңда 400 орындық сахна орнатылып, мерекелік шараларды тамашалауға жағдай жасалды. Жидебайдағы музей-қорық заманауи байланыс желісімен қамтамасыз етіліп, өңірдің басты мәдени орындары жаңаша түрлендірілді. Сондай-ақ «Абай елі» деп жазылған сәулетті белгі орнатылып, жолдар жөнделіп, инфрақұрылым жаңартылды.

Семей қаласында онкүндік мерекелік бағдарлама аясында республикалық «Абай QUIZ» зияткерлік ойыны ұйымдастырылып, оған 180 команда қатысты. Қала орталығында этноауыл бой көтеріп, қолөнер шеберлерінің көрмелері, концерттер, әдеби-музыкалық кештер өтті. 8–9 тамыз күндері Қарауылтөбеде «Жеті қазына» республикалық фестивалі, «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы, жас ақындар мүшәйрасы және «Адамзаттың Абайы» атты ақындар айтысы көрерменге ұсынылды. Сонымен бірге халықаралық ғылыми конференциялар, кітап көрмелері, ақындар фестивалі және «Абайға тарту» атты гала-концерт өтті. Алматы қаласында мерейтой ерекше форматта атап өтілді. Абай даңғылы бойында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, ұзындығы 15 шақырым болатын аумақ абаттандырылды. Бұл шаралар хакімнің табиғатқа құрметпен қарау жайлы ойларын насихаттауға арналды.

Абай мерейтойына орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарға арнайы құттықтау жолдап, ұлы ойшылдың қазақ мәдениеті мен ұлттық санадағы рөлін айрықша атап өтті.

«Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ретінде ол біздің дүниетанымымыздың көкжиегін кеңейтті. Ақын жастарды білімді, еңбекқор әрі жауапты азамат болуға шақырды. Оның идеялары бүгінгі күні де жаңа сападағы ұлт қалыптастыру ісіне қызмет етуде, ал өмір жолы – Отанға деген сүйіспеншіліктің және қоғамға жан аямай қызмет етудің үлгісі болып табылады», – делінген Президенттің құттықтауында.

Тоқаев Хакім Абайдың мол мұрасы тек қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін де рухани бағдарға айналғанын атап өтті. Оның ойлары мен өсиеттері ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Сондықтан Абай шығармашылығын зерттеп, оның туындыларының терең мәнін ұғына отырып, кеңінен насихаттау аса маңызды.

— «Бұл мерекелік іс-шара қасиетті топырақта – Абаймен бірге Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мұхтар Әуезов сынды ұлы тұлғаларды дүниеге әкелген өңірде өтіп отыр. Мемлекет бұл аймақты ұлттық мәдениеттің алтын қазығы ретінде дамытуға айрықша мән береді. Хакімнің өлеңдері мен «Қара сөздері» әлі талай ұрпақтың рухани нәріне айналатыны сөзсіз. Біз әрдайым Абай мұрасына адал боламыз», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанда 10 тамыз – Абай күні, бұл дата 2020 жылы ел Президентінің Жарлығымен бекітілген. Дәл осыдан 180 жыл бұрын қазақ даласының ұлы перзенті дүниеге келіп, елдер мен халықтар арасында мәдени көпір салды.

Аружан Мауленбай

Заң газеті

«Абайдың толық адам ілімінің негіздері» және «Ұлы Абаймен үндесу» атты екі кітаптың тұсауы кесілді

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қазақтың ұлы ақыны,...

Строительство и качество жизни: как одни проекты создаютновое будущее

Сегодня в Казахстане отмечается профессиональный праздник людей, чьими руками...

Құрылысшының қолында – елдің болашағы: Экономикалық өсудің негізі

Тамыздың екінші жексенбісінде Құрылысшылар күні аталып өтеді. Бұл саласы...