Астанадағы СИЗО-да қайтадан аяқ киімнің табанында телефонды өткізуге жасалған әрекет тоқтатылды

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №64 мекемесінде тағы да күдіктінің қолына телефон беру әрекеті тоқтатылды.

Қоғамдық қорғаушы, өз қорғауындағы тұлғаға кездесу кезінде заңсыз затты, атап айтқанда мобильді телефонды беруге тырысқан.

Телефон, айлакерлікпен жасырылып, кездесуде үстелдің астында алынып берілген. Дегенмен мекеме қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында бұл әрекет уақтылы анықталып, тоқтатылды. Аталған факт бойынша материалдар сотқа жіберілді.

— Астана қаласындағы ҚАЖ мекемесінде тағы да заңсыз заттарды өткізудің жолы кесілді. СИЗО қызметкерлері осындай заңсыз өткізу арналарын анықтау бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда. Бұл мәселе ерекше бақылауда, — деп атап өтті Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Даулет Рахимбеков.

Бұл мекемеде бұған дейін де осындай жағдайлар тіркелген, бұл қауіпсіздік шараларын үнемі күшейтудің маңыздылығын көрсетеді.

«Үздік психологиялық газет» байқауы өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемесінде...

Проведен конкурс «Лучшая психологическая газета»

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

В области Абай подведены итоги оперативно-служебной деятельности ДУИС за I квартал 2026 года

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось оперативное...

Alikhan Bokeikhan University студенттері ерекше қауіпсіздік мекемесінің қызметімен танысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Alikhan Bokeikhan...