ҚР Конституциясы – еліміздің негізгі заңы, жоғарғы заңдық күші бар құқықтық акт. Конституция барлық заңдар мен құқықтық-нормативтік актілердің негізі.
Қазіргі қолданыстағы Конституция 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Бұл Конституция Қазақстан тəуелсіздігін, мемлекеттік тұтастығын, басқару формасын жəне азаматтардың құқықтық мəртебесін айқындайды.
Конституцияда биліктің үш тармаққа бөлінуі нақты бекітілген:
– Заң шығарушы билік – Парламент.
– Атқарушы билік – Үкімет пен Президент.
– Сот билігі – тəуелсіз соттар.
Бұл принцип – биліктің тежемелік жəне тепе-теңдік жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған. ҚР Конституциясы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығын танытады. Əркімнің өмір сүруге, бостандыққа, қауіпсіздікке, еңбек етуге, білім алуға, ар-ождан еркіндігіне, ар-абырой мен қадір-қасиетті қорғауға құқығы бар. Дискриминацияға жол берілмейді – ешкім де жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, саяси көзқарасына, əлеуметтік жағдайына байланысты құқықтарынан айырылмайды. Сот билігі – тек соттарға
ғана тиесілі. Қазақстанда тəуелсіз, бейтарап жəне тек заңға бағынатын сот жүйесі жұмыс істейді. Сот төрелігі Конституция мен заңдарға ғана негізделеді. Конституцияның жоғарғы заңдық күші бар. Басқа барлық заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға сəйкес келуге міндетті. Яғни, азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін тікелей Конституция нормаларына сілтеме жасай алады. Қорытындылай келе, 1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының құқықтық жəне саяси жүйесінің іргетасы. Өйткені, ол тəуелсіз мемлекеттің демократиялық дамуына жол ашты, азаматтарды қорғауға құқықтық негіз қалады, сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімді жұмыс істеуін қамтамасыз етті.
М.УРАЗАЛИНА,
Ақтөбе облысының кəмелетке толмағандардың
істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының судьясы