12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙЛАРДАН САҚТАЙДЫ

Жаз мезгілі басталысымен еліміздің бірқатар ірі қалаларында балалардың биіктіктен құлау деректері күрт артты. Қайғылы жағдайлардың дені – көпқабатты тұрғын үйлерде терезе мен балконнан құлаған бүлдіршіндер. Мамандар бұл тенденцияға бірнеше фактор себеп екенін айтады. Ата-ананың қаперсіздігі, тұрғын үйлердегі қауіпсіздік шараларының ескерілмеуі және қарапайым қорғаныс торларының болмауы – жиі қайталанатын қасіреттің басты себебі.

Баяндайық, бір ғана бас қаланың өзінде жыл басынан бері 46 бала биіктен құлап кетіп, оның 13-і қаза тапты. Көпқабатты үйде тұратын ата-аналардың айтуынша, жаз келісімен балалардың терезе немесе балкон маңында көп уақыт өткізуі қалыпты жағдайға айналған. Бірақ оның арты қаншалықты қауіпті екенін көпшілік ескере бермейді. – Балаларға көз салу қиын. Қолымыздағы телефонға, үйдің шаруасына бір сəт алаңдап қалсаң, бала өздігінен терезеге шығып кетуі мүмкін. Қарасаң, бір бөлмеде отыр, бірақ келесі сəтте қайда кеткенін білмей қаласың. Əсіресе, күн жылығанда терезе ашық тұрады – бұл өте қауіпті, – дейді астаналық Айгүл Ардагер. Қауіптің алдын алу – алдын ала жүргізілетін жұмыс. Дегенмен, құзырлылар қол қусырып отырған жоқ. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін төтеншеліктер тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті мамандары үйлерді аралап, нұсқамалар таратуда. Олармен де тілдескен едік: – Біз тұрғын үйлерде үгіт-насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеміз. Биылдың өзінде 250-ден астам үйді аралап, 6 мыңнан аса арнайы нұсқама тараттық. Тұрғындармен кездесіп, WhatsApp мессенджерлері мен əлеуметтік желілер арқылы да ақпарат берудеміз. Мақсат – атааналардың назарын осы мəселеге аудару,– дейді Астана қалалық ТЖД Сарыарқа ауданы бойынша бөлімнің бас маманы Мирас Қадыржан Ал Қазақстанда жыл сайын 300-ге жуық бала биіктіктен құлап, түрлі деңгейде жарақат алады. Кейбір жағдайларда бұл трагедия адам өлімімен аяқталады. Мəселен, былтыр 215 бала биіктіктен құлап кетті. Өкінішке қарай, 13 бала ажал құшқан. Қалғандары түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Ал 2025 жылдың алғашқы алты айының өзінде бұл көрсеткіш екі есеге артты. Жыл басынан бері 200-ден астам жағдай тіркелді. Иə, терезе трагедиясының жиілеуіне тұрғын үйлердің қауіпсіздік талаптарына сай келмеуінен орын алатынын мамандар жиі айтып жүр. Мəселен, көптеген үйлерде қорғаныс торлары орнатылмаған, терезелерге бекіткіш қондырғылар салынбаған. Осы тұста өлім мен өмір мəселесінің жауапкершілігін құрылыс компаниялары да түсінсе игі еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметінше, үйдегі жарақаттардың 60 пайыздан астамы – балалардың биіктіктен құлауынан болатын қайғылы оқиғалар. Бұл – жаһандық проблема. Алайда дамыған елдерде терезелерге міндетті түрде қауіпсіздік құрылғылары қойы лады. Қазақстанда да осы тəжірибені міндеттеу мəселесі көтерілген еді. Тіпті жаңа құрылыстарға терезе торын орнату заң жүзінде шегеленді. Дегенмен, бұл соңғы жылдары бойкөтерген тұрғын жайларға ғана қатысты. Ал іргесі ертеде қаланған үйлер қауіптің нақ өзі болып, өзгеріссіз тұр. Оларды міндеттеу мүмкін болмады. Қош, қарапайым ғана сақтық ережелерін сақтау – баланың өмірін құтқарып қана қоймай, мүгедектік пен психологиялық соққының алдын алады. Балалардың амандығы – тек ата-аналар емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін ұмытпайық.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Қылмыстық істегі медиация

Республикамыздың Медиация туралы заңы халқымыздың дау шешуде ұмытыла бастаған бітімгершілік жолын қайта жаңғыртты. Аталған заңның жұмыс...

Қойбағаровқа неге күштеп психиатриялық сараптама жасамақ болды?

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...