Қазақстанның сыртқы сауда айналымының бестен бірі қазір Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің үлесінде. Еліміздің сыртқы сауда айналымында ТМД елдерінің үлесі биылғы қаңтар-сəуірде 26 пайызды, ал оның ішінде ЕАЭО кірмейтін Əзірбайжан, Молдова, Тəжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстанның үлесі бес-ақ пайызды құрады. Ал Еуропалық одаққа кіретін 27 елдің үлесі 36 пайыз болды. Ұлттық статистика бюросының мəліметі бойынша, қаңтар-сəуірде еліміздің ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 8411,1 млн АҚШ долларын құрады. Былтырғы сəйкес кезеңде ол 8725,7 млн доллар көлемінде болған. Яғни, бұл көрсеткіш өткен жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мəнде 3,6 пайызға төмен. Атап айтқанда, биыл тауарлар экспорты 2804 млн доллар (8,7% аз), импорт 5607,1 млн доллар (0,8% аз) деңгейінде қалыптасты. Негізгі көрсеткіштерді салыстырған кезде биыл қаңтар-сəуір айларында Қазақстанның сыртқы сауда сында ЕАЭО елдерінің үлесі былтырғы сəйкес кезеңмен салыстырғанда 0,1 пайызға ұлғайғанын да атап өткен жөн шығар. Есепті кезеңде Армениямен, Беларусьпен, Қырғызстанмен арадағы сауда өскенімен, Ресеймен арадағы сауда азайған. Тауар айналымының жалпы көлеміндегі ЕАЭО елдері үлесінің құрылымында Ресейдің үлесі басым (18 пайыз) болғандықтан, серіктес Армения, Беларусь, Қырғызстанмен арадағы саудадағы өсім номиналды мəнге əсер ете алмады. Осыған қарамастан, қаңтар-сəуірде Қазақстанның экспорттағы негізгі əріптес елдері: Италия, Қытай, Ресей, Нидерланды, Франция, Түркия. Ал импорттағы негізгі əріптес елдер қатарында Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, АҚШ, Түркия елдері бар. Яғни, импортта Ресей көшбасшылық орнын сақтап қалуда. Бұл ахуал, Ресей мен Украина арасындағы соғыстың жалғасуына қарамас тан, жақын арада өзгере қоюы екіталай. Өйт кені, ЕАЭО елдерінің үлесі қаңтар-сəуірде экспортта 12 пайызды, импортта 30 пайызды құрады. Былтырғы сəйкес кезеңмен салыстырғанда, ЕАЭО үлесі биыл экспортта өзгеріссіз қалғанымен, импортта 1,3 пайызға төмендегені байқалады. Алайда, бұл өзгеріс Қазақстанның сыртқы саудасындағы жалпы көрсеткіштерге айтарлықтай əсер ете алмайды. Өйткені, елімізде халықаралық ұйымдармен ықпалдастық мəселелері сөз болған кезде ЕАЭО-ның аты ерекше аталады. ЕАЭО экономикалық ұйым саналғанымен, одаққа мүше елдердің сыртқы саясатын айқындауда да рөлі өте зор. Сол себепті сауда-саттықтың кейбір мəселелерін талқылау кезінде ұйымның қызметіне қатысты саясаткерлер мен сарапшылар тарапынан түрлі сындар айтылады. Бірақ, ол ұйымның бағыт-бағдарына əсер етпейді. Бұған Қазақстан Республикасының экспорты мен импортының құрылымындағы тауарлардың негізгі үлес салмағы дəлел бола алады.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»