12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ДӘСТҮР МЕН ТАРИХ САБАҚТАСТЫҒЫ

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтары ұлттың ішкі тұтастығы мен тарихи жадының негізгі арқауы. Елдік сана, салт-дәстүр, ата-баба жолы мен тарихи жады мұның барлығы ұлтты ұлт етіп ұстап тұрған іргелі ұғымдар. Соңғы жылдары жаһандану үдерісінің қарқыны күшейіп, ұлттық бірегейлікке сын күн туа бастаған шақта бұл мәселенің өзектілігі одан сайын артып отыр.

Қазақ руханияты кең ұғым. Оған батырлық эпостар, шежірелер, мақал-мəтелдер, діни-танымдық ұстанымдар, ата-баба аруағына деген құрмет, ру мен елдің тарихы, тіпті ұлттық тағамдар мен киім үлгілеріне дейін кіреді. Алайда бұл бай мұра бүгінгі ұрпаққа қалай жетіп жатыр? Мəдениеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Қазбаева бұл мəселеде мектеп пен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін ерекше атап өтеді: «Балалар ұлттық тарихты тек даталар арқылы емес, кейіпкерлер арқылы, аңыздар арқылы таныса, ол жүрегіне жетеді. Мысалы, «Ер Төстік» пен «Қобыланды батыр» жай ертегі емес, рух пен намыс символы». Осы орайда Түркістан облысындағы «Ұлттық мұраны ұлықтау» жобасы ерекше назар аудартады. Аталған жоба аясында ауыл мектептерінде этноұйымдастырушы ұстаздар балаларға қазақтың дəстүрлі ойындарын, салттарын, шежірені үйретіп келеді. Балалар шынайы ортада киіз үй тігіп, қамшы өріп, қонақ күту əдебін меңгереді. Бұл рухани тəрбиенің нақты көрінісі. Алматы облысының Кеген ауданындағы Қарқара ауылында жыл сайын өтетін «Қымызмұрындық» этнофестивалі де жастарды ұлт құндылықтарына тартудың заманауи тəсіліне айналды. Мұнда мектеп оқушылары мен студенттер жылқы күтімі, бие сауудың мəні мен маңызын біліп, ұлттық асханамен танысады. Ауыл ақсақалдары жастарға ата-баба жолын насихаттайды. Мұндай жобалар бір реттік акция емес, жүйелі түрде ұйымдастырылса, олар ұлттық бірегейлікті бекемдеудің нақты тетігіне айналар еді. Өкінішке қарай, көптеген аймақта ондай бастамалар бір жолғы шарамен шектеліп жатады. Мемлекет тарапынан рухани мұраны қорғау мен дамыту бағытында түрлі бағдарламалар қабылданған. «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»сынды ірі жобалар аясында көптеген құнды еңбек жарық көрді. Бірақ бұл жобалардың жергілікті деңгейдегі көрінісі мен нəтижесі əрқилы. Сондықтан қазақ руханиятын бүгінгі қоғаммен, жас ұрпақпен сабақтастыру барлық білім беру, мəдениет жəне БАҚ саласы үшін ортақ міндет. Ұлттық құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа жалғасқанда ғана өміршең.

Самал АСҚАР

Курултай, экология и инвестиции в туризм: в Усть-Каменогорске обсудили проект Новой Конституции с представителями отрасли

В Усть-Каменогорске на площадке Восточно-Казахстанского технического университета имени Д....

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет...

Земля, предсказуемые правила и умное сельское хозяйство: в ВКО обсудили, что даст бизнесу Новая Конституция

В Усть-Каменогорске, на площадке Центрального Дома культуры, состоялась встреча...

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ РУХАНИ БЕЛЕСІ

Наурыз – адамзат өркениетінің терең тамырынан нәр алған, табиғат...

Жалпыұлттық коалиция өкілдері астаналық дәрігерлерге Конституциялық реформа жобасын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық...