12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жаңа технология несімен ұтымды?

Жаңа технология сот саласын жаңа биікке көтерді. Сатылап жеткен бұл жетістіктер әлі күнге көз алдымызда. Әрине, электрондық қызметтің алғашқы қарлығаштары ретінде енгізілген бастамалардың болашағына күмәнданушылар аз болған жоқ. Әсіресе сот істерін судьяларға автоматты түрде бөлу, арыздар мен құжаттарды электронды қабылдауға қатысты жаңашылдық өзін ақтайды дегенге сенбегендер көп. 

Өз арызын сот қызметкерлеріне арнайы келіп табыстап, ол үшін ұзын-сонар кезекке тұруды, қаптаған анықтама, құжат жинауды әдетке айналдырған азаматтарға бұл шынында таңсық еді. Алайда, көп уақыт өтпей жаңашылдықты меңгерген азаматтар талап арыздарын қашықтан жолдап, қажетті анықтаманы кедергісіз басып шығаратын болды. Жаңа технология жетістіктерін үйрету үшін сот тарапынан ауқымды іс-шаралар, түсіндіру, таныстыру жұмыстары қолға алынды. Тәжірибе барысында өзін ақтаған бұл жобалардың соңы барлық сот мәжіліс залдарын дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен жабдықтауға, «Сот кабинеті» сервисін жандандыруға жол ашты. 

Дыбыс-бейнежазу құрылғыларын орнату көптеген игіліктерге түрткі болды. Соның арқасында барлық сот отырыстары таспаға жазылды. Бұл өз кезегінде сот отырысы хатшыларының жұмысын жеңілдетті. Сондай-ақ сот отырысына қатысушылардың жауаптылығын көтеріп, процестің өз мәнінде өтуіне негіз қалады. Технологияның қызметімізді жеңілдеткені соншалық, кезінде қолданыстан шығару мүмкін еместей көрінген сот отырысының хаттамасы енді электронды түрде жүретін болды. Машинкамен жұмыс жасаған судьялар үшін компьютерді меңгеру қиын болған жоқ. Десе де, құжат айналымды қағазсыз, тек онлайн іске асыруды, сот отырыстарын адамның қатысуынсыз, қашықтан өткізуді осыншалықты тез меңгеру – ұжымның талабы мен бірлігінің арқасы дер едік.

Жаңашылдықтың қолға алынуы куәлардың сот отырысынан тыс жерде жүріп-ақ куәлік етуіне, өз пайымын жеткізуіне мүмкіндік берді. Кейіннен электрондық қызметтің қыр-сырын меңгерген сот судьялары мен сот қызметкерлеріне онлайн сот отырыстарын өткізу ешқандай қиындық тудырған жоқ. Әлемді әбігерге салған коронавирус кезінде де қазақстандық сот жаңа технология жетістіктерін пайдаланудың арқасында жұмысын ақсатпай, барлық істерді онлайн қарауға қол жеткізді.

Бүкіл халық еш кедергісіз қадағалаған «Бишімбаев соты» да, күні кеше Талдықорғандағы сот залына халықты онлайн жинаған «Шерзат ісі» де отандық соттың жаңа технологияны шебер меңгергенінің жемісі. 

         Десе де, онлайн процесс күрделі істерді қарауда қиындық тудырады. Экранның арғы жағында тұрған адам өз ойын жеткізуге шорқақтық танытады. Сотта интернет жылдамдығы жоғары, технология мінсіз болғанымен, азаматтардың бәрінде бірдей ұшқыр интернетке қолжетімділік жоқ. Сондықтан, смарт жүйе толық жанданғанша дау жоқ істерді ғана онлайн қараған дұрыс. 

         Сот жүйесінде әлі де жаңа жетістіктерге жетеріміз анық. Тек сол заманауи жаңашылдықтарды сапалы қолданатын жас мамандардың біліктігі де талап сай болса дейміз.

Майкүл МАМУТОВА,

Талдықорған әкімшілік

құқық бұзушылықтар

туралы сотының судьясыЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Алименттен жалтарғандар жауапкершіліктен құтылмайды

Ата-аналарға «бауыр еті баласын» бағып-күтуге қажетті қаржыны, яғни, алиментті төлету ең...

Тәуелсіз елдің тұғыры – Конституция

Аспан астында өз алдына ту тіккен әрбір елдің ең...

Қазақтың бас ақыны — Абай Құнанбаев

        2025 жылы қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушысы және...

Проблема выпадения детей из окон

В ПОСЛЕДНЕЕ ВРЕМЯ ДЕТСКИЙ ТРАВМАТИЗМ В БЫТУ ОСТАЕТСЯ ОДНОЙ ИЗ АКТУАЛЬНЫХ ПРОБЛЕМ СОЦИУМА. СРЕДИ ГЛАВНЫХ ПРИЧИН, СОПРОВОЖДАЕМЫХ ТЯЖЕЛЫМИ И ЛЕТАЛЬНЫМИ ИСХОДАМИ – ВЫПАДЕНИЕ МАЛОЛЕТНИХ ДЕТЕЙ ИЗ ОКОН МНОГОЭТАЖНЫХ КВАРТИР.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі...