ҰЛЫ ДАЛА ҮНІ

1 шілде күні Талдықорған қаласының орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлы дала үні» атты кең ауқымды облыстық мерекелік флешмоб өтті.

Аталған шара – халқымыздың төл өнерін дәріптейтін, мәдени сабақтастықты насихаттайтын маңызды мәдени оқиға болды. Бұл тарихи сәтте 5000 адам – кәсіби музыканттар, мектеп оқушылары, студенттер, өнер сүйер қауым қатысты.

Аталған жетістік Қазақстан рекордтар кітабының бас редакторы Қайрат Тазабековтың қатысуымен ресми түрде тіркеліп, жаңа рекордты растайтын сертификат Жетісу облысының әкімдігіне табысталды. Бұл – тек Жетісу өңірінің ғана емес, күллі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі оқиға ретінде бағаланды.

Флешмобқа облыстың барлық аудандары, облыстық басқармалар мен ұйымдардан келген қатысушылар белсене қатысып, ұлттық өнерге деген шынайы құрметтерін білдірді. 

Шара аясында қазақтың жыршылық-термешілік дәстүрінің көрнекті өкілі Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдық мерейтойына орай «Бақтыбайдың әуені» және танымал күйші-композитор Әбдімомын Желдібайдың «Ерке сылқым» күйлері орындалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара тек мереке емес, ұрпақтар арасындағы мәдени сабақтастықты нығайтып, жастардың ұлттық өнерге деген құрметін арттыруға бағытталған. Осындай мазмұнды бастамалар арқылы күй өнері мен домбыра дәстүрі кеңінен насихатталып, «Ұлы дала үні» флешмобы ұлттық құндылықтарды ұлықтаған айтулы оқиға ретінде ел есінде қалды.

Е.Ержанұлы, Жетісу облысы

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...