12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҮЛЕСТІК ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛ ЖӘНЕ ИНВАТАКСИ: ҮШ БАҒЫТТЫ ҚАМТЫҒАН ЖАҢА ЗАҢ

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау қызметтеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Осы жаңа заңның мазмұны мен мақсаты жайлы толығырақ білу үшін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашевке сұрақтар қойған едік.

Сүйіндік Тасеменұлы бізге  жаңадан қабылданған заң жобасының басты мақсаты жайлы талдап берді. 

Көлеңкелі құрылыстар болмайды

–  Бұл құжат үлестік құрылыс саласын мемлекеттік реттеуді күшейтуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді реттейтін нормалар мен ережелерді қатаңдату арқылы сұр құрылыс үлесін қысқартуға, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, автожол саласының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған. Заңның ережелерін шартты түрде 3 ірі блокқа бөлуге болады. Біріншісі – құрылыс және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнаманы жетілдіру; екіншісі – жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының сапасын арттыру; үшіншісі – мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтерін көрсету мүмкіндігін кеңейту. Заңның негізгі бағытына үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында нормалар, құрылыс салушыларға қатаңдату шараларының пакеті, сондай-ақ оларға қойылатын жағдайлар мен талаптарды жақсартуға мүмкіндік беретін ынталандыру шаралары көзделген үлестік құрылыс мәселелері жатады. Бұл тақырып бүгінгі таңда өте өзекті болып отыр. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» қолданыстағы заң ақшаны тартудың үш заңды әдісін көздейді. Біріншіден, бірыңғай оператордың кепілдігі. Барлығы 255 нысанға кепілдік берілді, бұл – салынып жатқан тұрғын үйдің жалпы нарығының төрттен бір бөлігі. Бүгінгі таңда оның ішінде 221 нысан бойынша құрылыс аяқталды. Екіншіден, банктердің құрылыс жобаларына қатысуы. Барлығы 588 нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат берілді. Сондай-ақ үшіншіден, көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын салғаннан кейін ақша тарту. Осы әдіспен 156 нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат берілді.

Үлестік құрылыста проблемалық нысандар бар

– Мәселен, 2025 жылдың басында республикада 41 проблемалық үлестік құрылыс нысаны және құрылысы жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз немесе бірыңғай оператордың кепілдігінсіз жүргізіліп жатқан 99 нысан бар. Бұлар қауіпті аймақта орналасқан және кез келген уақытта проблемалық санатқа өтуі мүмкін.

Кейбір құрылыс салушылар азаматтық-құқықтық қатынастарға сілтеме жасай отырып, жеке тұлғалармен әртүрлі брондау және инвестициялау шарттарын жасайды. Бұл азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпейді және нысан құрылысын кешіктіру, құрылыстың аяқталмауы, сапасыз құрылыс және үлескерлер үшін шығындар сияқты жағымсыз салдарға әкеп соқтырады.

Жосықсыз құрылыс салушылар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңды айналып өтіп, үлескерлердің қаражатын тартатын және соттарда істерді қарау кезінде үлескерлердің өздерін жеңіп шығатын жағдайлар аз емес. Осыған байланысты тұрғын үй құрылысы қызметінің ашықтығын, мәмілелердің қауіпсіздігін, үлескерлердің ақшасын мақсатты пайдалануды қамтамасызёё етуге, әлеуметтік шиеленісті және бюджетке түсетін жүктемені төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау қажеттілігі туындады. 

Жаңа заңдағы айрықша нормалар  қандай?

– Іргелі нормалардың бірі – салынып жатқан үйлерде тұрғын үй сатып алуға алдын ала шарттар жасасуға тыйым салу. Бұл өте маңызды, өйткені алдын ала келісімшарттар арқылы құрылыс салушылар азаматтардың қаражатын рұқсатсыз іске асыруы мүмкін. Осылайша, заң реттеуді күшейтіп қана қоймай, проблемалық нысандарды аяқтауға бағытталған мемлекеттік саясатқа үйлесімді жұмыс істейді. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен күресу және үлескерлердің құқықтарын қорғау үшін үлестік құрылыс кезінде тек қолмақол ақшасыз төлеу нысанына көшу көзделген.  

     Заңда аккредиттеуді жалпы құрылыс жұмыстары мен жол құрылысына бөлу көзделген. Бұл автожол саласындағы сапа мен қауіпсіздікке қойылатын ерекшеліктер мен жоғары талаптарды ескеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жол жобаларына қатысатын мердігерлердің біліктілігін бақылауды күшейтеді және олардың жұмыстарының салалық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл оқытылмаған ұйымдардың мамандандырылған жол жобаларына қатысуына жол бермейді.

Заңмен мердігерлер мен жобалаушыларды қоса алғанда, саланың барлық қатысушысы үшін заманауи шешімдердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жол-құрылыс материалдары мен технологиялары бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе енгізіліп жатыр. Бұл дәлелденген және тиімді технологияларды енгізу арқылы жолдарды салу мен жөндеудің сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жүйе ескірген және тиімсіз материалдарды пайдалануды азайта отырып, стандарттау және бақылау құралына айналады.

Ал заңның үшінші блогіне келсек, мұнда мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша жағдайларды жақсартуға мүмкіндік беретін ынталандыру шараларының пакетімен байланысты. Бұл өңірлерде мүгедектігі бар адамдардың көп санын қамтуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтер порталы арқылы инватакси қызметтерін көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.

      Заң тұрғын үйді қолма-қол ақшамен сатып алуға тыйым салмайды, түзетулер тек үлескерлердің ақшасын тартуға байланысты салынып жатқан жылжымайтын мүліктің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды көздейді. Бүгінгі таңда құрылыс салушылардың үлестік салымдарды заңсыз тартуы өзекті мәселе болып отыр. «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ (Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы) зерттеу нәтижелері бойынша 2024 жылы «сұр» тұрғын үй үлестік құрылысының нарығы 68%-ды құрады. Жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде толығымен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшу азаматтардан салымдарды заңсыз тартудың алдын алуға, мәмілелердің ашықтығын арттыруға, салық түсімдерін ұлғайтуға және ақшаны жылыстатуға қарсы күрес құралдарын күшейтуге мүмкіндік береді.

Аружан Мауленбай

Заң газеті

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...

ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТ ТІРЕГІ

Бүгінгі қоғамда патриотизм ұғымы түрлі мағынада қолданылып жүр. Бірі...

Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш орнатылмақ

Ақсуда атақты қобызшы Молықбай баба аруағына алып ескерткіш орнатылмақ....