12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Отандық кәсіпкерлікті қолдау шаралары

«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІККЕ СЕРПІН БЕРДІ. ОСЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕР НЕСИЕ БОЙЫНША СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІН СУБСИДИЯЛАУҒА, НЕСИЕНІ ІШІНАРА КЕПІЛДЕНДІРУГЕ, ШЕТЕЛДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУГЕ, Т.Б. СЕРВИСТІК ҚОЛДАУЛАРҒА ИЕ БОЛДЫ. ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘЛІМЕТІНШЕ, ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫННЫҢ ДЕРЕКТЕР ЖҮЙЕСІНЕ ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПОРЫН ТІРКЕЛГЕН.

Отандық кəсіпкерлік экономиканы көтерудің бірден-бір тəсілі. Сондықтан, елімізде кəсіпкерлікке ынталандыру шаралары жүйелі түрде іске асырылуда. Мысалы, 2023 жылы жастарды кəсіпкерлікке тарту мақсатында оларға 2,5 пайызбен микронесие беру қолға алынды. Бұл белгілі бір кəсіппен айналысып жүрген, сондай-ақ, кəсіп бастағысы келетін 21 мен 35 жас аралығындағы жастарға үлкен мүмкіндік болды. Аталған бағдарлама 2021-2025 жылдарға арналған кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында енгізілді. Қазіргі күні бизнес саласында 4 млн-нан астам азамат еңбек етуде. Мемлекет басшысының бастамасымен «Бизнестің жол картасы» жəне «Қарапайым заттар экономикасы» атты бағдарламалары біріктіріліп, шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдау мен дамытуға кешенді түрде кірісті. Соның нəтижесінде өткен жылы 12 мыңнан астам бизнес жобаларға 1 трлн теңге несие субсидияланды. Ал осы жылы бюджеттен шағын жəне орта бизнес өкілдерінің 40 мың жобасына, кəсібін енді бастағандардың 20 мың жобасына қаржы бөлінген. Бұған қоса он мыңнан аса кəсіпкер ақысыз оқытылып, 166 мыңнан астамына консультациялар берілген. Жалпы бизнесті қолдауда қабылданып жатқан кешенді шаралар ел экономикасындағы ШОБ үлесін 37 пайызға, отандық тауар өндірушілердің үлесі 1,8 пайызға ұлғаюына септігін тигізді. Қазақстандық тауар өндірушілерден мемлекеттік сатып алуларда басым тəртіппен сатып алынатын тауарлар тізбесі 3 есеге кеңейтіліп, ірі тапсырыс берушілердің сатып алу рəсімдеріне өзгерістер енгізілді. Нəтижесінде отандық тауар өндірушілермен 470 млрд теңгеге 100-ден аса ұзақмерзімді шарт, 134 млрд теңгеге 260-тан астам офтейк-келісімшарт жасалды. Яғни, өткен жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14 есеге көбейген. Əлеуметтік кəсіпкерлікті дамытуға да айрықша көңіл бөлінуде. Мысалы, биыл 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар мен салалық шектеулерсіз 7 пайыздық, яғни, 1,5 млрд теңгеге дейін кредитке субсидия қарастырылды. Инновациялық кəсіпкерлік отандық кəсіпкерлікті дамытудың маңызды бағыты. Сондықтан, бұл бағыттағы еңбек етіп жатқан кəсіпкерлерге де қаржылық тұрғыда айтарлықтай қолдау жасалуда. Шағын жəне орта бизнесті қолдаудың тағы бір шарасы синдикатталған кредиттеу, бұл бір мезгілде бірнеше банк 15 млрд теңгеге дейінгі ірі жобаларды қаржыландыратынын білдіреді. Бизнестің операциялық шығындарын төмендетуге арналған есеп-қисапты автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн болар. Мысалы, осы жылдың соңына дейін барлық есеп-қисаптың 40 пайызын оңтайландыру көзделуде. Отандық кəсіпкерлікті дамытуда кəсіпкерлерге консалтингтік көмек көрсету үшін салалық отандық жəне шетелдік консультанттар тартылуда. Мұндай шараның кəсібін енді бастағандар үшін берері мол. Ұлттық экономиканы 2030 жылға дейін екі есеге көтеруде отандық кəсіпкерлікті дамытудың маңызы зор. Осы себепті, экономикалық тұрақтылықты одан əрі нығайту Үкіметтің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Ұ.ТІЛЕУҚЫЗЫ, Алматы

В СИЗО Астаны снова пресекли попытку передачи телефона в подошве обуви

В учреждении №64 Департамента уголовно-исполнительной системы по городу Астане...

«Ұрпақтар есінде» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды

2025 жылғы 30 шілдеде Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Семь осуждённых освобождены по амнистии в честь 30-летия Конституции РК

28 июля в учреждении №3 Департамента уголовно-исполнительной системы по...

Алаяқтарға тосқауыл қажет

Соңғы жылдары елімізде алаяқтық оқиғалары артып барады. Әсіресе ғаламтор...