12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұлттық инфрақұрылым жоспары жүзеге асырылуда

ӨҢІРЛЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ДАМЫТУ ӘРҚАШАНДА БАСТЫ ОРЫНДА. ӨЙТКЕНІ, БҰЛАР АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ. ОСЫҒАН ОРАЙ, ҚАБЫЛДАНҒАН «ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ 2020-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ» БАСҚАРЫЛАТЫН УРБАНДАЛУ АРҚЫЛЫ ӨҢІРЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫН КӨЗДЕЙДІ.

Мемлекет басшысы ел үкіметінің алдына логистика мен көлік коммуникацияларын жақсарту, энергия көздерін дамыту арқылы шалғай елді мекендердегі халыққа қолайлы жағдай жасау міндеттерін қойды. Аталған міндеттерді 2029 жылға дейін жүйелі түрде орындауды қамтамасыз ету үшін «Ұлттық инфрақұрылым» жоспары жасалды. Онда елдің əлеуметтік-экономикалық жəне аумақтық дамуына ықпал ететін шаралар айқындалды. Энергетикалық инфрақұрылым, көлік инфрақұрылымы, сумен жабдықтау жəне су бұру инфрақұрылымы, цифрлық инфрақұрылымды бақылау жəне басқару бағыттарына бөлінген жоспарда іске асырылуы тиіс 204 жоба қамтылған. Бірінші бағыт бойынша, жаңа нысандар салып, ескілерін жаңарту, сондай-ақ, тұрғындарды газбен қамту деңгейін арттыру, ал екінші бағыт аясында көлік дəліздерін дамытып, жолдарды реконструкциялау мен теміржол желісін жаңғырту көзделсе, үшінші бағытта сумен қамтамасыз ету, су бұру жəне сарқынды суларды тазарту нысандарын салып, жаңғырту жоспарлары жасалған. Айрықша айтарлығы, цифрлық инфрақұылымды бақылап, басқаруда цифрлық шешімдер енгізіледі. Аталған төрт бағыттың əрқайсысының маңызы зор. Себебі, елімізде жарық, газбен, ауыз сумен, интернетпен, жолмен қамтылмаған елдімекендер жетерлік. Осыған орай, əр салада ауқымды жобалар қолға алынған. Мысалы, елімізде энергия тапшылығын жою мақсатында 2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт-тан астам энергия өндіруді көздейтін генерацияны дамыту бойынша кешенді бағдарлама жүзеге асырылуда. Екібастұз ГРЭС-2 стансасын кеңейту аясында жалпы қуаты 540 МВт болатын үшінші энергоблоктың құрылысы 2028 жылы іске қосылмақ. Алматыда ЖЭО-2 жəне ЖЭО3 орталықтарын газға көшіру көзделген. «Ұлттық инфрақұрылым» жоспары шеңберінде өткен жылы он екі мың шақырым автомобиль жолдарын жөндеп, салу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, республикамыздың негізгі өңірлері мен халықаралық көлік бағыттарын байланыстыратын төрт маңызды автожол дəлізін реконструкциялау басталып, нəтижесінде Қарағанды-Алматы (879 шақырым) автожолы, Талдықорған-Өскемен (768 шақырым) тасжолы жөнделді. Батыс Қазақстан облысының көлік қатынасын жақсартатын Ақтөбе-Қандыағаш (96 шақырым) учаскесіндегі жұмыстар да өз мəресіне жетті. Жалпы алғанда, осы жылғы қаңтар-ақпанда жолаушылар айналымы өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,2 пайызға көтеріліп, автомобиль көлігінде 33,3 пайыз, əуе көлігінде 9,3 пайызға өскен. Жоспардағы төртінші бағыт цифрландыруды жүзеге асыру бойынша IMD-2024 «Цифрлық бəсекеге қабілеттілік» рейтингінде Қазақстан 67 елдің арасында 37-орыннан 35-орынға шықты, яғни, бұл реттегі көрсеткіш екі позицияға жақсарды. Еліміздегі 6 179 ауылдың 42 пайызы жоғары жылдамдықты деректерді тарату технологиясымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерді шыны-талшықты байланыс желілеріне (ШТБЖ) қосу жобасы аясында 2027 жылдың соңына дейін интернет 3 781 ауылға жеткізілетіні туралы Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі мəлімдеді. Осы жылдың соңына дейін шалғайдағы 328 елді мекен интернет желісіне қосылады. Инфрақұрылымдық даму экономикалық өсуді ынталандыруда шешуші рөл атқаратындығы баршаға аян. Өйткені, мықты дамыған инфрақұрылым еңбек өнімділігін арттырумен қатар, бизнеске арналған шығындарды азайтып, халықтың өмір сүру сапасын арттырады. Республикадағы əр аймақтың даму көрсеткіші əртүрлі. Мұны ондағы жұртшылықтың күнкөріс деңгейінен, инфрақұрылымынан, білім, денсаулық салаларының сапасынан, т.б. көруге болады. Ұлттық статистика бюросы өткен жылы Атырау облысында жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) 45,2 мың АҚШ доллар болып, республика бойынша ең жоғары деңгейге жеткенін мəлімдеді. Бұл көрсеткіш Елордада – 22,3 мың АҚШ долларын, ең ірі мегаполис Алматыда – 27,6 мың долларды құраған. Ресми мəліметтер республикалық маңызы бар қалалар Алматы, Астана, Шымкентті қоспағанда Маңғыстау, Атырау жəне Алматы облыстарының даму қарқыны жоғары екенін көрсетеді. Бұл қатарда жаңадан құрылған Абай, Жетісу жəне Ұлытау облыстары бар. Мысалы, Абай облысында жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 32,5%, Жетісу облысында – 45,9%, Ұлытау облысында – 46,0%-ға артқан. Өңірлердің даму деңгейін кешенді бағалауда жұмыспен қамту, кəсіпкерлік белсенділік, адами капитал сапасы, инфрақұрылым деңгейі, инвестиция көлемі, т.б. жан-жақты зерттелуі тиіс. Мəселен, инвестиция тартуда Алматының белсенділігі жоғары, қалаға 3,8 млрд доллар тартылған. Бұдан кейінгі орын 1,1 млрд доллар инвестициясы бар Атырау облысының еншісінде. Түркістан облысына 685,1 млн доллар, Батыс Қазақстан облысына 647 млн доллар инвестиция құйылған. Ақпарат көздері Қызылорда облысы өңдеу өнеркəсібі мен құрылыс саласының дамуы жағынан барлық өңірдің алдында тұрғанын көрсетіп отыр. Ал металлургия мен көмір өнеркəсібіне бай Қарағанды өңірінде нақты көлем индексі – 113,1 пайызға өсіп, ол елдегі ең жоғары көрсеткіштердің біріне ие болды. Өңірдің дамуы – мемлекеттің дамуы. Сондықтан, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың жемісін береріне бек сенімдіміз.

Ұлбала ƏЛІШЕВА, журналист

В СИЗО Астаны снова пресекли попытку передачи телефона в подошве обуви

В учреждении №64 Департамента уголовно-исполнительной системы по городу Астане...

«Ұрпақтар есінде» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды

2025 жылғы 30 шілдеде Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Семь осуждённых освобождены по амнистии в честь 30-летия Конституции РК

28 июля в учреждении №3 Департамента уголовно-исполнительной системы по...

Алаяқтарға тосқауыл қажет

Соңғы жылдары елімізде алаяқтық оқиғалары артып барады. Әсіресе ғаламтор...