12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Инвестиция экономиканы оңтайландырады

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ӘЛЕМ ҚАЗАҚСТАНҒА ЗОР СЕНІМ АРТАДЫ, БІЗДІ «ОРТА ДЕРЖАВА» РЕТІНДЕ ТАНИДЫ. АЛАЙДА, БҰЛ ЖОҒАРЫ МӘРТЕБЕ ТЕК СЫРТҚЫ САЯСАТТАҒЫ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕРМЕН ҒАНА ЕМЕС, ЭКОНОМИКА, ИНВЕСТИЦИЯ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРМЕН ДЕ БЕКІТІЛУГЕ ТИІС» ДЕП, ЕЛІМІЗДЕ ИНВЕСТОРЛАР МӘСЕЛЕСІН ШЕШЕТІН ИНВЕСТИЦИЯ ШТАБЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА ЫҚПАЛ ЕТТІ. МҰНЫ АЙТЫП ОТЫРҒАНЫМЫЗ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖАҒЫНАН ДҮНИЕ ЖҮЗІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛТЫНШЫ ОРЫНДА ЕКЕНІН КӨРСЕТІП ОТЫР. БҰҒАН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫМЕН ІСКЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАН ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ ЗОР. ЭКОНОМИКАНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ОДАН ӘРІ АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ 2029 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІН 150 МЛРД АҚШ ДОЛЛАРЫНА ЖЕТКІЗУДІ ТАПСЫРҒАН БОЛАТЫН.

Инвесторларға жасалатын қолдау шаралары мен жеңілдіктердің бастысы ретінде заттай мемлекеттік грантты, оларды кедендік жəне импортты қосылған құн салығы мен мүлік, табыс, өзге де салықтардан босатуды, сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін импорттаудың артықшылығы бар режимді атауға болады. Өз кезегінде мұндай қолдаулар шетелдік инвесторларды елімізде қызметін тиянақты түрде ұзақ мерзімде жалғастыруға ынталандырады. Бұған қоса, өткен жылы инвестициялық штаб тапсырмасының негізінде инвестициялар тарту жөніндегі Ұлттық компания инвестициялық ахуалды жақсарту мен экономиканың əртүрлі салаларындағы кедергілерді жедел түрде анықтауды бастады. Тағы бір айтарлығы, инвестициялық жобаларды «жасыл дəлізге» қосу əдістемесі қолға алынды. Мұндай əдістеме инвестициялардың көлемі мен жобаның технологиялық сипатын, «Fortune Global 2000» құрамында инвестордың болуын, листинг құру, халықаралық биржалар үшін жұмыс орындарын құру секілді критерийлерді қамтуымен ерекшеленеді. Ұлттық банк 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 9,8 миллиард долларға жеткенін мəлімдеді. Ал Еуразиялық даму банкінің ақпараттарына жүгінсек, Қазақстан Еуроазиялық аймақта да инвестиция тартудан көш басында тұр. Мысалы, былтырғы бірінші жартыжылдықта Еуразиялық өңір елдері арасында жинақталған инвестициялардың жалпы сомасы 46,1 млрд долларды құраса, солардың ішінде Қазақстанның үлесіне аталған мерзімде экспортталған инвестицияның 80 пайызы тиген. Салаларға шаққанда инвестициялардың басым бөлігі тау-кен өндіру, өңдеу, тамақ, машина жасау, мұнай, газ жəне пайдалы қазбалар өнеркəсіптеріне бағытталған. Осы тұста айтып өтерлік тағы бір жайт, білім беру саласына бағытталған инвестиция көрсеткіші жоғары, мəселен, соңғы бес жылда білімге тартылған инвестиция көлемі жеті есеге өскен. Қазақстанға ең көп инвестиция салған елдердің алдыңғы шебінде Ресей, Нидерланд, Оңтүстік Корея, Бельгия, Қытай, Франция, Кипр, Ұлыбритания, Сингапур, Түркия тұр. Мемлекетіміздің инвестициялық ахуалы халықаралық компаниялардың өз стратегияларын əртараптандыру мен жасыл энергия, цифрландыру жəне технологиялық инновациялар сияқты негізгі салалардағы жобаларды қолдауға деген ынтасын арттыруда. Оған еліміздегі жаңа жобаларға 15,7 млрд долларды құрайтын қаржының тартылуы дəлел. Инвестициялық статистикаға сүйенсек, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1857,5 млрд. теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 0,5 пайызға өскен. Ал, шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары инвестицияның басым көзіне айналуда. Мысалы, бұл субьектінің үлесіне 1259,8 млрд. теңге тиесілі. Негізгі капиталға салынған инвестициялар ғимараттарды күрделі жөндеу, салу жұмыстарына жұмсалған шығындар былтырға қарағанда биыл 18,3 пайызға артқан. 2025 жылдың қаңтар-ақпанында негізгі капиталға салынған инвестициялардың 40,5 пайызы өнеркəсіпке, оның ішінде тау-кен өндiру өнеркəсiбі мен карьерлерді қазуға – 22,4 пайыз, өңдеу өнеркəсібіне – 11 пайыз, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға – 20,2 пайыз, көлік жəне қоймалау мен білім беру саласына – 12 пайыз бөлінген. Ірі кəсіпорындардың инвестициялық салымдарының көлемі биылғы қаңтар-ақпанда 652,6 млрд. теңгені құраған. Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі 2025-2030 жылдар аралығында АКТ секторына жалпы көлемі шамамен 1,3 трлн теңге инвестиция тартуды, ал KEGOC компаниясы генерация қуаттарын салу бойынша жалпы құны 2,3 трлн теңге болатын 8 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын жариялады. Өткен жылы өңдеу өнеркəсібі саласында 180 инвестициялық жобаны жүзеге асыру нəтижесінде аталған саладағы өсім 6 пайызға жуықтаған. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін айтқан Мемлекет бысшысының «Осы жақсы үрдісті біржола орнықтырып, сақтап қалу керек» деуі бекер емес. Мұндай ауқымды шаралар ішкі нарықтың қамтамасыз етілуіне, сол арқылы жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына мүмкіндік туғызады. Осы себепті, еліміздің экономикасын дамытып, мемлекеттер арасындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін шетелдік инвестицияларды тартып, тиімді пайдалану уақыт талабы.

Т. ИБАШЕВА, журналист

ӨЛЕҢДЕГІ ХАНТӘҢІРІН ІЗДЕП ӨМІР КЕШКЕН АҚЫН

Бастағы қайғым жайлы, Мұңым жайлы, Өткерген өксуменен күнім жайлы, Кестелеп қуанышты сәттерімді, Бозторғай-өлеңдерім...

Амнистия аясында: №64 мекемесінде сотталғандарды босату басталды

2025 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған...

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

5 августа текущего года Департаментом Агентства РК по делам государственной службы по...

Концерты, фильмы и зелёное платье: что спрашивали казахстанцы про Дженнифер Лопес

В августе в Казахстане состоятся два концерта Дженнифер Лопес,...