12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қаскелеңде Health Invest Forum — 2025 өтті: Денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту мәселесі талқыланды

Бүгін Қаскелең қаласындағы SDU университетінде Health Invest Forum — 2025 халықаралық форум s өтті. Іс-шараны Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырды.

Форум өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған инвестициялық жобаларды таныстыруға, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен бизнес қауымдастық, халықаралық ұйымдар мен инвесторлар арасындағы тиімді әріптестікті жолға қоюға арналған бірегей диалог алаңы болды.

Жиынға орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, шетелдік және отандық инвесторлар, дипломатиялық миссия басшылары, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық сала сарапшылары қатысты.

Форумның басты мақсаты — Алматы облысының денсаулық сақтау жүйесіне инвестиция тарту, инфрақұрылымды жаңғырту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясын кеңейту.

Іс-шара аясында мынадай өзекті бағыттар бойынша пікір алмасу өтті:

медициналық мекемелерді салу және жаңғырту,

денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру,

фармацевтикалық өндірісті дамыту,

диагностикалық және оңалту қызметтерін кеңейту,

инвестициялық тетіктерді жетілдіру.

Форум қатысушылары өңірдің даму стратегиясымен, жоспарланған жобалармен танысып, нақты ұсыныстарын білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар әлеуетті серіктестік туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай форматтағы алаңдар инвесторлармен тұрақты байланысты нығайтып, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ өңір халқының өмір сүру сапасын жақсартуға елеулі үлес қосады.

Health Invest Forum — 2025 еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жолындағы нақты қадамдардың бірі ретінде бағаланып отыр. Форум нәтижесінде өңірге тартылатын инвестиция көлемі артып, жаңа жобалар мен жұмыс орындарының көбеюіне жол ашылмақ.

Государственный советник вместе с членами Общенациональной коалиции провели ряд встреч с населением области Абай

Государственный советник Ерлан Карин совместно с членами Общенациональной коалиции «За...

Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы...

Экспертное мнение о конституционной реформе РК

Президента и эксперта «Центра исследований стран ЦА и перевода»  Ахмеда Мустафы...

Дыхание искусства

ВЫСТАВКА С ТАКИМ НАЗВАНИЕМ ОТКРЫЛАСЬ В АКМОЛИНСКОМ ОБЛАСТНОМ ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКОМ...

КазНУ формирует экологическую культуру

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби постоянно проходят мероприятия,...