АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ТӨРТ ӘЙЕЛ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ

Кеше Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті № 13 мекемесінен 4 сотталған әйел Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай қабылданған «Рақымшылық туралы» заңы бойынша бостандыққа шықты.
Олардың арасында жасы 50-ден асқан, 2 топтағы мүгедек және кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдер бар.
Мемлекет басшысы “Ең алдымен, әлеуметтік жағынан осал топқа жататын адамдарға, яғни, баласы бар әйелдерге, егде адамдарға, кәмелет жасына толмағандарға және осы санаттағы басқа да азаматтарға кешірім беріледі”- деген болатын.
Рақымшылыққа онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана ілінетінін ескерсек, жоғарыда аталған сотталғандар да осындай санаттағы қылмысы үшін бас бостандығынан айырылғандар.
Бостандыққа шығару алдында мекеме мамандары әйелдермен еркін өмірде қайта адаспаулары туралы әңгіме өткізіп, олардың балаларымен аман қауышып, аналық парыздарын адал өтеулеріне тілек білдірді.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...