12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу судьясының өкілеттігі

1 қаңтар 2015 жылдан бастап елімізде жаңа Қылмыстық-процестік кодекс күшіне еніп, тергеу судьясы лауазымы бекітілген. Осы Қылмыстық — процестік кодекстің 7- бабы 47) тармағында тергеу судьясы туралы түсініктеме берілген, яғни тергеу судьясы – сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы сот судьясы. Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚР ҚПК-нің 56-бабында айқындалған.

Тергеу судьясының өкілеттігі жоғарыда аталған кодекстің 55 — бабында көрсетілген. Яғни, Қылмыстық — процестік кодекстің 55 бабына сай сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы: 

1) күзетпен ұстауды санкциялау;

2) үйқамақты санкциялау;

3) лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау;

4) жақындауға тыйым салуды санкциялау;

5) экстрадициялық қамақты санкциялау;

6) күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту;

7) кепілді қолдану;

8) мүлікке тыйым салуды санкциялау;

9) күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру;

10) бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру;

11) мәйітті эксгумациялау;

12) күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау мәселелерін қарайды;

13) қарап-тексеруді санкциялау;

14) тінтуді санкциялау;

15) алуды санкциялау;

16) жеке тінтуді санкциялау мәселелерін қарайды.

Сонымен қатар тергеу судьясы:

1) анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;

2) тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дәлелдемелерді өткізу туралы мәселені қарайды;

3) сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәның айғақтарын сақтауға қояды;

4) адвокаттар мен прокурорларды қоспағанда, сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік міндеттерді орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын тұлғаларға ақшалай өндіріп алуды қолданады;

5) прокурордың ұсынуымен қылмыстық іс бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені қарайды;

6) сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қылмыстық іс үшін маңызы бар кез келген мәліметтерді, құжаттарды, нәрселерді талап етіп алдыру және қылмыстық іске қосып тігу туралы мәселені қарайды;

7) қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаса, сараптама тағайындау туралы мәселені қарайды;

8) қылмыстық процесті жүргізетін органға айғақ беруі үшін келуін қамтамасыз ету қиындық тудыратын, бұрын өздері жауап алған куәні, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтінішхаты бойынша, мәжбүрлеп әкелу туралы мәселені қарайды және өзге де өкілеттіктерді орындайды.

Тергеу судьясының қаулысына Қылмыстық Процестік Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін. Егер заңды және негізделген шешім шығару үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың және прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы қаулы етеді.

Егер тексеріс кезінде жасырын тергеу амалдарын жүргізу туралы шешімнің заңсыз екендігін анықтаса, прокурор тергеу судьясына тиісті өтініш беруі керек

Жасырын тергеу әрекеттері прокурордың өтініші негізінде тергеу сотымен тоқтатылуы мүмкін.

Судьяға қатысты жасырын тергеу iс-әрекетiне рұқсат беру Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келiскен алдын — ала тергеу органының шешiмi бойынша Астана қаласының тергеу судьясымен санкцияланады.

Ж. Е. Исабаева, Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...