12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу судьясымен санкцияланатын тергеу әрекеттері

Тергеу судьясының жұмысын жандандыру шараларына соңғы жылдары ерекше мән беріле бастады. Соның ішінде «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарында нақты айтсақ, 22-қадамда адамның және азаматтардың конституциялық құқығын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттікті тергеу судьясына біртіндеп беру арқылы сотта  айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңдікті қамтамасыз ету мақсаты қойылған болатын. Осының нәтижесінде тергеу судьяларының құзыреті кеңейіп, өкілеттіктері артты. Тергеу судьясының өкілеттігіне қарап-тексеру,тінту, айғақ зат алу, жеке тінту, күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ, лауазымнан шеттету, жақындауға тиым салу, кепіл қолдану, мүлікке тыйым салу, мәйітті эксгумациялау, халықаралық іздеу жариялау т.б. кіреді. 

       Тергеу судьясының басты міндеті қылмыстық іс қозғалғаннан сотқа түскенге дейінгі аралықта сот бақылауын жүргізу, сондай ақ, ол Қазақстан азаматтары құқықтары қоғалуын прокурорлармен бірдей қадағалайды және өз құзыретіне кіретін мәселелерді сот отырысын жүргізбей-ақ жеке дара қарайды. Сонымен қатар тiнту мен алуды жүргiзу тәртiбi ҚР ҚПК-нің 220,254-баптарына сәйкес жүргізіледі. Алу, егер іс үшiн маңызы бар белгiлi бiр нәрселер мен құжаттардың қайда және кiмде екенi анық белгілі болса, оларды, сондай-ақ тәркіленуге жататын мүлікті алып қою мақсатында жүргiзiледi. 

       Материал сотқа келіп түскен соң, тергеу судьясы тінту мен алуды санкциялау туралы өтінішхатты дереу қарайды. Тергеу судьясы өтінішхатты және ұсынылған материалдарды қарап шығып, санкциялайды не оны санкциялаудан уәжді қаулымен бас тартады. Тергеу судьясының шешімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі. Тiнту мен алуды сотқа дейінгі тінту мен алуды жүзеге асыратын адам уәждi қаулы бойынша жүргізеді. Тiнту жүргiзу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыны тергеу судьясы санкциялауға тиiс.

        Тiнту мен алуды жүргізу туралы қаулыны санкциялау осы Кодекстiң 220-бабының 13-1, 13-3 және 13-4-бөлiктерiнде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.Тұрғын үй-жайда онда тұрып жатқан адамдардың еркiнен тыс алу осы Кодекстiң 220-бабының он үшінші, 13-1, 13-3 және 13-4-бөлiктерiнiң қағидалары бойынша жүргiзiледi. Айрықша жағдайларда, iздестiрiлiп жатқан және (немесе) алып қойылуға жататын объект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлiнуi немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкiн болғанда не iздестiрiлiп жатқан адам жасырынуы мүмкiн болғанда тiнту және алу тергеу судьясының санкциясынсыз, осы Кодекстiң 220-бабының он төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізілуі мүмкiн. Тiнту куәгерлердiң қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда маманның және аудармашының қатысуымен жүргiзiледi.

        Соттың тiнту мен алуды санкциялау қаулысы дереу орындалуға жатады. Тараптар қаулыға келіспеген жағдайда, қаулы шығарылған күннен бастап үш тәулік ішінде тергеу соты арқылы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағымдануға және наразылық келтіруге құқылы.

А. Е. Қиянбекова, Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

«Қазақ халқының татуласу рәсімдері: дәстүр мен рухани үйлесімнің көрінісі»

Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани дүниетанымы мен өмір...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі

Кейнгі көздері «адам өзгерді ме, заман өзгерді ме?» деген...

Алматыдағы балалар колониясынан рақымшылық бойынша алғашқы жасөспірім бостандыққа шықты

Жуырда 16 жасар Жансұлтан “Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына...

Кәмелетке толмаған сотталған балаларға арналған тренинг өтті

 Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесіне «Азаматтардың...