Астана – елдің саяси-экономикалық дамуының, мәдениәлеу меттік өсуінің орталығы боп қоймай, тазалықты мінсіз сақтаудың, қоршаған ортаны қадірлеудің үлгісіне айналуы тиіс. Бұл биік міндетті талай уақыттан бері бас қаладағы «Астана тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талапқа сай атқарып келеді.
Шындығында елордада Ұлт тық статистика бюросының мəліметі бойынша, коммуналдық қалдықтарды жинау жəне шығарумен 31 кəсіпорын мен ұйым айналысады. Біз сөз етіп отырған «Астана тазалық» сол қала тазалығына жауапты мекеменің біреуі ғана. Бірақ, дəл осы ұжым атының жиі аталып, үнемі көпшілік аузында жүретіні тегін емес. Себебі «Астана тазалық» өзіне жүктелген істі жауапты атқаруымен көпшіліктің көңілінен шыққан мекеме. «Мəдениет қашанда əрекетпен өлшенеді. Адамның мəдениеттілігі оның сөйлеген сөзімен емес, күнделікті өмірде жасаған əрекетімен анықталады. Көше шетінде тұрған қоқыс жəшігіне бір қағазды апарып тастау – бір адамның ісі ғана. Бірақ осындай əрекетті мыңдаған адам қайталағанда, бүкіл қаланың бейнесі өзгереді. Бұл – қарапайым, бірақ өте маңызды заңдылық. «Жаман əдет – жұқпалы, жақсы əдет – үлгі» деген қасиетті қағида бар. Сондықтан елімізде «Қала тазалығы» туралы заң жобасын əзірлейтін уақыт келді. Тиісті министрлік бастама көтерсе, бұл іске өз үлесімізді қосуға əрқашан дайынбыз. Аталған заңның басты мақсаты еліміздегі қалалар мен елді мекендерде санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, экологиялық мəдениетті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болуға тиіс. Заң жобасына қоқыс тастау, қоғамдық орындарды ластауға нақты айыппұлдар жүйесін енгізу, мектеп, ЖОО, БАҚ арқылы экологиялық білім беруді күшейту, қалаларда қалдықтарды сұрыптау инфрақұрылымын дамыту туралы арнаулы баптар енгізілуі қажет», – дейді «Астана тазалық» ЖШС-ның бас директоры Замир Сағынов.
Мың жұмысшыны тоғыстырған мекеме
Басшының айтуынша, тарихы 2008 жылдан басталатын бұл ұжымда 2 мыңға жуық адам қызмет етеді. Серіктестік қызметкерлерінің жартысына жуығының еңбек өтілі 1 мен 5 жылдың аралығында болса, 10 пайызының өтілі 5-тен 10 жылға дейін, 8,6 пайызының еңбек өтілі 10-нан 15 жылға дейін, 8 пайызының өтілі 15 жылдан жоғары екен. Бір кездері адасып түрлі саладан нəпақа іздеген адамдардың əрқилы жағдайда бір ұжымда бас қосып, қыстың қақаған аязы мен жаздың шіліңгір ыстығын елең қылмай жүргені мамандықтың жақсы не жаманы жоғын еріксіз мойындататын көрініс. Бастапқы кезде бас қала əкімдігінің бастамасымен құрылған кəсіпорынның негізгі құрылтайшылары қалалық отын-энергетика кешені жəне коммуналдық шаруашылық басқармасы (80 %) мен «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық» АҚ (20 %) болды. Ал 2011 жылдан бері қалалық отынэнергетика кешені жəне коммуналдық шаруашылық басқармасы кəсіпорынның 100 пайыз акциясына ие. Осыған қарамастан «Астана тазалық» өзін-өзі қаржыландыру қағидасымен жұмыс істейтін шаруашылық есептегі кəсіпорын болғандықтан қалалық бюджеттен қаржыландырылмайтынын атап өткен артық болмас.
Коммуналдық сала қызметкерлерінің мәртебесін айқындау маңызды
Астана қаласының ғана емес, еліміздің барлық өңіріндегі коммуналдық қалдықтарды жинау жəне шығарумен айналысатын 811 кəсіпорын мен ұйымның қазіргі таңдағы басты мəселесі тұрғындардың қоршаған ортаны сақтауға қатысты мəдениетін көтеру болып отыр. Өйткені жұртшылық арасында əлі күнге дейін коммуналдық қызмет салаларында еңбек ететін мамандарға қатысты көзқарас əлі төмен. Көпшілік бұл мамандыққа негізінен жоғары білімі мен мамандығы жоқ, тұрмысы төмен адамдар немесе өзге елдерден жұмыс іздеп келген мигранттар ғана барады деп ойлайды. Алайда коммуналдық қызмет дамушы елдердің бəрінде еңбек нарығындағы жаһандық ықпалдастыққа ең алғаш бейімделген сала болып саналады. Онда ешкім ешкімді ұлтына, дініне, жынысына қарай бөлмей, бəрі бір ұжымның тату мүшесіне айналған. Өйткені мұнда əрбір қызметкер өз еңбегінің нəтижесін күнделікті көріп, өзі қызмет ететін саланың қоғамдағы рөлі өзгелерден ерекше екенін басқалардан жақсы біледі. Мəселен, қыстағы қалың қар уақытылы тазаланбаса, жолаушылар мен қоғамдық көліктердің қозғалысы қиындап, кез келген қаланың күнделікті тіршілік ырғағы бұзылады. Өкінішке қарай өзгелер секілді тəуліктің белгілі бір уақытында ғана емес, табиғаттың төтенше жағдайы кезінде күн-түн демей, бір емес бірнеше ауысымда жұмыс жасайтын коммуналдық қызмет жұмысшыларының еңбегі барлық уақытта бірдей ескеріле бермейді. Кейбір елдерде олардың əлеуметтік мəртебесі заңмен бекітіліп, бірқатар жеңілдіктер жасалған. Қазақстанда соңғы жылдары мұғалім, дəрігер мəртебесі туралы қоғамда көп қозғалды да, коммуналдық қызметкерлер жайы назардан тыс қалып қойды. Қоғамдық мəртебе мұғалім, дəрігер, жазушы, журналист, ақын, ғалымға ғана емес, қарапайым еңбек адамынан басталу керек екенін көп адам түсінбеді. Өйткені қоғамда қандай да бір мамандыққа ерекше мəртебе берілетін болса, бұл жастардың өз қабілетіне қарай мамандық таңдауына кері əсер ететінін бəріміз көріп ғана қоймай, оның салдарымен əлі күресіп жүрміз. Жыл сайын олардың жоғары оқу орындарында тегін оқуы үшін бөлінетін мемлекеттік гранттардың дауы əлі басылмай келе жатқаны сондықтан.
Көше тазала андар еңбегі дәріптелуі тиіс
Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жария лаған кезде бұл жаңалыққа ең бірінші қуанғандардың бірі коммуналдық сала қызметкерлері болды. Өйткені еңбек адамы деген кезде ең алдымен көше тазалаушының жұмысы лайықты бағаланып, дəріптелуі тиіс болатын. Өйт кені қала тұрғындарынан бастап респуб ликаның түк піртүкпірінен жəне шет елдерден келетін қонақ тар мен саяхатшылардың көңіл- күйінің көтеріңкі болып, қала мен мемлекетке, оның халқы мен мəдениетіне қатыс ты пікірі мен көзқарасының жақсы болуына көше тазалықшыларының қосар үлесі зор. Бұл бағытта соңғы жылдары əр өңірде түрлі шаралар ұйымдастырылып жатқанымен, оның бəрі əлі белгілі бір жүйеге түсе алмай жүр. Əркім өз мүмкіндігіне қарай сала мамандарын қолдауда. Алайда бұл тұрмысты сана билеген кезеңдегі қоғамның бойына сіңген теріс əдеттерден толық арылуға мүмкіндік бермеуде. Еңбек нарығындағы қазіргі жағдай «Еңбектің наны тəтті, жалқаудың жаны тəтті» дегенді айқын көрсетіп отыр. Бір кездері қарапайым жұмысшы болғым келмейді деп, кейбіреуі бір емес бірнеше жоғары оқу орнын бітірген мыңдаған «дипломды мамандардың» өз елімізде жұмыс таппадым деп теңіздер мен мұхиттарды басып өтіп АҚШ, Англия, Корея сияқты елдерде құлпынай теріп, ешкі бағып, егістікке қарауыл болып жүргенін əлеуметтік желіде жарыса жариялауда. Алайда одан кім, қандай сабақ алды дегенде көңіл қуантарлық өзгеріс аз.
«Астана тазалықта» Әлем кубогының жеңімпазы қызмет жасайды
Наурыз айының 6-11 аралығында Италияның Лидо ди Езоло қаласында кикбоксингтен Əлем кубогы өтті. 46 мемлекеттен 429 спортшы қатысқан бұл байрақты бəсекеде Қазақстан құрамасының мүшесі, «Астана тазалық» мекемесінің қызметкері Бибарыс Сауханбек қола жүлде иегері атанды. Спорттың бұл түрімен 14 жылдан бері айналысып жүрген ол халықаралық дəрежедегі спорт шебері. Бұған дейін Қазақстан чемпионатының 4 дүркін жəне түрлі халықаралық турнирлердің жеңімпазы болып, 2021 жəне 2023 жылдары Əлем кубогының қола жүлдегері атанған болатын. Чемпионның ағасы, Сау ханбек Жансерік Кенжежанұлы да «Астана тазалық» мекемесінде қызмет етеді жəне жастайынан еркін күреске қатысып, түрлі республикалық жарыстардың жүлдегері атанған. Ал əкесі Кенжежан Сау ханбекұлы осында арнайы техниканың жүргізушісі болып еңбек етуде. Яғни, чемпиондардың да таңдауы – «Астана тазалық».
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»