Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай қызметкерлерге арналған танымдық кездесу өтті. Іс-шара барысында аталған мекеменің заңгері Жалғас Есмаханов “Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздер” тақырыбында мазмұнды сөз сөйлеп, қызметкерлерге мемлекеттік нышандар жөнінде жан-жақты түсініктеме берді.

Заңгер өз сөзінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихи мәні мен құқықтық мәртебесіне тоқталып, бұл рәміздердің әрбір азамат үшін қадірлі әрі қастерлі екенін атап өтті.
Жалғас Есмаханов өз сөзінде мемлекеттік рәміздердің жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеудегі маңызы зор екенін айтып, бұл құндылықтарды жүрекпен сезініп, күнделікті өмірде қолдану қажеттігін алға тартты.
Іс-шара соңында қызметкерлер арасында рәміздерге байланысты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, пікір алмасу өтті. Мұндай кездесулер қызметкерлердің отаншылдық рухын арттырып, елдік құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыруға сеп болары анық.

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...