12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік істердің әскери соттарға соттылығы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі-ӘРПК) қолданысқа енгізіліп, елімізде барлық мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар өз қызметтерінде әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру барысында осы Кодекс нормаларын басшылыққа алып жұмыс жасап жатқандарына 4 жылдан астам уақыт өтті. Жалпы алғанда, әкімшілік рәсімдердің міндеттері: — жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру; — жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу; — тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету; — мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау; — жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.

Әскери соттар, егер әскери басқару органдары, әскери бөлім жауапкер болып табылса, мамандандырылған басқа соттардың соттылығына жататын істерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жүрген азаматтардың талап қоюлары бойынша әкімшілік істерді қарайды.

Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әскери сот құрылмаса, оның соттылығына жатқызылған әкімшілік істерді мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар белгіленген тәртіппен қарайды.

Әскери сотта міндетті түрде екі тараптардың әскери орган немесе әскери қызметке қатысы болуы керек. Егерде бір тарап әскери қызметте жұмыс істеп, сосын талап қою кезінде зейнеткер болса ондай әкімшілік істерді мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар қарайды.

Іс жүзінде, әскери органдар, лауазымды адамдар әкімшілік рәсімді қозғап, оларды қарау барысында осы Кодекс талаптарын сақтап жатқан жоқ. Әскери органдардың іс-әрекеті мен қабылданған шешімдеріне қатысты сотқа түсіп жатқан даулар толастамай отыр. Әкімшілік органдар тарапынан қандай кемшіліктер мен заң бұзушылықтарға жол беріліп жатыр? Сотқа түсіп жатқан жария құқықтық даулардың басым көпшілігі жолданымдарды қарау барысында әкімшілік органдар тарапынан әкімшілік рәсімдерді жүргізу тәртібі мен қағидаттарының бұзылуына қатысты болып отыр. Соның ішінде, сотқа талап қою арызын берудің негізі болып отырған мәселелердің бірі – әкімшілік органдармен ӘРПК-нің 70-бабының талаптарының сақталмауы. Сондай-ақ, әскери орган, лауазымды адам өз бастамасы бойынша қозғалған әкімшілік рәсімді, егер әкімшілік рәсімді жүзеге асыру оны қозғауға негіз болған мән-жайлардың өзгеруіне байланысты қажет болмай қалса немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа негіздер бойынша тоқтата алады. Әкімшілік рәсім әскери органның, лауазымды қызметшінің шешімімен тоқтатылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әкімшілік рәсімге қатысушыға хабарланады. Әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін. Мұнда, тоқтатылған рәсім бойынша арыз иесі қайта жолданым бере алмайды деген сөз емес, заң талаптарына сай бере алады, алайда, алдыңғы жолданымда көрсетілгеннен басқа жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бар болса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралған мәселе бойынша қайта жолданым беруге құқылы. Сот тәжірибесінде, талап қоюшылар әкімшілік рәсімді тоқтату мәселелері бойынша әкімшілік органның іс-әрекетін даулаған талап арыздар түспеген, оның себебі әскери органдар әкімшілік рәсімді тоқтату негіздемелері болса да, мысалы, жолданымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша шешімі бар болғанына қарамастан, дәл сол жолданымды қайта қарап, тиісті шешімдердің бірін қабылдап жатыр. Сондықтан, осы мәселелерге де ден қойып, әрбір түскен жолданымдарды мұқият қарап, зерделеп отыруды қажет етеді. Сол себептен, сотпен әскери бөлімнің өкілдерімен осы тақырыпта дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп, онда сот тәжірибесінде кездесіп жатқан нақты мәселелерге тоқталып, азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен жария құқықтық қарым қатынасы кезіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, түсіп жатқан жолданымдарды заң аясында қарап, жіберілген кемшіліктерді түзеп, келешекте болдырмау мақсатында бірлесіп жұмыс жасауға шақырудамыз, себебі мақсатымыз бір, жария құқықтық қарым қатынас кезінде заңдылық сақтау, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын бұзбау, бұзылған болса, сол құқықтарды қалпына келтіру болып табылады.

Алматы гарнизоны әскери сотының

бас маманы- сот отырысының хатшысы

Е.Б. Динистанов

Дербес кассациялық соттарды құру заман талабы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, еліміз сот-құқықтық реформаларды...

Алқабилердiң құқықтық жағдайы және олардың мәртебесi

           Қабылданып жатқан заңдарға көз тігетін болсақ, Қазақстан Республикасында...

Процестегі тәртіп: кім және қалай қамтамасыз етеді?

           Сот залы – әділдік пен заң үстемдік құратын...

Неке бұзудың қоғамға зияны

Отбасы – қоғамның іргетасы, ұлттың ұйытқысы. Мықты мемлекет –...

Моральдық және материалдық зиянды өтеу

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне (әрі қарай – АК) сәйкес,...