12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судья – әділдік айнасы

Қазақстан – құқықтың мемлекет болғандықтан, мемлекетіміздің басты кейіпкері соттар екені белгілі. Халқымызда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген аталы сөз бар. Мұның мағынасы – билік айтушы ешкімді алаламайтын, адал, қара қылды қақ жарған әділ болу деген бабадан қалған астарлы ұғым. Көрнекті ғалым Салық Зиманов «Би – дала төсіндегі әділдіктің басты жаршысы, қара қылды қақ жарған төреші, үлгілі жол-жоралғыларды түзе білген заң шығарушы, өрелі сөзді өрнектеген ақын, қызыл тілдің тезімен талайды пәтуаға келтірген шешен, қысылтаяң тұста тіл қаруы мен найзасын қолына қатар ұстаған батыр», деген. Судьялар да даулы мәселелерде түйінді шеше білетін, әділдікті ту еткен тұлғалар. Біздің бүгінгі сот билігіміз Ұлы дала өркениетінде сот билігінің қалыптасуы мен белсенді дамуында билер соты ерекше орын алған билер институтынан тамыр тартатыны белгілі. Даланың дана билерінің төрелік етер тұсындағы негізгі және үлкен қаруы «сөз» болған. Қандай да бір дау-дамайдың түйінін кесімді түрде кесекті сөзбен ғана шешіп отырған.

Дүйім жұрт та уәжді сөзге тоқтаған. Ең бастысы, бүгінгі күннің болашақ судьясын – өмір талабына сай, сот тәлімгерлік тәжірибеден, өндірістен өткен, адамгершілік, ар-ождан тазалығын, патриоттық сезімін, тәлім-тәрбиесін және өмірлік ұстанымдарын ескере отырып, жан-жақты білімді және білікті жастардан жасақтау қажеттігі – сот тәуелсіздігінің бір көрінісі ретінде жасалған оң қадам. Сот жүйесінің дәл қазіргі уақыттағы жеткен басты биігі – халықтың сотқа деген сенімінің артуы. Сотына сенген ел өзінің келешегіне сенеді, балаларына алаңдамайды, мемлекетті сыйлайды, кәсібін уайымсыз жасап тәртіпке бас иеді. Халық сотқа соңғы үмітін арқалап келеді, әділдік сұрайды егер сот шешіміне көңілі толмаса бүкіл мемлекетке өкпе қалыптасады.

Сондықтан сот жүйесін одан әрі жетілдірудегі басым бағыттардың бірі және бірегейі соттың ашықтығы, жариялылығы, халық пен сот арасында екіжақты байланысты бекемдеу болып қала бермек.  Яғни соттардың шешімдері әділ болса, қоғамның мемлекетке деген сенімді көзқарасы арта түсері анық. Сот беделі сот шешімдерінің әділдігіне, судьялардың кәсіби біліктілігіне, ұстанған ұстанымы мен жеке басының қасиеттеріне байланысты. Әділдікті іздеген әрбір жүгініске судья ізгілікпен қарап, әділ билік айтудың үлгісін қалыптастыруға міндетті. Сондықтан мемлекетімізде сот жүйесі тек әділдікке негізделуі керек.

Судьялардың риясыздығына ешкімнің де күмәні болмауы керек. Ал, бұл судьялардың өздеріне байланысты. Тек осындай жағдайда ғана қазақстандық сот қоғамдағы әділдіктің басты көзіне айналып, халықтың алғысын иеленеді.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы А.Ахибаев

Кибералаяқтық бақылауда: полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын...

Электрондық бақылау құралдары

Электрондық бақылау құралдары (ЭБҚ) — қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарды бақылау...

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню в...

№3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

ҚАЖ Департаментінің №3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын...

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамерті...