12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Абай Құнанбаев сөзбен қалай емдеген немесе Зере әжесі берген есім оған қалай бекітілді?!

Қазақтың ұлы ойшылы және ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына.

     Али Апшерони айтқандай: «Даналықты табу қиын процесс, сондықтан әлемде даналықтың көптеген анықтамалары бар. Мүмкін, оны іздеушілер сияқты, өйткені әркім өмірді басқаларға қарағанда басқаша көреді».  Абайдың шын аты-Ибраһим. Бірақ оған өнерге деген ерте ұмтылысқа әсер еткен адам Зере әжесі берген Абай лақап аты өмір бойы орнықты. Әжесі оның алғашқы мұғалімі болды және немересіне білімге деген құштарлықты оята алды. Ақылды Зере әлемді нәзік қабылдаған және халықтық ауызша сөздік қазынасына ие болған. Лао Цзы: «Дана адам өзін жарыққа шығармайды, сондықтан ол жарқырайды; ол өзі туралы айтпайды, сондықтан ол даңқты; ол өзін дәріптемейді, сондықтан ол лайықты, өзін көтермейді, сондықтан ол басқалардың арасында үлкен» дегендей. Өнер -бұл бір нәрсені білу немесе үйрену ғана емес, бұл құтқаруға, емдеуге және адамның жылуын беруге болатын өмір.

       Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітабынан үзңнді:

      «- Әже-ау, былтыр мұндай емес ең… Құлағыңа не болған, неге естімейсің? — деді.

       Көптің ортасында отырса да, еріксіз жапа-жалғыз боп оқшауланып қалған әжесіне жаны ашып, құшақтап алдына жантайды.  Әжесі түсінді де, аз ғана босаңсып:

      — Балам-ай, әжеңде қуыс кеуде болмаса, не сымбат қалды? — деп, өзінің дағдылы мұң-шыңына қарай беттеп еді. Баласы қимады.

      — Жазыла ма өзі? Емдесе қайтеді? — деді. Үй іші де, әжесі де құр күліп қана қойды. Кәрі шеше күле отырып, баласының талабы қайтпасын дегендей қып:  

      — Үшкірсе, кейде ашылып қалады. Үшкірген жағады, — деді.

      — Үшкірсе, мына балаң молда боп келді ғой. Үшкірт балаңа, — деп, Айғыз күлді. — Үшкірсін, баласы үшкіріп берсін.

        — Сорлы кәрінің көңліне о да болса демеу ғой!.. — деп үйдегі үлкендер, әсіресе, жеңгелер Абайдан шын бірдемені дәметкендей.

        Абай бұған ішінен ыза болды. «Үшкіру, ішірткі жазу, қасида оқу» молдалықтың ел үйренген дағдысы екені рас. Бала көңліне қатты жиренішті көрінетін балгер, құшынаш сияқты, бақсымен тең молда, қожа аз емес. Абай соны еске алып, өз жайын мысқылдағандай болып, аз күлімсіреп отырды да, бір кезде оқыстан, әжесінің басын құшақтай ап, сыбырлай күбірлеп, бір нәрсені шұбырта жөнелді. Жұрт аңыра қарап отырып, басында дұғалық оқып жатыр екен деп еді. Кәдімгі молдадай шарт жүгініп алып, түсін томсартып жіберіп, шешесіне төніп отырып:

                               Юзі раушан, көзі гауһар,

                              Лағылдек бет ұшы ахмар.

                             Тамағы қардан әм биһтар

                            Қашың, құдрәт, қоли шиға.

    — деп, көпшілік ұға қоймайтын өлеңді шұбырта беріп, даусын «тәбәрәк» оқыған молдаларша ұзайта созды.

                        Мұбада болса ол бір кәз

                        Тамаша қылса юзма-юз…

                        Кетіп қуат, юмылып көз,

                       Бойың сал-сал бола нига?

     — деп кеп көзін жұмып, ернін жыбырлатып, әжесінің құлағын ашып «су-ф!» деп қойды.

         Бұл өзінің, биыл осы көктемде Науаи, Фзулиді оқып жүріп жазған өлеңі болатын. Отырғандар әлі де дел-салда. Күдік етушіден де шын дұғалық екен деушілер көп. Бала солардың шама-шарқын танып, мысқыл еткендей боп алдаңқырап келді де, енді шынын танытпақ боп, даусын ашық етіп қатайтып алды. Тағы да көзін жұмып, түсін томсартып, құран аударған молдадай, ілгері кейін теңселе беріп:

                              Ұшады бозша торғай көдені ықтап,

                              Басасың аяғыңды нықтап-нықтап,

                             Кәрі әжем естімейді, нана берсін,

                             Берейін өлеңіммен шын ұшықтап…

 — деп кеп, тағы да «су-ф-ф!» деп қойды.».

      Бұл жерде Абай бала болса да өзінің ой өрісінің кеңдігін, даналығын көрсетіп тұр.

      Лақап есім -антропонимнің бір түрі, адамға оның өзіне тән белгісіне немесе кәсібіне, өміріне ілесіп жүретін жағдайға немесе қандай да бір ұқсастыққа сәйкес айналасындағы адамдар қойған қосымша есім.

      Мүмкін қойылған аттың да мағынасы адам өміріне әсер ететін шығар.    Сондықтан «Зере» деген әжесінің аты нені білдіретіні мені қызықтырып, «Қазақ сөздігіне» көз жүгірттім. (2013 жылғы 106 000 сөзден тұратын біртомдық  «Қазақ сөздігінде» «Зере» -көп мағынада көрсетілген: тіреу, тұғыр;  орта ғасырлардағы түркілердің ұрыста жау жебесін денесіне дарытпау үшін киіп шығатын шынжыр сауытының бір түрі; қазақ батырларының бір қабат киім сыртынан киетін әртүрлі металдардан үзбелестіріп тоқыған ертеректегі сауыты; іші қуыс, өзі ұзын, сәукелемен киетін баскиім).     

       «Абай» атын берген «Зере» әжесі өз өнерсүйгіштігін, данышпандығын Абай Құнанбаевқа жалғастыру үшін бергендей.

       Ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаев биыл 180 жасқа толады. Өзі жоқ болса да қалдырған дана сөздерімен өмір сүруде.

                                 Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                                   істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

                                        сотының жетекші маманы Г. Ходжабекова

Приоритеты аграрной политики 

Туркестанская область, обладая богатым сельскохозяйственным потенциалом и разнообразием природных...

Жилье – нуждающимся семьям 

В канун Дня Победы в городе Жанаозен Мангистауской области...

Строительство детского сада

Как сообщает пресс-служба акимата области Абай, в микрорайоне Карагайлы...

Торжественное открытие музея

В Таразе состоялось торжественное открытие музея, посвященного легендарному полководцу,...