12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЫНТЫМАҚТЫ ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ МОЛ

Бірлік түбі – тірлік. Өзара сенім мен ынтымақтастық жоқ жерде қарсылық пен түсініспеушілік туындайды. Қазіргі сын-қатерлерді тек татулық, ортақ мүддедегі ауызбіршілікпен ғана еңсеріп, елдік мұраттарға жете аламыз. Өзара біте қайнасқан әлемде ғаламдық мәселелерді шешудің бұдан басқа жолы жоқ.

Сондықтан прагматизм мен өзара құрметке, теңдікке, әділдікке, ешкімді алаламауға негізделген сындарлы келіссөздер мен тұрақты байланыстар халықаралық жағдайды оңалтып, шиеленістердің түйінін тарқатады. Бүгінгі Бірлік күнінің миссиясы – елді ынтымаққа үндеу, халықтар достығын паш ету. Қазақстандағы барша жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір қауым ежелден-ақ осы идеяның маңында топтасып келеді. Бұл, әрине, елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың арқасы. Бүгінде еліміздегі осы ынтымақ бүкіл әлем халқына үлгі болып отыр. Бұл тұрғыда бірегей ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты.

«Бірлігіміз – әралуандықта»

Алқалы ұйымның Бірлік мейрамы қарсаңында өткен XXXIV сессиясында сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін айрықша маңызға ие болып отырған Бірлік құндылығының мән-маңызын атап өтіп, оны сақтаудың, нығайтудың жаңа міндеттерін айқындап берді. Бұл орайда әрине, Ассамблеяның рөлі атап көрсетілді. Президенттің айтуынша, Ассамблея қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыру мен ұлттық бірегейлікті бекіту ісінде баламасы жоқ басты платформаға айналды және алдағы уақытта да солай болып қала береді. ҚХА мүшелері күн сайын көзге көрінбейтін, бірден нәтиже бермейтін, алайда ұзақ мерзімді, стратегиялық тұрғыда ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, былтыр көктемгі су тасқыны кезінде азаматтарымыз зардап шеккен жандарға көмек қолын созып, ырысты ынтымақ пен бірліктің тамаша үлгісін көрсетті. Ассамблея қоғамда кәсібилік және еңбекқорлық құндылықтарын дәріптеуге белсене атсалысуда. Осылайша, Ассамблея бүгінде қоғамдық келісімнің бірегей инфрақұрылымын қалыптастырған қуатты тармақтары бар институтқа айналды. Ассамблеяның арқасында еліміздегі барлық этностар Қазақстандағы оң өзгерістердің бел ортасында жүр. Ассамблея – мемлекеттігімізге арқау болған аса маңызды құрылым. Бұл – Ассамблеяға артылатын жүктің салмағы да жеңіл емес деген сөз. Ұлттық мүдделерімізді қорғап, егемендігімізді нығайту – қастерлі парыз. Ассамблея барша азаматтарды ортақ құндылықтар мен мақсаттарға жұмылдыратын жалпыхалықтық орган ретінде жұмыс істеуі керек. Басты міндет – Қазақстан халқының татулығы мен ауызбіршілігін, мемлекетіміздің тұтастығы мен киелі Тәуелсіздігімізді нығайту. Осы орайда «Қазір бүкіл әлемнің болашағы бұлыңғыр болып тұр. Осы алмағайып заманда стратегиялық бағдарымызға сай әрекет ету – алдымызда тұрған аса маңызды міндет. Біз қолға алған ауқымды жобаларды жүзеге асыра береміз. Елімізге инвестиция тартып, өнеркәсіп саласындағы әлеуетімізді арттырамыз. Біз қазіргі ахуалды ескере отырып, ұзақ мерзімге арналған мақсаттарымызға қол жеткізу үшін тиянақты әрі тиімді жұмыс істеуіміз керек» деді. Мемлекет басшысының айтуынша, Ассамблея аймақтардағы жұмысты жандандыруы керек. Былтыр еліміздің рухани және тарихи-мәдени ордасы – Түркістанда жаңа Достық үйі ашылды. Енді осындай Достық үйін халық тығыз қоныстанған Алматы облысында салу қажет. Бұл ғимарат аймақтың қоғамдық өмірі үшін өте маңызды орталық болмақ. Түрлі этнос өкілдері тұратын Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов және басқа да аудандарда ашу керек. Осылайша қоғамдық келісім инфрақұрылымын біртіндеп кеңейте беру керек. Ақпараттық кеңістікте бірлік мен келісім идеяларын кеңінен дәріптеу де айрықша маңызды. Бұл – Ассамблеяның барлық құрылымына, әсіресе, журналистер клубына қатысты кезек күттірмейтін міндет. Салалық министрлік, өңір әкімдері ҚХА журналистер клубының құрамына жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қосып, клуб жұмысының бірыңғай алгоритмін жасауы керек. Қазақстандағы этностардың тілінде шығатын, ең алдымен, өңірлердегі бұқаралық ақпарат құралдарына жүйелі түрде қолдау көрсеткен жөн.

«Бірлігіміз – әралуандықта»

қағидатын жүзеге асыру үшін мәдениет пен өнердің әлеуетін де толық пайдаланған дұрыс. Александр Пушкин, Тарас Шевченко, Федор Достоевский, Михаил Шолохов және басқа да тұлғалардың музейлері – Қазақстан мәдениетінің баға жетпес қазынасын толықтырып тұр. Бұл музейлерді көпшілікке таныту үшін экспозицияларын Астана мен Алматыда және басқа да қалаларда ұйымдастыру маңызды. Кейбір этномәдени бірлестіктер бірегей өнер және этнографиялық жеке коллекцияларды жинады. Бұл да еліміздің мәдени мұрасына айналуға тиіс. Аталған нақты міндеттерді жүзеге асыру ұлтаралық қарым-қатынас сияқты маңызды әрі нәзік салада, жалпы идеология бағытында атқарылып жатқан ауқымды істерді жаңа мазмұнмен толықтыратыны сөзсіз. Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және солай болып қала береді. Қазақстанда келісім, төзімділік, достық ұғымдары құр ұран емес, азаматтардың күнделікті өмір салтына айналған құндылық. Ауқымды қақтығыстар, сауда соғыстары, адам өмірінің құнсыздануы кезеңінде бейбітшіліктің қадірі ерекше арта түсті. Өйткені, бұл – дамудың басты кепілі. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы маңызды саланы жіті назарда ұстауы керек. Этносаралық және конфессияаралық қатынас мәселесін ешқашан саясат немесе түрлі арандату құралына айналдыруға болмайды. Бұл – мемлекеттің де, бүкіл қоғамның да бұлжымас қағидасы. «Біз – әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз» Қазақстанда адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсіту ешқашан болған емес, болмайды да. Барша азаматтарға бірдей мүмкіндік берілген. Бұл – нағыз әділдік, әділетті мемлекеттің ажырамас бөлігі. Елдің бірлігі мен татулығы ең негізгі құндылықтарымыздың қатарындағы мемлекеттік саясаттың басты тұғыры. Болашақта да солай болмақ. Осы стратегияның арқасында түрлі этнос өкілдері бір шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Отаншылдық, азаматшылдық, өзара сенім мен жауапкершілік – Қазақстан халқының жалпыұлттық бірегей болмысын айқындайтын құндылықтар. Қазақ жерінде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері өздерінің тілін, мәдениетін және салт-дәстүрлерін жан-жақты дамыта алады. Оған қажетті барлық жағдай жасалған. Біз біреуге еліктеп, жан-жағымызға жалтақтаған емеспіз. Ең бастысы, ұлтаралық қатынастар саласында озық әдіс-тәсілдерді қолданып, тек алға қарай жүрдік, болашақта да солай болу керек. Соның арқасында біздің елімізде қалыптасқан қоғам-дық келісім үлгісі шын мәнінде біздің халықаралық «брендімізге», бетке ұстар жетістігімізге айналды. Мемлекет басшысы бұл алқалы жиында мемлекеттік тілге қатысты өз ұстанымын білдірді. Президенттің айтуынша, қазақ тілі этносаралық тіл ретінде, халықтар ынтымағының дәнекеріне айналуы тиіс. Осы орайда «Этносаралық қатынастар мен ұлттық бірліктің бүкіл құрылымы «Біз – әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз» деген мызғымас қағидаға негізделген. Мемлекет азаматтардың ұлтына, діни нанымына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамай, бәріне бірдей әділ әрі тең жағдай жасайды. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы. Біз популистік асығыс шешімдерден бойымызды аулақ ұстаймыз. Әрқашан нақты жағдайға қарап, байыпты саясатты басшылыққа аламыз. Бұл, ең алдымен, мемлекеттік тілдің мәртебесін этносаралық қатынас тілі ретінде бекіту мәселесіне тікелей қатысты» деді. Бірлік, отаншылдық, тәуелсіздік және келісім – мемлекетіміздің негізгі құндылықтары. Бәрі де осы құндылықтардан басталады. Осы орайда Президент халқымыздың татулығын бұзып, ел ішіне іріткі салғысы келетіндер заңға сәйкес қатаң түрде жауапқа тартылады, тиісті жазасын алатынын, ал ынтымақ пен бірлікті нығайтуға үлес қосқан азаматтар әрдайым зор құрметке ие болатынын қадап айтты. Қазіргідей аумалы-төкпелі заманда ауызбіршіліктің қадірі арта түскені сөзсіз. Бейбітшілік пен тұрақтылық – тағдырдың бізге бере салған сыйы емес. Бұл – бір ел, бір халық болып атқарып жатқан қажырлы еңбектің жемісі. Кейбір мемлекеттер үшін этникалық әралуандылық сын-қатердің, сенімсіздік пен төзбеушіліктің белгісі болуы мүмкін. Бірақ бұл біздің жалпыұлттық қазынамыз әрі стратегиялық артықшылығымыз. Ынтымақ – бірлік, диалог, өзара сенім мен құрмет, азаматтық жауапкершілік мұның бәрі елімізді қарқынды дамытудың мызғымас қағидаттары. Осы құндылықтарға арқа сүйей отырып, біз Тәуелсіздіктің зор жетістіктерін сақтап, еселеп, келер ұрпаққа аманаттай аламыз. Сонда ғана Әділетті Қазақстанды құрамыз. Біз өз жерінде тыныштық пен келісімде өмір сүруге болатынын дәлелдеген, өз тағдырын өзі шеше алатынына көптің көзін жеткізген, болашаққа нық қадам басқан біртұтас ұлтпыз. Жұртымыз үшін ең үлкен марапат – елдің тыныштығы. Шын мәнінде, қоғамда татулық болмаса, басқа жұмыстың бәрі бекер болмақ. Береке-бірлігімізді сақтай алмасақ, қастерлі Тәуелсіздігіміздің баянды болуы да екіталай. Сондықтан ең басты мұрат – ынтымақ болмақ!

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Славные традиции страны

В НАШЕЙ РЕСПУБЛИКЕ ЦЕНЯТ УНИКАЛЬНОСТЬ КАЖДОГО ЭТНОСА, ПРОЖИВАЮЩЕГО НА...

Skype 5 мамырдан бастап жұмысын тоқтатады

Microsoft компаниясы аты аңызға айналған Skype қызметін ресми түрде жапқалы жатыр. 2025 жылы 5 мамырдан бастап ол жұмысын тоқтатады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мамырдағы мерекелерге байланысты ХҚКО кестесі өзгере ме?

"Азаматтарға арналған үкімет" Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамырдағы мерекелік күндерге орай жұмыс кестесін жариялады.

Алматыда дабыл жүйесі іске қосылды

"Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіліп жатыр. Сабыр сақтап, белсенді қатысуға шақырамыз!" - деп жазылған хабарламада.

Баж салығы мәселесі: Қазақстан мен АҚШ арасында келіссөздер жүріп жатыр

Қазақстан Дональд Трамп енгізген жоғары тарифті бізге қолданбау бойынша АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатыр.